Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


 Әліппені оқып-үйрену кезеңі



Pdf көрінісі
бет20/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

3. Әліппені оқып-үйрену кезеңі 
Әліппені оқып-үйрену арнайы мектепте төрт кезеңге бөлінеді. Әр 
кезеңде дыбыстың әріппен дұрыс тіркесуін, ұқсас дыбыстар мен әріптерді 
ажырату, буындар жиынтығын жалпы түсіну және т.б. сияқты өткенді 
қорытып бекітуге уақыт бөлінеді. Оқушылар бірінші кезеңде а, о, л, т, м 
дыбыстары мен әріптерін оқып-үйренеді. Дыбыстар мен әріптерді оқып-
үйренуден басқа оқушылар қос дыбысты тұйық және бұрын оқып-үйренген 
дыбыстары бар екі дыбыстық ашық буынды сөздерді оқиды (ал, ол, ат, от). 
Балалар оқыған әр сөзінің дыбыстық құрамын және мағынасын талдау керек. 
Сөздің мағынасын (жете) меңгеру үшін әр түрлі көрнекі құралдарды 
(заттардың нұсқаларын, бейнелік суреттерді) пайдаланады, қимыл іс-
әрекеттерді көрсетеді. Балалар оқып дағдылануды меңгерумен қатар танысып 


жүрген әріптің элементтерін және бөлшектеп талданған буындарды жазып 
үйренеді. Оқушылардың осы оқу кезеңінде кездестіретін қиыншылықтары – 
дыбыстық талдау, дыбысты әріппен байланыстыру, дыбыстардың реттік 
қосылуын жеткілікті түрде тез байланыстырып жатық оқи алмау. Бұндай 
қиындықтарды жою бірқатар арнайы тәсілдерді қолдана отырып көбірек 
жұмыс жүргізуді талап етеді. Үйретілген дыбысты сөздің ішінен табу 
жаттығуынан және ол дыбысты айтылу артикулляциясы байқалғаннан кейін 
әріппен таныстыру жұмысы жүргізіледі. Әріппен танысып болғаннан кейінгі 
фонетикалық талдау сөздің ішіндегі дыбысты және дыбыстардың жүйелігін 
анықтаумен жетілдіреді.Сөздегі дыбысты естіп, оны тыңдай білуге үйрету, 
түрлі тәсілдердің жәрдемімен іске асырылады: 
-
атау сөздерінің ішінде үйретілген дыбыстар кездесетін заттар 
бейнеленген суреттерді іріктеп алу; 
-
үйретілген дыбысы бар сөзді айтқаннан кейін әр түрлі қимылдарды 
көрсетіп орындау (қолын шапалақтау, отырып тұру, шекемтас көрсету 
(фишка) т.б.); 
-
төрт жол өлеңді оқып болғаннан кейін ішінен құрамында керекті 
дыбысы бар сөздерді тауып алып атау және т.б. 
Белгіленген дыбыс бөлініп алынып, жеке күйінде айтылып үйретіледі,
мұғалім ол дыбысты айтқан кезде оқушылар оны сөйлеу тілі 
артикулляциясын, сосын айнаға қарап сөздердің артикуляциясын бақылайды, 
артикуляция мүшелерінің орналасу жағдайын мұғалімнің сұрағы бойынша 
шамалары келгенше түсіндіріп айтып беруге тырысады, айтылған дыбыстың 
үнін тыңдай отырып, оның ерекшеліктерін анықтайды (дауыссыз немесе 
дауысты, т.б.). Белгіленген дыбыстың сөздің ішіндегі орнын анықтай отырып 
(бұл кезеңде үйретілген дыбыс сөздің тек басынан немесе соңынан бөлініп 
алынады), балалар керекті дыбысты суреттегі заттың атау сөзіндегі тұрған 
орнына қарай бейнелі суретті екі ойыншық үйдің біреуіне кіргізіп қояды, 
бөлек-бөлек төртбұрышты анықтама қағазға жазылған сөздердің құрамында 
тұрған керекті дыбыстың үстін бейнелі суретпен немесе әріппен кім қалай 
тауып жабатынын лото ойнайды, т.б. Дыбыстың әріппен байланысын 
тұрақтандырып бекіту үшін бірініші сынып оқушылары біраз жұмыстарды іс 
жүзінде орындайды, мысалы, түсті қағаздардан қиылып алынған әріптердің 
аттарын атайды, саусағымен ауада жазып көрсетеді. Мұндай тапсырмалар 
ойын түрінде кеңінен қолданылады, мысалы оқушылар немесе аяғы көрініп 
жартылай танылып тұрған әріптің атын табуға тырысады, өздеріне таныс 
әріптердің кім қаншасын білетінін жарыса жазып, сол әріптерді дыбыстарын 
кім бұрын дұрыс айтанына жарыс ұйымдастырады. Дыбысты анық айту 


көмекші мектептегі оқуға үйретудің міндетті талабы, өйткені ондағы 
оқушылардың көпшілігінің есту қабілеті бұзылғандықтан, айтылған дыбысты 
естілгенімен, бақылау жасай алмайды. Сонымен артикуляциясының анық 
бейнесін жасау ақаулықты түзетудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Екі 
дыбыстың тізбектілігінің жатық және тез айтылуын қамтамасыз ету үшін 
бетінде әріптер жылжып жүретін планшет пайдаланады. 
Бірінші сынып оқушылары үшін ең қиыны буын біріктіруді меңгеру 
болады. Өткен жаттығулар оқушыларға оқып-үйретілген дыбыстар мен 
әріптердің байланыстарын, бұдан бұрын буындық құрылысты солдан оңға 
қарай оқуды меңгеруге жәрдемдескен болатын (ат, от, ал, ол). Тура буынды 
оқу кезінде (ашық буын) балалардың буындық құрылысты ежіктеп оқуға 
тырысуын бірден жою қажет. Дыбыстардың бірігу негізін анықтау үшін әр 
түрлі тәсілдер қолданылады, мысалы, сөзді талдағаннан кейін өзінше оқиды 
(оқушылардың оқитын сөздері – олардың алдарында жатқан бейнелі 
суреттегі көрсетілген заттардың атаулары), бірінші дыбысты асықпай созып 
айта келіп екінші дыбысты айтумен жалғастырылады, дауысты дыбыстың 
айтылу артикуляциясын бақылайды, ұқсас буындарды оқиды (ла-та-ма), 
буынды тұтасымен жадында сақтайды. Сауатын ашу барысында кейбір 
анализатордың жұмыс істеуі айтарлықтай қатты бұзылады, ықпал жасайтын 
жеке тәсілдер сонда да болса сақталады. Осы мақсатпен әр түрлі көмекші 
құралдар қолданылады, мысалы, бұжыр сүйкеме қағаздан жасалған әріптер, 
бөлшектенген әріптер, бейнелі суретті әріптер, әріпті ауада жазу, белгілі бір 
нұсқамен немесе түспен белгіленген дыбыстар арақатынасын белгілеу, 
әріптерді дұрыс айтқан кезде оларды санау және текшелерді бөліп алып қою, 
т.б. Бірінші кезеңдегі машықтанған дағдыны тұрақтандыру үшін балаларға 
бірқатар тапсырмалар ұсынылады (ол тапсырмалардың көпшілігі ойындарда 
немесе ойын элементтері бар жаттығуларда қооданылады). 
1.
Өткен әріптерді атау. 
2.
Алдымен мұғалімнің, сосын оқушының дауыссыз айтқан дыбысын 
артикуляция бойынша анықтау. 
3.
Атауларында осы дыбыс кездесетін бейнелі суреттерді іріктеп алу. 
4.
Керекті дыбысы бар сөздерді іріктеп алу. 
5.
Сөздегі дыбыстың тұрған орнын анықтау (басында немесе соңында) 
6.
Буындарды оқу, олардың құрылысының ұқсастығын анықтау. 
7.
Мұғалімнің өтініші бойынша немесе оқушының өзінің таңдап алған сөзін 
дыбыстарға ажырату, оның шартты-графикалық нобайын жазу, тілікше 
әріптерден сөз құрау, оларды тақтаға жазу. 


