17. Сақтандыру объектісі бойынша сақтандыру қалай жіктеледі: А. ерікті және міндетті
В. жеке және мүліктік
Г. ерікті және мүліктік
С. ұлттық және аймақтық
Е. мемлекеттік
18. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың негіздері бойынша сақтандыру нысандары келесідей бөлінеді: А. Ерікті, міндетті
В. Жеке, мүліктік
Г. Жинақтық, жинақтык емес
С. Жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру
Е. Медициналык, аннуитеттік
19. Төмендегілердің қайсысы сақтандыру нарығында сақтандыру делдалы болып табылады: А. сақтандыру брокері
В. сюрвейер
Г. сақтандыру компаниясы
С. аджастер
Е. аудитор
20. Цессия- бұл: А. қайта сақтандыруға тәуекелдерді беру;
В. сақтандырудың жаңа келісімдерін жасау;
Г. сақтандыру келісімін бұзу;
С. сақтандыру полисін жазып беру;
Е. сақтандыру келісім-шартын жасау бойынша келіссөз жүргізу.
ТЕРМИН СӨЗДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕР
Аджастер – функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;
Актуарийлер бірлестігі – өз мүшелерінің мүддесін қорғауды және олардың кәсіби қызметтеріне жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
Андеррайтер – функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;