2.2Тәуекел түрлерінің сипаттамасы Тәуекелдердің келесідей түрлерін қарастырайық:
- саяси тәуекел;
- өндірістік тәуекел;
- коммерциялық тәуекел;
- қаржылық тәуекел;
- техникалық тәуекел;
- салалық тәуекел;
- инновациялық тәуекел.
Саяси тәуекел – мемлекеттік саясат нәтижесінде пайда болуы мүмкін залалдар немесе пайда көлемінің қысқаруы. Ол өкімет бағытының, оның қызметінің басыңқы бағытарының өзгеруі мүмкіндігімен байланысты. Берілген тәуекел түріне есеп жүргізу заң шығару жетілмеген, кәсіпкерлік мәдениетті және дәстүрі жоқ елдерде аса маңызды. Саяси тәуекел кәсіпкерлік қызметке тән, одан бас тартуға болмайды, тек нақты бағалауға және есепке алу керек.
Саяси тәуекелдерді 4-топқа бөлуге болады:
- Бара бар өтем ақысыз ұлттандыру және экспроприация тәуекелі; Ұлттандыру тәуекелін кең мағынада түсіндіріледі – экспроприациядан бастап компания мүлігін мәжбүрлеп сатып алу немесе инвесторларды активтерді басқаруға шығуын шектеу.
- Трансферт тәуекелі жергілікті валютаның айырбастауында мүмкін бола-тын шектеулер. Трансферт тәуекелі жергілікті валютаны шетел валютасына аударумен байланысты. Кәсіпорын қызметі пайдалы болып, пайданы ұлтық валютада алады, бірақ несие бойынша есеп айырысу үшін оны инвестор валю-тасына аудара алмауы мысал бола алады. Оған көптеген себептер болуы мүм-кін, мысалы айырбасқа (конвертациялық) қызметінің мәжбүрлі ұзақ болуы.
- Контрагент – компаниясы болатын мемлекет билігінің іс-әрекетіне байланысты шартты үзу тәуекелі. Шартты үзу тәуекелі шартта көрсетілген айыппұл санкциялары да, арбитраж да, көмек көрсетпейтін жағдайларды ескереді: шарт серіктеске тәуелсіз себептерге байланысты үзіледі, мысалы ұлттық заңдардың өзгеруі.
- Әскери іс әрекеттер және азаматтық тәртіпсіздік тәуекелі нәтижесінде компания шығындары көп болады және ол банкроттыққа ұшырауы мүмкін.
Сонымен қатар саяси тәуекелді мемлекеттік, аймақтық, халықаралық деп бөліуге болады. Мемлекеттік саяси тәуекел компания қызметінің нәтижесіне әсер ететін мемлекеттегі ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығымен сипатталады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайының құлдырау тәуекелі өсіп банкроттыққа дейін әкелуі мүмкін. Аймақтық саяси тәуекел кәсіпкерлік фирмалардың қызмет нәтижесіне ықпал ететін белгілі бір аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздығымен бейнеленеді. Халықаралық саяси тәуекелді есепке алу кәсіпкерлік қызметтің халықаралық нарықта қызмет ететін фирмаларға да, шетелдік серіктестері бар фирмаларға да маңызды.
Кез-келген өндірістік қызмет жаңа техника және технология игерумен, резервтерді іздеумен, өндіріс қарқынын жоғарылатумен байланысты. Бірақ жаңа техника және технология енгізу табиғатқа, адамдарға, өндіріске зиян келтіретін техногендік апат қаупіне әкеледі.
Техникалық тәуекел анықталады:
- өндірісті ұйымдастыру деңгейімен;
- алдын алу шаралардың жүргізілуімен (үнемі жабдық профилактикасы, қауіпсіздік шаралары);
- фирманың өз күшімен жабдықтарды жөндеуді жүргізу мүмкіндігімен. Техникалық тәуекелдерге мыналар жатады:
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде зиян шегу ықтималдығы;
- конструкторлық және технологиялық талдамаларды жүзеге асырғандағы жоспарланған техникалық параметірлерге қол жеткізбеу нәтижесіндегі залал ықтималдығы;
- жаңа талдамалардың нәтижелерін игеруге бермейтін, өндірістің төмен технологиялық мүмкіншіліктер нәтижесінде зиян шегу ықтималдығы;
- құрал-жабдықтардың істен шығуы және бұзылуы нәтижесінің залал ықтималдығы; техникалық тәуекел ішкі тәуекелдер тобына жатады, кәсіпкер осы тәуекелдерге тікелей ықпал ете алады және олардың пайда болуы көбінесе кәсіпкердің қызметіне байланысты.
Өндірістік тәуекел келесілермен байланысты:
қызмет, тауар және өнім өндірумен;
өндірістік қызметтің кез келген нысанын жүзеге асыру процесіндегі шикізатты дұрыс қолданбау, өзіндік құнының өсуі, жұмыс уақытының жоғалуы, өндірістің жаңа әдістерін пайдалану.
Өндірістік тәуекелдің негізгі себептеріне мыналар жатады:
еңбек өнімділігінің төмендеуі, құрал-жабдықтардың тұрып қалуы, еңбек уақытының шығысы, бастапқы материалдардың болмауы, өндірілетін өнімнің жарамсыздық пайызының жоғары болуы нәтижесінде өнім өткізу және жоспарланған өнім көлемінің төмендеуі;
қызмет немесе өнім өткізудің жоспарланған бағаларының төмендеуі, өнім сапасының жеткіліксіз болуы, рыноктық коньюнктураның жағымсыз өзгеруі, сұраныстың төмендуімен байланысты;
энергия, отын, шикізат материалдарды артық жұмсау, сауда, көлік және басқа да жанама шығындардың көбеюі;
жоспарланаған қызметкерлер саны немесе бөлек алынған қызметкер-лерге еңбекақыны көтеру есебінен еңбекақы қорының ұлғаюы;
салық қойылымының фирмаға қолайсыз өзгеруінің нәтижесінде салықтық төлемдер және басқа да аударымдардың өсуі;
өнім жеткізу тәртібінің төмендігі, отын және электроэнергиямен қам-тамасыз етуіндегі іркілістер.
кәсіпорын құрал жабдықтарының физикалық және моральдық тозуы.