Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет25/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

 
8. Дыбыстық жинақтау әдісі.
Осы әдісті Ресейде өткен ғасырдың 60-жылдарында Н.А.Корф (1834-
1883) қолданды. Бұл метод оқу объектісі етіп дыбысты алады. Дыбыс 
жинақтау әдісімен оқытқанда, сабақ төмендегідей төрт кезеңде 
ұйымдастырылады. Алдымен мұғалім оқушыларға әріпті көрсетіп, оның 
дыбысын атап таныстырады. Оқушылар жаңа дыбысты қосылып та, жекелеп 
те қайталап атайды. 
Екінші кезеңде мұғалім жаңа әріпті оқушыларға бұрыннан таныс 
буындарға жалғайды. Балалар буындарды оқиды. Мұғалім буынды тақтаға 
баспа әріппен жазады, оқушылар оларды дәптерлеріне көшіреді. 
Үшінші кезеңде мұғалім жаңа әріпті ендіріп сөздер құрап, тақтаға 
баспа түрде жазады, балалар көшіріп жазады. 
Төртінші кезеңде балалар мұғалімнің атаған әріптерін елестетулері 
бойынша қатыстырып сөздер құрайды. Оларды жазады. 
Дыбыс әдісі синтетикалық әдіске жатады. Балалар көрген әріптің 
таңбалары арқылы дыбыстың атауларын ұғынып, олардан буын немесе сөз 
жинақтап құрастырады. Мұғалім көрсеткен жаңа әріптің дыбыстық мәні 
түсіндіріледі, әріптердің арнаулы дыбыстық атауы ұғынған бала сол 
дыбыстарды еш қоспасыз дыбыстау жолымен буын не сөз құрамына ендіреді. 
Мысалы, орысша шар сөзінің құрамындағы дыбыстарды бір-біріне жалғап 
айту жолымен оқылады. Содан соң дыбыстарының арасы біріктіріліп бірден 
оқылады. Бұл процесс мұғалімнің бастауымен орындалады. Ал, дыбыс 
әдісінде әріптердің аты ескерілмейді. Қайта балалар көрсетілген әріптердің 
аты деп оның дыбыстық мәнін ұғынады. Сол дыбысты атау жолымен 
әріптерді таниды. Демек әрбір заттың тиісті атауы болатынын білетін бала 
белгілі әріп таңбасының да аты арнаулы дыбыс екен деп түсінеді. Сөйтіп 
әріптің атымен ісі болмайды.
Әріп қосу әдісі бойынша оқытқанда, балалар әріптердің аттары арқылы 
оның дыбыстық мәнін жобалап, жорамалдап түсінетін болса, енді дыбыс 
қосу әдісінде оқушылар әріптің таңбасы бойынша оның қандай дыбыс деп 
айталатынын дайын түрде бірден қабылдайды. 
Сонымен дыбыстық жинау әдісін қолданғанда, алфавит әріптерінің 
дыбыстық мәні үйретіледі де, әріп аты ескерілмейді, аталмайды. Сөзді 
оқытқанда, оның құрамындағы әріптерді дыбыстық мәні бойынша қосып сөз 
құрайды. Яғни, оқушы жеке-жеке әріптерді көре тұрып, ол арқылы берілетін 


дыбыс еш қоспасыз айтылады. Мәселен, қазақша мал сөзін оқу үшін, оқушы 
мұғалімнің бір-бірінен соң тақтаға тізген м-а-л әріптерінің дыбыстық мәнін 
дауысты соза айту арқылы бірден қосып оқып шығады. Соңынан мал сөзін 
тұтас күйде тез оқиды. Бірақ осындай дыбыстардан жинақталған сөзге талдау 
жасатылмайды, демек ол сөздің құрамында қандай-қандай дыбыс бар екені 
ажыратылмайды, анализ процесі жүрмейді. 
Қорыта айтқанда, жазуға үйретудің аналитикалық не синтетикалық 
әдістері бұл маңызды проблеманы тиімді шеше алмайды. Ізденіс 
жалғастырыла беріледі. Дүниеге дыбыстық-талдау әдісі келді, осы әдістің 
Ресейдегі авторы К.Д.Ушинский болды. Ол хат тануда әріп қосу әдісіне 
қарама-қарсы әдіс қолданады, яғни әріп қосу әдісіндегідей әріптен дыбысқа 
қарай емес, керісінше, дыбыс танытудан әріпке қарай өтеді. Мұнда негізгі 
әріп емес дыбыс.
Ушинский өзінің сауат ашуға үйрету әдісінің негізгі белгілері ретінде 
төмендегілерді атаған: 
1.
Балаларды әріп элементтерін жазуға дағдыландыру. 
2.
Балаларды сөз ішіндегі жеке дыбыстарды табуға үйрету. 
3.
Балаларды дыбысты анық айтуға жаттықтыру. 
4.
Балалардың назарын сөзге және оны құрайтын дыбыстарға аудару. 
5.
Балаларды айтылған, жазылған не баспаша терілген сөздерді 
ажыратуға я қайтадан құрай білуге үйрету. 
Сөйтіп ұлы педагог балаларға тілдің дыбыстық жағын үйрету 
принципін ендірді. Ол сауат ашуды жекелеген дыбыстарды, олардың сөз 
ішінде естілуінен бастайды. Ушинскийдің оқуға үйрету әдісі балалардың 
өздері жазған сөзді оқыту жолымен жүзеге асырылған. Соған орай ол өзінің 
әдісін «жазу-оқу методы» деп атайды. Ушинский жазу қызметін талдау 
жолына, жазылғанды оқу процесін жинақтау тәсіліне саяды, осыдан келіп 
дыбыстық талдау-жинақтау әдісі болады. Оқушы жазу үстінде тиісті сөздің 
қандай дыбыстардан құралып тұрғанын, яғни оның құрамында қандай дыбыс 
бар екенін тауып ажырату арқылы талдау процесін жүргізеді, ал, жазылған 
сөзді оқу барысында ол сөзді құрайтын дыбыстарды танып, оларды бір-біріне 
ұштастырып жинақтайды, осыдан келіп дыбыс жинақтау процесі жүреді.
Ушинскийдің әдісі бойынша әууелі ауызша таңдау жасалынады, содан 
кейін танысқан дыбыстың әрпін немесе жаңа дыбыс қатысқан сөз жасалады, 
ең соңында жазылған әріп не сөз жазылады. Демек, жазуға жетекші роль 
беріледі. К.Д.Ушинский балаларды жазуға үйретуді жазба шрифт түрінен 
бастаған, жазғандарын оқып отырған. Ал, он-он бес әріптің жазба таңбасын 
үйреткен кейін әріптердің баспа түрін де қатар жаздырған. Ушинскийдің 


талдау және жинақтау процестерін жүргізу үшін төмендегідей көптеген 
методикалық тәсілдер мен жаттығу түрлерін ұсынады: 
1.
Сөзден тапсырылған дыбысты табу. 
2.
Дыбыстардан сөз құрау. 
3.
Сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату. 
4.
Бір дыбысты басқа дыбыспен алмастыру, осылай істегенде сөз 
мағынасының өзгеретінін байқату. (Сан+-сән)
5.
Сөз алдына әріп қостыру (ас-тас, ал-мал) . 
6.
Сөз аяғына дыбыс қосу (ат-ата, қал-қала). 
7.
Дыбыстардың орнын алмастыру, олай еткенде сөз мағынасының 
түрленетінін ұқтыру (тас-сат, қос-соқ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет