Арман Тосканбаев Нурдана Кульбаева идеядан бизнеске дейін



Pdf көрінісі
бет49/73
Дата20.08.2023
өлшемі3,41 Mb.
#105410
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
93
 
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
Ең кҥлкілі қателік-бәріне ҧнауға 
тырысу.
Гете И.
 
 
 
Бетбақтық – кәсіпкерге қажет 
қасиет
 
«Сыпайы бол, дӛрекі сӛйлеме, батыл болма, ӛжет 
болма» - кішкентай кезімізден ата-анамыз бізге осылай 
ҥйретті, бірақ мен ешқашан тілалғыш бала болмадым және 
маған бҧл мінезіммен жолым болғанын қазір тҥсіндім.
Егер кәсіпкер сыпайы әрі тым ӛнегелі болса, жетістікке 
ҧзағырақ әрі қиын жетеді. Мен бҧндай қасиеттерден 
аулақпын. Ӛзіме керек адамдардан қалмайтын, кейде 
тым жалықтырғыш боламын. Егер ол табысты кәсіпкер әрі 
одан ҥйренетінім кӛп болса, кездесуімізді сҧрап, сыйлық 
беріп, әлеуметтік желілерге жазамын. Мысалы маған 
Ракишевті кӛшеде кезіктіріп қалсам оған жақындап, 
визиткамды табыстап, немен айналысатынымды айтып 
беру ҧят емес. Бҧны қандай мақсатпен жасаймын? 
Білмеймін. 
Менде 
нақты 
жоспар 
жоқ, 
белгілі 
бизнесменмен танысып не кездескен кезде ӛзіме 
мҥмкіншіліктер ашып, соларды қолданамын. Кейін 
кездесу 
барысында 
менің 
негізгі 
міндетім 
сҧхбаттасушымды қызықтыру боп табылады. Мен оған 
жалығуға мҥмкіншілік бермеуім қажет. Сол кезде менің 
«сатушы» қабілетім қосылып, клиенттің сҧранысын біліп 
алып, ӛзімді қымбаттырақ сатып әрі жақсы жақтан 
кӛрсете білуім керек. Әңгімелесушіме маңызды сҧрақта 
ӛзімді эксперт ретінде кӛрсетіп, алдында тек ӛжет адам 
емес, сонымен қатар басы бар бала екенімді аңғарта алу 
міндетім.


94
 
Бетбақтық – кәсіпкерге қажет қасиет
Инновациялық даму вице-президентімен кездескеніме 
кӛп болған жоқ. Бҧл кездесуге қалай қол жеткіздім? 
Замануи әлемде әлеуметтік желілер ғажап нәрселер 
жасайды. Оны әлеуметтік желіде тауып алып, министрлік 
қызметін сынға алып, сосын кішкене позитив қосып, ӛзіме 
назар аударттым. Сектордың дамуына конструктивті 
ҧсыныс беруім ҥшін ӛзі кездесуге шақырды. Бҧл адамның 
менің бизнесіме қандай пайда әкелетінін білмеймін,
бірақ әріқарай дамуыма септігін тигізетін жағдайдан бас 
тартпаймын.
Ӛжеттілік пен келісе білу – бір-бірімен жақын 
жҥреді. Ірі зауыттар мен фабрикаларға барғанымда 
адамдарға менімен серіктес болу ӛте маңызды екеніне 
сендіруім керек. Оларға перспективаны кӛрсетіп, нарық 
мҥмкіншіліктерін, сату деңгейін айтып, арасында ӛз 
тәжірибем мен айналысып жатқан жобаларымен бӛлісемін. 
Сіз сҧхбаттасушыңызды қандай мәселе қызықтыратынын 
білмейсіз, сондықтан тиімді тҧстардың барлығын айту аса 
маңызды және біреуімен сіздің сҧхбаттасушыңызды баулап 
алатыныңызға сенімді болыңыз.
Келісе білу қабілетімен ешкім туылмайды. Ол бірнеше 
сәтсіздікке ҧшыраған не тиімсіз келісімдерден кейінгі 
тәжірибеден, қай кезде ӛжеттілік танытып, қысымға алу 
не аяғын аңдап басып, екінші жақ шарттарымен келісу 
керектігін тҥсінгеннен кейін пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет