Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет28/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
5-6 сабақ 
Тақырыбы:
Отбасы. Отбасы мүшелері 
Сабақ оқулықтың 6 бетінде берілген суреттермен жүргізіледі.
 
Сабақ мақсаты: 
отбасы, оның мүшелері, бір-бірімен қарым-қатынас; 
үлкенге құрмен, көмек; кішіге қамқорлық; ұлттық тәлім- тәрбие, отбасы 
мүшелерінің орны; атқаратын міндеті; үлгі-өнеге, өсиет, т.б. мағлұматтарды 
беру; тілін дамыту. 
6 тегі жоғарыдағы суретте отбасы мүшелерінің дастархан басында 
орналасуы; ата мен әже төрде, олардың арасында немересі, әкесі мен 
шешесінің ортасында қыз баланың отыруынан балалар өз оларын әңгімелеп 
айтады. Отбасындағы үлкен бала ата мен әже баласы болып, солардың 
бауырында өсетіндігі; ата-әже өсиетін тыңдап тағылым алудың өмірде 
пайдасы мол екендігі жайлы, қыз баланың бос уақытында анасынан, әжесінен 
көрген-білгенін түйіп өсетіні туралы әңгімеленеді. 
6 тегі суретте атаның немересін ұлттық өнерге баулуы, үйреткен өнерін 
немересінің қаншалықты игергенін қызықтауы; ананың бөбегін бесіктен 
шешіп алып отырған сәті, әкесінің сәйгүлігіне қамқорлық жасауы жайлы, бос 
уақытты тиімді пайдалану, әркімнің пайдалы іспен айналысуы туралы 
әңгімелету. 
«Ата көрген- оқ жонар, ана көрген- тон пішер» деген ұлағатты сөздің 
мән-мағынасын мұғалім жетекші сұрақтар арқылы балаларды өз отбасы 
туралы сөйлету. Баланың сөздік қорын дамытуда туыстық атаулармен 
таныстырылып, оларды қатыстырып грамматикалық тұлғада жүйелі, 
байланыстырып сөйлеуге, отбасы мүшелерінің бір-бірімен сыйластық, ізгілік 
қарым-қатынас орнатуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіледі. 
Сөйлемдерді толық құрастыруға, сөйлемдегі сөздердің байланысына ерекше 
мән беріледі. Дәптермен жұмыс жүргізу. 
7-8 сабақ 
Тақырыбы: 
Күн режимі. Тамақтану. Сөйлем.
Оқулықтағы 7 тердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу. Оқушылар 
оқушының бір күндегі іс-әрекетін ретімен әңгімелеп шығады. Онда мынадай 
сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады: 
таңертең, түсте, түстен кейін, 
кешке, түнде, орнынан тұру, жаттығу жасау, жуыну, тамақтану, 
мектепке бару, сабақта, көмектесу,сабақ дайындау, ойнау, демалу, ұйқыға 
кету.
Оқушылар өздерінің күнделікті іс-әрекеттері жайлы атып береді. Жеке 
бас гигиенасына қажетті заттардың атын атайды. 
Оқулықтың 12 індегі сурет бойынша да әңгіме құрастырылады. Мұнда 
ертеңгі ас, түскі тамақ, кешкі ас, тазалық, уақытымен тамақтану, дұрыс 
тамақтану, сүт тағамдары, көкөніс, ет тағамдары, т.б.
сөздер мен сөз 
тіркестерін тірек етеді. 


Бұл сабақта оқушының жеке бас гигиенасын сақтау, күн режимін 
дұрыс құрып, оның орындалуын қадағалау, жеке басының тазалығы үшін 
қолданатын заттары (сүлгі, сабын, тіс щеткасы, тарақ, айна, т.б.) болуын 
және оны орынды пайдалану, тамақтану, денені шынықтыру, таза ауаның 
денсаулыққа пайдасы, оның дұрыс дамуына әсері жайлы барлық 
мағлұматтарды мұғалім жеткізе білуі керек.
Сонымен қатар, оқушыларды мектеп асханасымен таныстыру, дұрыс 
тамақтану, тәртіп сақтау, дастархан басында өзін-өзі ұстау мәдениеті, 
тазалық сақтау, тағамдардың құнарлылығы, оны талғаммен пайдалану, т.б. 
туралы түсінік беріледі. 
 
Дәптермен жұмыс істеу.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет