104
Бизнестегі достық
Бақыт ешқашан адамды досын
қажетсінбейтіндей аспандатпайды.
Сенека
Бизнестегі достық
Мен ӛте қарым-қатынасшыл әрі ашық адаммын,
мектепте жанымда әрдайым кӛп
адам болатын, уақыт
ӛте келе барлығы жоғалып кетті. 19 жасымда достарды
еске
алушылық емес, ортақ қызығушылық біріктіретінін
тҥсіндім, қазіргі таңдағы менің негізгі қызығушылығым
– бизнес, кӛптеген адамдар
менің қызығушылығымды
бӛліспегендіктен жоқ боп кетті, бірақ олардың орнына
мен сияқты идеямен жанданған
әрі бір бағытта ойымыз
тҥйіскен басқа адамдар келді.
Аса ҧзақ ӛмір сҥрмесем де, ӛзіме бір аксиоманы
таңдадым: достарды бизнес-әріптес ретінде тарту
стратегиялық тҧрғыда дҧрыс емес, ол идеямен жанданып
тҧрмаса, сені де ӛшіруі мҥмкін.
Керісінше әріптестерді досқа айналдыру тиімдірек әрі
ҧзақ мерзімді.
Бизнесте пайда болған, сенің кӛзқарасыңды
бӛлісетін, егер ӛшіп бара жатсаң қайта жандандыратын
әрі мотивация беретін адам нағыз досың. Сендерде бір
бағыттағы қозғалыс векторы анықталған және ӛзара
алмаса алатын, әркім ӛз
саласында маман болатындар
бизнесте таптырмас жолдас.
Қазіргі таңда менің екі негізгі серіктесім бар – сағат
компаниясында Айбек Есенов, гидропонды қҧрылғыда
Диас Тастенбеков.
Айбек сатумен айналысса, мен
компанияның стратегиялық дамуымен айналысамын.
Диас менің ортамда пайда болғанына кӛп болған жоқ,