Сақтандыру жарнасы үш тұрғыдан қарастырылады: экономикалық, заңна-малық және математикалық.Сақтандыру жарнасының экономикалық мәні жағымсыз оқиғалардың зиянды әсерінен өз мүдделерін сақтау мақсатында сақтанушымен бөлінетін ұлттық табыстың бөлігі ретінде көрінеді. Заңнама-лық тұрғыдан сақтандыру жарнасы сақтандыру жауапкершілігінің ақшалай көрінісі деп анықталған, сақтандыру шартын жасасушылармен расталады. Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандыру-шыға кезенді қайталанатын төлемі.
Онда Рх=В/Ах,егер, сақтаныдыру жарналары өмір бойы төленсе, немесе:
Рх=В/LtАх, егер, сақтаныдыру жарналары мерзімді болса.
Келтірілген формулалар сақтандыру жарнасы математикалық мағынада тек орташа шама ретінде көрініс табуы мүмкін, яғни сақтандыру портфелінің бір полисіне сәйкес келетін сақтандырушының барлық міндеттемелерінің бөлігі ретінде.
Сақтандыру жарнасы сақтандырушы жауапкершілігі сақтандыру жиын-тығының ішінде бөлек алынған бірліктерге бөлінуін көрсетеді. Оның көлемі көптеген факторларға тәуелді. Бәрінен бұрын жеке және мүліктік сақтан-дырудың салалық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке сақтандыру бойынша нетто-ставканы анықтағанда өлім, мүгедектік, зақым ауру ықтималдығын болжау керек. Шарттың сақтандыру сомасының көлемі және пайда нормасы назарға алынады. Мүліктік сақтандыру бойынша нетто-ставканы анықта-ғанда келесі факторлар ескеріледі:
Мүліктік сақтандыруда маңызды еместігіне байланысты пайда нормасы назарға алынбайды. Сақтандыру жарнасы өзінің арнауына байланысты келесі түрлерге бөлінеді: тәуекел сыйлығы, жинақтау сыйлығы, нетто сыйлығы (жарна), брутто сыйлығы. Тәуекел сыйлығы – тәуекелді жабуға арналған ақшалай түрде сақтандыру жарнасының бір бөлігін білдіретін таза нетто- сыйлық. Тәуекел сыйлығының көлемі сақтандыру оқиғасының ықтималдық дәрежесіне тәуелді. Тәуекел жарнасының тәуекелдің уақыт және кеңістікте болуы ықтималдығының туындысы ретінде қарастыруға болады.
Жинақтау сыйлығы өмірді сақтандыру шарттарында болады. Ол сақтан-дыру мерзімі аяқталғанда сақтандырушының төлемдерін жабуға арналған. Жинақтау сыйлығының көлемі сақтандыру шартының жұмыс атқару мерзі-мінде өзгеруі мүмкін. Тәуекел сыйлығы мен жинақтау сыйлығын үйлестіру және сақтандыру жағдайларын нетто-сыйлық сақтандыру шартының жұмысын атқару мерзімінде өзгермейтіндей құру қажет. Нетто-сыйлығының белгіленген көлемі уақыт өткен сайын тәуекелдің өсуіне байланасты тәуекел сыйлығы көбейеді, ал жинақтау сыйлығы азаяды. Мұндай жағдайда нетто- сыйлық құрылғыларының жалпы тепе-теңдігін қолдайды.
Нетто-сыйлық – сақтандырудың берілген түріне белгілі уақыт аралығын-да сақтандыру төлемдерін жабуға қажетті сақтандыру жарнасының бөлігі. Нетто-сыйлық көлемі тәуекел дамуына тура тәуелді. Нетто-сыйлық тәуекел сыйлығына тең болады, егер тәуекел дамуының жалпы жоспарлығы орын алса. Бірақ сақтандыру жарнасы берілген төлемдердің орташа мөлшері бол-ғандықтан, оның оң және теріс ауытқулары болуы мүмкін. Кепілдік үстемесі мүмкін ауытқулардың орнын толықтыруы тәуекел сыйлығына жасалады.
Жеткілікті сыйлық сақтандырушының шығындарына кіретін нетто-сыйлықпен жүктеме сомасына тең болады. Жектілікті сыйлық брутто-сыйлық немесе тарифктік қойылым ретінде қарастырылуы мүмкін.
Брутто-сыйлық – сақтандырушының тарифтік қойылымы. Алдын алу шараларын жүргізу, жарнама және насихат, сақтандарудың зиянды түрлерінің шығындарын жабу және басқалармен байланысты жеткілікті жарна мен шығындарды жабу үстемдерінен құралған. Брутто – қойылымға кіретін әрбір үстемелік элемент, тарифтік қойылым ставканың өсуіне әкеледі.