8.
Әріптерді және буындарды сынып тақтасынан немесе әліппеден дәптерге 
көшіріп жазу. 
9.
Оқып-үйренген буындарды жадында сақтау 
10.
Әліппеден сөйлемдерді, сөздер және буындарды дұрыс және жатық оқу. 
11.
Бейнелі суреттерді мұқият қарап шығып, оның мазмұнын анықтау, 
суреттен оған сөздер қосып сөйлем құрастыру. 
Әліппені оқудың екінші кезеңінде оқушылар п, н, р, у, ғ, с, й, б 
дыбыстарымен және әріптерімен танысады. Олар тиісті әріптерді жазуға, 
оқуға үйренеді, жаңа екі дыбысты тура буынды, үш дыбысты тұйық буынды 
меңгереді, дауысты және ашық буынды (а-на, а-та, а-па), тұйық және ашық 
буынды(ал-ма, ар-па), екі ашық буынды(со-на, ма-са), үш дыбысты тұйық 
буынды(сол, сал) сөздерді және осы сөздерден тұратын сөйлемді оқуды 
үйренеді. Сөздерді және буындарды фонетикалық талдау бойынша жұмыс 
бірінші кезеңдегі күйінде сақталады. Сөздің ортасындағы дыбысты бөліп ала 
білуді үйрететін жұмыс күрделірек болады. Егер бала біріктіру негізін 
меңгерген болса сал, сол сияқты буындық құрылыстарды оқу қиындық 
туғызбайды. Бұл сияқты сөздерді оқығанда соңындағы дауыссызға салмақ 
түсіп, нықтап айтылады. Мұғалім балаларға алдымен тура буынды айтқызып, 
сосын дауыссыз дыбысты қосқанда пайда болатын сөзді бейнелі суретпен 
байланыстырып оқу тәсілін көрсетуі қажет. Бұл кезеңнің назар аударуға
тұрарлық маңыздылығы ұқсас дыбыстарды л-р, с-ш және олардың 
жазылуындағы м-н, о-с ажыратулар. Дыбысты ажырату жаттығуына 
артикуляциясын шынықтыруы да кірді және бұл жаттығулар ойын түрінде 
өткізіледі. Мысалы: «Не болып шыққанын ойлап тап» (бір дыбыс екіншісінің 
орнын ауыстырады: доп-топ, тасу-тосу), «Кім тезірек?» (атаулары қарсы 
буындардан басталатын бейнелі суреттегі заттарды көрсету) және басқалар. 
Әліппе оқулығында кездесулері мүмкін болатын сөздер мен сөйлемдер 
мұқият талдауды талап етеді. Себебі зияты зақымдалған балалар әліппе 
оқулығындағы сөздердің көптігінен, әріп таңбалардың біркелкілігінен, 
олардың майдалығынан және тағы басқадай қиындықтарынан оны тез оқып 
меңгеріп кете алмайды. Әліппенің әрбір бетін оқудың алдындағы дайындық 
жұмысына сөзді және сөйлемді оқу тәсілі және дәл солай етіп олардың 
мағыналарын түсінуді талдау кіреді. Екінші кезеңде машықтанған 
дағдыларын тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырмалар ұсынылады: 
1.
Үйренген әріптерді тез атау. 
2.
Айтатын дыбыстарына лайықты әріптерді іріктеп алу. 
3.
Ұқсас дыбыстарды және сол дыбыстардан құралған буындарды дұрыс 
оқу. 


4.
Біркелкі дыбыстардан құралған буындарды салыстыру, олардың 
ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. 
5.
Үйретілген дыбыс сөздің басында, ортасында және соңында келетін 
мысалдарды іріктеп алу. 
6.
Біркелкі дауыстылары немесе дауыссыздары бар буындарды оқу (ла, 
та, ма; са, со, су). 
7.
Бейнелі суретті бағыттай отырып берілген сөздің жетпей тұрған 
буынын қосып сөз жасау. 
8.
Бірінші буынды және бейнелі суретті бағытқа ала отырып екінші 
буынды табу, осы буын кездесетін сөзді іздестіріп тауып алу. 
9.
Әліппе бойынша сөзддерді, қысқа сөйлемдерді және бейнелі 
суреттердің астына жазылған атаулы сөздерді оқу. Оқыған сөздердің 
суреттегі бейнелерін табу, мұғалімнің сұрағына оқығандары бойынша жауап 
беру. 
10.
Қиылып кесілген әріптерден оқыған буындарын, сөздерін және 
сөйлемдерін құрастыру, оларды тақтадан, әліппеден көшіріп жазу. 
Бұл тапсырмалар екінші кезеңде өтетін сабақта дидактикалық ойындар 
немесе жаттығулар түрінде қолданылуы мүмкін. Сауатын ашудың үшінші 
кезеңінде бірінші сынып оқушылары қ, ш, ы, е, д, к, і, з, г, ұ, ң, ү, х, ө, һ, я, ю 
дыбыстары мен әріптерін оқып үйренеді. Буындық құрылыстан жіңішке 
дауыссызды тура буын (пә, ті) және төрт әріптен (би-ік, қи-ық) тұратын жуан 
және жіңішке дауыссызды кері буынды оқып-үйренеді. Бұл кезеңде оқуға 
үйретудің ең басты қиындығы оқушылардың жіңішке дауыссыздарға 
құрылған буындарды оқи алуын, артикуляциясы ұқсас дыбыстарға (ж, ш, ұ, 
ү, ә, а) құрылған буындарды айта білуін жетілдіруге болады. Бұл кезеңдегі 
пайда болған қиындықты жою үшін мұғалім белгілі бір тәсілдерді қолдануы 
қажет. Көбінесе ұқсас буындарды оқу (ха-ка, ма-ба, ла-да, дұ-гу ), 
дауыссыздардан құралған буынды ( а-ба-баба) біріктіріп айту үшін 
артикулляция аппаратының дайындығымен оқу, талдаудың ізімен оқу ( папа-
по-па) тәсілдерін қолданады, ұқсас дыбыстарға ажыратуға әр түрлі 
жаттығулар пайдаланады. Сонымен бірге балаларға буындарды қысқа айтуды 
(та-ла, то-до, дана-тана), буындарды және сөздерді есту арқылы түсінуді, 
оларды жадында сақтай білуді, айтқаннан жазып ала білуді талап ететін 
тапсырмалар ұсынады.Төртінші кезеңдегі сауат ашуда оқушылар в, ц, ф, щ, э, 
ч, ь, ъ әріптерін үйреніп, меңгереді. Екі дауыссыз қатарласып келген үш 
дыбысты буындарды( қатаң және ұяң түрлері), оқып-үйретілген буындық 
құрылыстары бар сөздерді, дауыссыздары сөздің басында және соңында 
қатарласып келетін төрт дыбыстық буындарды (станция, цирк, поезд) оқиды. 


Бұл кезеңде зияты зақымдалған балалар ең алдымен дауыссыздары шолақ 
«й» дауыстылармен қатарласып келген буындарды оқып-уйренуде 
айтарлықтай қиындық көреді. Оларға жәрдем беру үшін мұғалім дауыссыз 
дыбыстардың тізбектерін ұзарту ( рак-ра, е-ран); сөздерді буындарға әр түрлі 
жолмен бөлу (бас-ба-астай-ды), сөздің түрін өзгерту ( батыр, батырлық) 
тәсілдерін ұсынады. Өткен кезеңдердегі оқып-үйренгендерін тұрақтандырып 
бекіту үшін пайдаланылған тапсырмаларға айту бойынша жазып алуды талап 
ететін тапсырма қосылады. 
2
 
және 4-кезеңдерде балалардың оқылуына ұсынылатын сөздер мен 
сөйлемдердің саны көбейеді. Бірақ бір сыныпта оқушыларда оқуға 
дағдыландыру деңгейі әр түрлі болады. Осыны ескере отырып, тек әліппені 
ғана емес, сонымен бірге оқушылардың үлгерімдерінің әр түрлілігіне қарап 
мұғалім арнайы сөздер жазылған тілікше қағаздарда, бейнелі суреттермен 
безендіріліп балаларға арналған кітапшаларды пайдаланып отырғаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет