Сақтандыру ұйымының табысы – сақтандыру және өзге де заңмен тыйым салынбаған қызметтерді жүзеге асыру нәтижесінде түсетін ақша қаражат-тарының жиынтық сомасы. Сақтандыру қызметінен түсетін табыстардың басты элементі – сақтандыру жарналары және сақтандыру сыйақылары.
Сақтандыру ұйымының табыс көлемі сақтандыру портфелінің құрамы мен құрылымына, тарифтік саясатына, маркетингтік стратегиясына және басқа да факторларға байланысты.
Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақыларын жинақтауы объективті факторлармен айқындалады, яғни нарық коньюктурасымен заңнамалық нормативтік құқықтық база салық салу жүйесінен мемлекеттің әлеуметтік қорғаудың даму деңгейімен және т.б.
Аталған факторлар сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерінің ағынын арттырып немесе тежеп отырады.
Сақтандыру ұйымының табыстарын 3 топқа жіктейміз:
1. Сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты табыстар:
Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары
Сақтандыру бойынша сыйақы
Сақтандыру агенті және брокерінің көрсеткен қызметі үшін сыйақы
2. Инвестициялық қызметтен түскен өзге де табыстар – инвестициялық табыс сақтандыру ұйымы үшін маңызды табыс көзі болып табылады. Сақтандыру операциялары бойынша шығынды жабуға мүмкіндік береді, инвестициялық табыстарға банктік салымдар бойынша сыйақы, акция бойынша дивидент, бағалы қағаздар бойынша табыс және т.б. жатады.
3. Өзге де табыстар – негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен өзге де активтерді сатудан түскен табыс, мүлікті жалға беруден түскен түсім, сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты емес, заңға қайшы келмейтін қызметтерді жүзеге асырумен байланысты табыс.
Сақтандыру шартының жіктелімі:
Сақтандыру келісімшартын дайындаумен байланысты шығыстар;
Сақтандыру келісімшартын жасау және орындаумен байланысты шығыстар;
Сақтандыру оқиғасы болған жағдайдағы шығыстар;
Сақтандыру қызметімен байланысты емес шығыстар және ағымдағы шығыстар.
Сақтандыру келісімшартын жасағанға дейін немесе сақтандыру өнімін өткізгенге дейін сақтандыру ұйымы жарнама, өнімді нарықта өткізу, келісім-шартты дайындау тәуекелді бағалау, кеңес берумен байланысты шығыстар, келісімшартты жасау, оны жүргізу және орындау көп шығындармен байла-нысады. Келісімшарт орындаумен байланысты шығындардың негізі залалды қаржыландыру және сақтандыру өтемақысын қамтамасыз етумен байланысты.
Сақтандыру ұйымының қаржы қорлары меншікті капитал мен тартылған капиталынан тұрады. Сақтандыру компаниялары сақтандыру резервтерін қалыптастырады. Сақтандыру резервтерінің мақсаты және оларды қалыптас-тыру тәртібі әр түрлі.
Сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерінің болуы міндетті. Сақтандыру резервтерінің қаражаты қолданылып жүрген сақтан-дыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орын-дауға байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған. Сақтан-дыру резервтері әрбір сақтандыру шарты бойынша және әрбір сақтандыру сыныбы бойынша жеке қалыптастырылады. Сақтандыру ұйымының қалып-тасуы міндетті болып табылатын сақтандыру резервтерінің түрлері:
Шығындар резервтері;
Күтпеген тәуекелдер резервтері;
Тұрақтандыру резервтері.
Сақтандыру ұйымының меншік қаражатының жеткілікті болуы оның төлем қабілеттілігіне 2 жағдайда кепілдік береді:
Сақтандыру резервтерінің болуы;
Дұрыс инвестициялық саясатының болуы.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін қамтамасыз етудің міндетті шарты активтер мен міндеттемелердің нақты арақатынастарының сақталуы. Қаржылық тұрақтылық бұл сақтандыру ұйымының қабылдаған міндеттеме-лерін сөзсіз орындауды қамтамасыз ету мүмкіндігі. Қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір сақтандыру ұйымы өзінің міндеттемелерін орындауға жететіндей қорды қалыптастыру керек.
Қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілікті қамтамасыз ету әдістері: