норма-шығармашылық функция - сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік актілерді жасау;
бақылау функциясы – қаржылық бақылау, қаржылық тұрақтылықты бақылау, сақтандырушының құқығын сақтау аясында компанияның қызметіне бақылау, келісім бойынша өз міндеттерін және нормативтік акті талаптарын орындауға сақтандыру аудиторларының қызметін бақылау.
Сақтандыру саласында мемлекеттік ретеудің негізгі міндеттемелері мыналар:
1) Қазақстан Республикасының тұрақты сақтандыру жүйесін құру және қолдану, және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптас-тыру.
2) Сақтандыру рыногын реттеу қағидалары мен әдістерін және сақтандыру қызметіне қадағалау тәртібін белгілейді.
3) Сақтандыру негіздерін заңнамалық түрде бекіту, міндетті сақтан-дырудың түрлерін белгілеу, халықаралық сақтандыру жүйесін Қазақстан Республикасының қатысу принциптерін анықтау.
4) Сақтандырушылардың, сақтанушылардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау.
Сақтандыру аясында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сақтандыру нарығындағы мемлекеттік бақылау, өкілетті және басқа да мемлекеттік органдармен реттеледі.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңымен реттелмейтін басқа да мемлекеттік органдардың өкілеттігі міндетті сақтандыру түрлері барынша сәйкес заңнамалық актілерімен реттеледі. Өкілетті орган сақтандыру аясында өкілетті орган болғандықтан келесідей функцияларды атқарады:
сақтанушылардың және сақтандыру рыногының басқа да қатысушыла-рының заңды мүддесін қорғау, ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұры-лымын қалыптастыру және Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етуі бірнеше мемлекеттік саясат жүргізу;
сақтандыру нарығын реттеудің әдістерімен принциптерін, сақтандыру қызметтерін қадағалаудың ұйымдастыру тәртібін анықтау;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылау құқығын иемденуге, олардың ерікті жойылуына қайта құрылуына рұқсат беру, сақтандыру ұйымдарының филиалдарымен өкілдіктерін Қазақстан Республикасының территориясында, сондай-ақ территориядан тыс жерде де ашуға келісім беру;
сақтандыру қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокеріне, сақтан-дыру рыногында актуарлық қызметімен сақтандыру ұйымының аудитіне лицензия беру;
сақтандыру ұйымы және ондағы жарғылық, жеке капиталдық минималды мөлшері үшін пруденциналды нормативтер мен басқа да міндетті нормалар мен шектерді бекітуі және олардың сақталуына бақылау;
жойылушы сақтандыру ұйымдарының жоюшы (таратушы) комиссиясының қызметіне бақылау жасау;
сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін талдау, бағалау, бақылау;
сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, актуарий және өкілетті аудиторларының реестрін жүргізу;
Ұлттық Банкпен бірлесе отырып, өзінің бақылау және қадағалау функцияларын орындау үшін сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің қаржылық және басқа да есеп берулерінің формаларын, мерзімін және тізімін анықтау;
сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру нарығының басқа да қатысушыларының орындауындағы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабыладау;
сақтандыру қызметі субъектілерін инспекциялау (тексеру) жүргізу;
сақтандыру рыногының кәсіптік қатысушыларына санкциялар жүргізу;
Сақтандыру нарығының кәсіптік қатысушыларына берілген лицензияның күшін тоқтату және қайта шығару туралы шешім қабылдау.
Сақтандыру ұйымының қызметін реттеуде төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету – маңызды шарт болып табылады. Төлемқабілеттілік – ол қаржылық міндеттерін өз уақытында және толығымен орындау қабілеттілігі. Ұйымның төлемқабілеттілік көрсеткіштері олардың жойылуын ескеретін активтер мен қабылдаған міндеттемелер арасындағы нормативтік қатынастардың сақталуы болып табылады. Қаржылық тұрақтылық – ол қаржылық және басқа да сыртқы факторлардың жағымсыз әсерінен сақтандыру және қайта сақтандыру келісімі бойынша қабылданған міндеттемелердің әсер етуінің бүкіл мерзімі ішіндегі өзінің төлемқабілеттілік сақтап қалу қабілеттілігі.
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері мыналар:
жарғылық және жеке капиталдың минималды мөлшері;
активтер құны және олардың диверсификациясының деңгейі;
төлемқабілеттілік көрсеткіштері;
сақтандыру резервтердің және басқа да міндеттемелер мөлшері;
көрсетілетін сақтандыру және қайта сақтандыру қызметтерінің рентабельдігі (пайдалылығы);
іске асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілік және қаржы тұрақтылық деңгейін анықтауда оның активтерінің құны, олардың сапасы және жойылуы боиынша жіктеу есебімен есептеледі. Жеке капитал-сақтандыру резервтері мен басқа да міндеттемелер сомасына азайтылған барлық активтерінің құны. Қаржылық тұрақтылықты және төлемқабілет-тілікті қадағалау-пруденциалды нормативтер мен басқада міндетті нормалар мен шектер бекіту арқылы жүргізіледі.
Пруденциалды нормативтер өкілетті органдармен бекітіледі және мыналарды қамтиды:
Төлемқабілеттілік нормативтері;
Қаржылық тұрақтылық нормативтері.
Сақтандыру және қайта сақтандырудың жеке келісімдері бойынша міндеттемелердің максималды көлемі жеке капитал мен сақтандыру резервтері сомасынан 10%-ға артуы мүмкін емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жойылуы – банкроттыққа ұшырау негізінде өкілетті органмен бекітілген нормативтік құқықтық актілер және заң ерекшеліктерімен ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Ол келесі негіздемелер бойынша жойылуы мүмкүн:
өкілетті органның рұқсатымен құрылтайшылардың шешімі бойынша (ерікті жойылу);
ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда сот шешімі бойынша.