94
Бетбақтық – кәсіпкерге қажет қасиет
Инновациялық даму вице-президентімен кездескеніме
кӛп болған жоқ. Бҧл кездесуге қалай қол жеткіздім?
Замануи әлемде әлеуметтік
желілер ғажап нәрселер
жасайды. Оны әлеуметтік желіде тауып алып, министрлік
қызметін сынға алып, сосын кішкене позитив қосып, ӛзіме
назар аударттым. Сектордың дамуына конструктивті
ҧсыныс беруім ҥшін ӛзі кездесуге шақырды. Бҧл адамның
менің бизнесіме қандай пайда әкелетінін білмеймін,
бірақ әріқарай дамуыма септігін
тигізетін жағдайдан бас
тартпаймын.
Ӛжеттілік пен келісе білу – бір-бірімен жақын
жҥреді. Ірі зауыттар мен фабрикаларға барғанымда
адамдарға менімен серіктес болу ӛте маңызды екеніне
сендіруім керек. Оларға перспективаны кӛрсетіп,
нарық
мҥмкіншіліктерін, сату деңгейін айтып, арасында ӛз
тәжірибем мен айналысып жатқан жобаларымен бӛлісемін.
Сіз сҧхбаттасушыңызды қандай мәселе қызықтыратынын
білмейсіз, сондықтан тиімді тҧстардың барлығын айту аса
маңызды және біреуімен сіздің сҧхбаттасушыңызды баулап
алатыныңызға сенімді болыңыз.
Келісе білу қабілетімен ешкім туылмайды. Ол бірнеше
сәтсіздікке ҧшыраған не тиімсіз келісімдерден кейінгі
тәжірибеден, қай кезде ӛжеттілік танытып,
қысымға алу
не аяғын аңдап басып, екінші жақ шарттарымен келісу
керектігін тҥсінгеннен кейін пайда болады.