Бір жағынан бала үшін ортаның маңызын, әр-түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса , екінші жағынан орта көзқарасы оқушының болу мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі,яғни толеранттық мінез құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек. Толерантты мінез–құлықты қалыптастыру елжандылыққа тәрбиелеудің ажырамас бөлігі ретінде
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Қазіргі кезде толеранттық қарым- қатынас тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Себебі заман ағымына қарай адамдардың мінез құлқымен бір- біріне деген қарым – қатынастарыда өзгерді.Адамдар бұрынғы сияқты емес, қазір таңда рухани –адамгершілік қасиеттерін жоғалтып алған сияқты.Өйткені мінез- құлықтары тез ашуланшақ, үлкен- кіші демей ойларында не бар соны айта салу, балағаттау, дөрекі сөйлеу,әр адамның бойында зұлымдық қасиеті көбірек қалыптасып кеткен екені айқын көрініп тұрады.
Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының «болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек.
Бүгінгі таңда әрбір мектеп жасына дейінгі балаларды тек жақсы жағына тәрбиелеудің ең басты құралы - фольклор .Фольклор шығармалары балардың жас ерекшеліктеріне сай, мазмұны жеңіл, әрі қысқа да, нұсқалы болып келеді.Шығармаларды оқу,оның мазмұнын ашып оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін одан әлі жетілдіру, балабақша өмірімен байланысын нығайту мәселелері міндеттеліп отыр.Балалар әдебиетінде берілген фольклор шығармалары өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, фольклор – қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі – тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр.
Баланы шығармамен таныстыру әдетте топта, педагогтпен бірге және де отбасында, ата-ана мен жақындарымен тығыз байланыста өтуі мүмкін, бірақ бұл негізінен баламен бірге оқуға үлкен көңіл бөлетін отбасында ғана болады. Балалар ұнаған шығарманы бірнеше мәрте рахаттана тыңдайды, сондықтан, уақыт өте келе топта және отбасында кітап оқу дәстүрге айналады. Топта және отбасында оқу – баланың кітап және оның маңызы мен рөлі туралы түсініп, кітап оқуға деген қызығушылыққа тәрбиеленеді.
Ертегіні немесе басқа да бағдармалық шығарманы ата-аналармен бірлесе оқудың үлкен маңызы бар және бұл балаларға, ата-аналарға жылы әсер етеді. Үлкендер, балалармен бірге оқығанды талдауға рухани жан-дүниесі байып, мейірлене түседі және бұл өз баласына басқа көзбен қарауға мүмкіндік береді. Бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.
Фольклор шығармалры – бүгінігі ұлттық әдебиетімізде көркемдік-шығармашылық және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды басты назарда ұстап, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамып келе жатқан сала. Бұл салада балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынады. Олардың психологиялық өсу процестері ескеріледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауызы әдебиетіндегі берілген әңгімелер, ертегілер және басқа аңыз әңгімелерді қолдана отырып толеранттық қасиеттерінің: еңбекке, адамгершілікке және шыдамдылыққа тәрбиелейміз.Ал шағын фолклор жанрларын, жатқа айту, оқу, түсіндіру, әңгімелеу барысында әдемілікке, сыйластыққа, бір – біріне дегн қайырымдылыққа тәрбиелеймсіз.Мысала: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін мәнерлеп оқу арқылы қоғамдық дәуір кезіндегі қазақ халқының салт –дәстүрі мен әдет – ғұрыптың берілуімен өз тілі мен елін, жерін және үлкенді сыйлауға тәрбиелейміз.Жануарлар мен хайуанаттар ертегісін сахналау арқылы әдепке, сыпайлыққа, бір- бірін тыңдауға үйренеміз.