Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


ПМПК құжаттарын жұргізу, сақтау және қолға беру тәртібі



бет17/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
@8; 65=85 07 (1)

4. ПМПК құжаттарын жұргізу, сақтау және қолға беру тәртібі

23. ПМПК-да консультацияға алдын ала жазылу журналы, тексеруден өткен балаларды есепке алу журналы Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің үлгілік қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі және баланы тексерген күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде толтырылады.


24. Баланың даму картасында анамнез деректері, тексерудiң барлық түрлерiнiң нәтижелерi, ПМПК-ның жалпы қорытындысы мен ұсынымдары жазылып, кең түрде барлық медициналық және психологиялық-педагогикалық диагноздары ашық көрсетіледі, оның ішінде:
1) психологиялық дамуы мен ақыл-ой бұзылулары;
2) неврологиялық бұзылулары;
3) есту қабілетінің бұзылулары (есту функциясының төмендеу дәрежесі децибел арқылы көрсету);
4) көру қабілетінің бұзылулары (көру функциясының төмендеу дәрежесі - көз өткірлігі арқылы көрсету);
5) сөйлеу тілінің бұзылыстары - педагогикалық және клиникалық жіктеменің аясында тіл бұзылуының түрі туралы логопедтің қорытындысы;
6) оқу және тәрбиелік мәселелері - психолог пен педагогтің қорытындысы;
7) әлеуметтік проблемалар - әлеуметтік педагогтің қорытындысы;
8) жанамалық аурулар мен синдромдар (органдар мен жүйелерінің созылмалы аурулары, жүйке-жүйесінің тұқымқуалаушылық-дегенеративтік аурулары, патопсихологиялық, нейропсихологиялық синдромдар, оқу қабілетінің бұзылулар синдромы мен мектепке бейімделмеу синдромы).
25. ПМПК қорытындысы ПМПК қызметінің үлгілік қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес құрастырылады және онда келесілер көрсетіледі:
1) баланың интеллектуалды дамуының жағдайы;
2) кеңейтiлген неврологиялық диагноз;
3) психиатриялық диагноз: баланың психикалық ауруы және бұзылулары бар болғанда психиатрдың диагнозы, қажет болған жағдайда ауралардың халықаралық жіктемесіне сәйкес белгiленедi;
4) сөйлеу тілінің бұзылыстары болған жағдайда - логопедтiң қорытындысы;
5) жанамалы аурулар мен синдромдар (органдар мен жүйелерінің созылмалы аурулары, жүйке-жүйесінің тұқымқуалаушылық-дегенеративтік аурулары, сонымен бірге патопсихологиялық, нейропсихологиялық синдромдар, мектепке бейімделмеу).
26. ПМПК қортындысы мен ұсынымдар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) қолма-қол беріледі.
Арнайы және жалпы білім беру ұйымдарына жіберілген ПМПК қорытындысы бар балалар тізімі тоқсан сайын облыстық, аудандық, қалалық білім басқармалары мен республикалық ПМПК-ға жіберіліп отырады. Облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша берілетін жиынтық статистикалық мәліметтердің толықтығы, сенімділігі үшін ПМПК меңгерушілерісі жауапты.
27. ПМПК-да есепте тұрған балалар жайлы деректер құпиялық сипатта болады, даму картасының көшірмесі тек тергеу орындарының, психиатриялық орталықтардың, психиатриялық ауруханалардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау уәкілетті органдарының жазбаша сұраныстары бойынша ғана берiледi.
28. Әр баланың даму картасы 5 жыл сақталып, сақтау мерзімі өткеннен соң мұрағатқа өткізіледі.
29. Қажет болған жағдайда ата-аналарға (заңды өкілдеріне), сондай-ақ педагогтерге, дәрiгерлерге балалар мен жасөспiрiмдердi емдеу, оқыту және тәрбиелеу жөнiнде нақты ұсынымдар берiледi.
30. Қажет болған жағдайда ата-аналарға (заңды өкілдеріне) баланың даму картасының көшiрмесi мен емдеу, оқыту және тәрбиелеу жөнiнде жазбаша түрде ұсынымдары берiледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет