Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет14/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
3. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

56. Арнайы білім беру ұйымындғы білім беру процесі арнайы білім беру ұйымдарына арналған Үлгілік оқу жоспары негізінде құралатын жұмыс оқу жоспарына негізделе іске асырылады. Оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктеріне сәйкес Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөліміндегі сағаттардың 15-20%-ы қайта бөлінуі мүмкін (Үлгілік оқу жоспарының осы бөліміндегі сағаттардың жалпы санының шегінен шықпай).


57. Арнайы мектеп пен арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие процесін баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық тұрғыдан зерттеуге негізделген сараланған және жеке ықпал негізінде мектеп штатындағы психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мамандар (психолог, мұғалім-логопед, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы және т.б.) іске асырады.
Мамандардың өзара «с-әрекет нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының жұмысы мектеп директоры бекіткен локальді нормативтік актілермен реттеледі.
58. Арнайы мектептің және арнайы сыныптардың оқушылары Үлгілік оқу жоспарына сәйкес келетін бөлімінде (түзету компоненті) көрсетілген сағаттар шеңберінде психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен жүргізілетін топтық, шағын топтық және жеке сабақтарда педагогикалық түзету-педагогикалық көмегін алады. Түзету сабақтары арнайы мектептердің және арнайы сыныптардың барлық түрлерінде міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инварианттық компонентімен алмастыруға, сондай-ақ осы сағаттар санын қысқартуға рұқсат етілмейді.
Түзету компонентінің пәндері бойынша баллдық бағалау қойылмайды. Баланың оқу жетістіктерін бағалау критериалдық сипаттамалық негізде болады.
59. Арнайы ұйымдарының барлық түрлерінде күрделі бұзылыстары бар білім алушыларға арналған арнайы сыныптар (топтар) құрылады. Оларда оқытудың барлық жылдарында арнайы оқу жоспарлары, бағдарламалар мен оқулықтар бойынша іске асырылады. Сыныпты ашу туралы шешімді қажетті материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жағдайлар, арнайы дайындалған кадрлар болған жағдайда арнайы мектептің педагогикалық кеңесі қабылдайды.
Білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын меңгеру арнайы білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту, сондай-ақ облыстық білім басқармаларының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің берген рұқсатымен экстернат нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.
60. Арнайы білім беру ұйымдарында дамуындағы ауытқушылығына сәйкес мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған бөлімдер немесе арнайы топтар құрылады. Бұл бөлімдердің немесе топтардың жұмысы арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың (арнайы топтардың) қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады.
61. Арнайы білім беру ұйымдарында дамуында проблемалары бар жасөспірімдер мен жастардың ата-аналары (заңды өкілдері) үшін кеңес беру пункттері, кәсіби мектептердің арнайы топтары, бітірушілерді қосымша еңбекке даярлау және қайта даярлау орталықтары, инклюзивті/кіріктіре оқыту тәжірибесін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қолдау көрсетуге арналған ресурстық орталықтар ашылуы мүмкін. Арнайы білім беру ұйымдары жергілікті жағдайларына байланысты қосалқы шаруашылық, оқу-тәжірибе алаңын, оқу-өндірістік шеберханалар құра алады.
62. Арнайы білім беру ұйымдарында еңбекпен емдеу, еңбекке тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу міндеттерін шешу үшін еңбекке және кәсіпке дайындау іске асырылады. Кәсіби-еңбекке оқыту мен әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтарды жүргізу барысында сынып екі топқа бөлінеді (Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектепте бірінші бөлімде жалпы еңбекке дайындау, кәсіби еңбекке оқыту, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу сабақтарын өткізуде; екінші бөлімде кәсіп, еңбек шаруашылығы және әлеуметтік-тұрмыстық бағдар бойынша сынып екі топқа бөлінеді).
63. Еңбекке оқытуды ұйымдастыру үшін шеберханалар қажетті травманы ескертетін және оқушылардың бұзылыстарын жеңуге мүмкіндік беретін арнайы бейімделген қажетті жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етіледі.
64. Факультатив сабақтар, үйірме жұмыстары, спорттық секцияларды жүргізуде топтардың толымдылығы кемінде 6 адамды құрайды.
Ұзартылған күн топтарының, тәрбиелеуші топтардың шекті толықтырылуы арнайы (түзету) ұйымдар түрлерінің сыныптарының толымдылығына сәйкес келеді.
65. Оқу жылының басталуы мен аяқталуы, демалыс уақыты жалпы білім беру ұйымдарына белгіленген мерзімде қарастырылады. Білім алушының қорытынды емтихандарын білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді (Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептерді қоспағанда. Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп бітірушілері мектепті аяқтаған соң кәсіби еңбекке баулу бойынша емтихан тапсырады). Емтихан материалдарының мазмұнын білім беру ұйымы дербес әзірлейді және білім саласындағы уәкілетті органмен бекітеді.
66. Негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын меңгерген бітірушілерге білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
67. Түзете білім беру процесін қамтамасыз ету арнайы педагогика саласында жоғары кәсіби білімі бар мамандармен, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымы қызметінің профилі бойынша сәйкесінше қайта даярлаудан өткен педагогтар іске асырады.
68. Психологиялық қолдауды арнайы білім беру ұйымының штатына кіретін психолог іске асырады.
69. Арнайы (түзету) ұйымдардағы білім алушыларға медициналық қызмет көрсету, өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.
70. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақылы білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтері арнайы білім беру ұйымдарының негізгі білім беру қызметінің мазмұнын алмастырмайды.
71. Мемлекеттік арнайы ұйымдар заңнамалық тәртіпте белгіленген басқа да қаржылық және материалдық, оның ішінде валюталық түсімдер алуға құқылы.
Ақылы білім беру қызметінен түсетін қаржылай және материалдық, оның ішінде валюталық түсімдер қаражатын қалыптастыру, қолдану, есептеу, бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
72. Арнайы білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастық қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттар, келісімдер, конвенцияларға негізделіп іске асырылады.
73. Арнайы білім беру ұйымдары өзінің қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым мен мәдениет ұйымдары, халықаралық ұйымдар және қорлармен тікелей байланыс орнатады, ынтымақтастық туралы екі жақты және жан-жақты шарт жасасуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқылы.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым Министрінің
2017 жылғы «__» ____________
бұйрығына
3-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет