6. Дыбыстарды үйреткендегі негізгі әдістер Дауысты дыбыстарды үйренткенде, қолданылатын негізгі әдістер
дыбыстың естілуін тыңдап бақылату, сөйлеу арқылы жаттықтыру, дыбыстың
мәнін сөздерді салыстыру тәсілімен таныту, әріптердің жазылу емлесін
талдау, жаттығу жұмыстары бойынша меңгерту болып табылады. Бұл әдіс
тәсілдер тәсілдер қалыпты жүйемен жүргізіліп, оқушылардың практикалық
дағдысына енгізіледі.
«А» «Ә» дыбыстарының ерекшелігін таныту. Дауысты дыбыстың,
олардың жуан, жіңішке түрлерінің өзіндік белгісін айтылуы (артикуляция)
қалпын байытумен де аңғартуға болады. Мысалы, а-ны айтқанда тілдің ұшы
кейін тартылып, дауыс жолы кеңейтілетіні, содан «а» жуан айтылатыны; «ә»
дыбысын айтқанда жіңішке дыбысталатыны түсіндіріледі. Жуандық,
жіңішкелік жағынан жұптанып келетін дыбыстарды оқытқанда да жоғарғы
«а» мен «ә» өткендегі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Екінші сатыда буындар жатталады. Бұл жұмыс алдымен екі дыбысты
ашық буын, содан соң тұйық буын, ақырында үш дыбыстан құралған ашық
буынды жаттау жолымен жүреді. Балалар мұғалімнің әріп аттарын атап,
буын құруына ілесіп айту жаттығу арқылы көптеген буынды алып жатқа
алып дағдыланады. Мысалы, а-та, а-па, а-ға, та, ла, ар, аш. Осылайша,
дауысты дыбыс әрпінің атына дауыссыз дыбыс әріптерінің атын тіркестіріп
буын құрап үйреткен.
Үшінші кезекте балалар ежіктеу жолымен тұтас сөзді оқиды. Мұнда
оқушылар әріп аттарын айта отырып буын құрайды, содан кейін құралған
буындарды айтып, олардан пайда болатын сөздерді оқиды. Мысалы, алма
сөзі былай ежіктеліп оқылады: аз, ал, ойланыңдар, азма – алма.
Төртінші сатыда буындарды әріптен құрамай-ақ тікелей оқыған. Одан
әрі жатқа алған буындар арқылы құралған сөздерді тұтас оқиды. Бұл ретте
әуелі екі әріпті буыннан құралған сөздерді, одан кейін үш әріпті буындардан
құралған сөздерді оқиды. Осы сатыдан өткенде, балалар кез келген сөзді оқи
алатын болады. Алайда оқушылар бұл оқу дағдысын екінші оқу жылында
ғана меңгереді.
Әріптен буын құрастыруды меңгерген үшінші кезеңде ғана сабақты
тәуір үлгеретін балаларды кітаптан көшіріп жазуға үйрете бастаған. Жазуға
үйрету жұмысы оқуға байланыстырылмай бөлек жүргізілген.
Бірте-бірте оқуға үйретудің жеңілдеу жолы іздестіріледі. Сөйтіп
әріптердің атын айтпай-ақ бірден буынды оқуға, буындарды тікелей қосып
сөзді оқуға көше бастайды. Осы тәжірибеден туындап буын әдісі шығады.