1. Сақтандыру ұйымының табысы мен шығыстарына не жатады?
2. Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақты-лығы қалай анықталады?
3. Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығына қандай ішкі және сырт-қы факторлар әсер етеді.
4. Қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілікті қамтамасыз ету әдіс-тері қандай?
5. Сақтандыру ұйымының инвестициялық табысына сипаттама беріңіз?
10 CАҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
10.1 Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің қызметтері мен міндеттері
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды Уәкілетті орган жүзеге асырады. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері:
Тұрақты сақтандыру жүйесін жасау және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру;
Сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалау;
Сақтандыру негіздерін сақтандыру заңнамасымен баянды ету;
Сақтандыру нарығының қатысушысының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Уәкілетті органның атқаратын қызмет түрлері:
Сақтандыру нарығын реттеудің қағидаларын мен әдістерін, Сақтан-дыру нарығының қызметін қадағалау мен ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
Сақтандыру ұйымын құруға рұқсат береді;
Сақтандыру ұйымын өз еркімен қайта ұйымдастыруына және таратылуына келісім береді;
Лицензия беру тәртібін айқындайды;
Берілген лицензияларды тоқтатуға және айыруға шешім қабылдайды;
Пруденциалды нормативтерді және нормалар мен лимиттерді, жарғы-лық капитал көлемін белгідейді;
Басшы қызметкерлердің тағайындалуына келісім береді;
Нарыққа қатысушылардың тізілімін жасайды;
Нарыққа кәсіби қатысушылардыңа санкция мен ықпал ету шараларын қолданады;
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау мен қадағалау қызметі үшін қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді алуға құқылы.
Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру топтары-ның қызметін тексеруді Уәкілетті орган өз бетінше мемлекеттік органды және ұйымдарды тарта отырып жүргізеді. Сақтандыру ұйымдарын тексеруді жүргізуге қажетті дерек көздерімен қамтамасыз етуге міндетті. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар тексеру барысында алған сақтандыру құпиясын немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты. Тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар анықталған бұзушылықтар туралы Уәкілетті органға хабардар етуі қажет.