Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


Өткізетін сабақтардың үлгісі



Pdf көрінісі
бет27/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

Өткізетін сабақтардың үлгісі 
 
 
9. ӘЛІППЕГЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢНІҢ САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ 
1-2 сабақ 
Тақырыбы: 
Мектеп. Сынып.
Оқулықтың 3-4 індегі сурет бойынша жұмыс жүргізу.
Төмендегідей сұрақтарға жауап алу. 
Суреттен кімді көріп тұрсыңдар? 
Балалар қайда келді? 
Оларды кім қарсы алды? 
Балалардың қолдарында не бар? 
Балалардың, мұғалімнің жүздері (бет-әлпеттері) қандай кейіпте? 
Мұғалім мен балалар не істеп тұр? 
Адамдар бір-бірімен не үшін сөйлеседі? 
Сурет бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, мұғалім балаларды 
сөйлетеді. Оқушылардың алғашқы күннен бастап дұрыс сөйлеуін, сөйлемді 
толық айтуын қадалаған дұрыс. Мұғалім адамдар тіл арқылы сөйлесетінін, 
біздің тіліміз-қазақ тіліміз екенін айтады. 
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін (бір нәрсені айту, 
сұрау, хабарласу, пікір алысу т.б.) сөйлеу (сөйлесу) қажет екендігін айтып 
өтеді. Мұны сабақпен байланыстыра түсіндіріледі. Яғни, мұғалім мен 
балалардың бір-бірімен сөйлесу арқылы түсінісіп тұрғандықтарын айтады. 
Мұның өзі ауызша сөйлеу болып табылатынын қарапайым тілмен айтып 
жеткізеді. 
3-4 сабақ 
Тақырыбы:
Оқу құралдары 
5- беттегі суреттер бойынша балалардың не көріп тұрғандары 
сұралады. Суреттегі әрбір заттың атын атап, олардың не үшін қажеттігі 
сұралады. Әңгіме барысында мектеп, мектеп мүліктері, сынып (парта, тақта, 
үстел, орындық, бор, кезекші т.б.) сөздерді қолдана отырып, сөздерді 
оқушылардың сөздік қорына енгізеді. Мектеп мүліктерін күтіп ұстау, сақтау 
туралы айтады. Мұғалім оқушыларды мектептің ішкі тәртібімен 
таныстырады. Партада дұрыс отыру, тақтаға шығу, мұғаліммен қарым 
қатынас, үлкендермен сәлемдесу т.б. жайларды түсіндіреді. Мұғалім 
оқулықтағы сөйлем сызбасы туралы түсінік береді.
Оқушылардың ауызша сөйлеу туралы алған білімдерін нақтылайды. 
Сөйлеу (сөйлесу) сөйлемдерден тұратынын айтады, мысалмен дәлелдейді: 
Бұл сынып. Сыныпта сабақ оқимыз 
деген сөйлемдер белгілі бір ойды 
білдіріп тұрғанын түсіндіреді. Осы ауызша айтылған сөйлемдерді жазумен де 
көрсетуге болатынын айтады. Жазуды әліппеден үйретіндері ескертіледі. Ал 
әзірше жаза алмасақ та, сөйлемді сызба арқылы бейнелеп түсіндіруге 
болатынын хабарлайды. Сөйлем сызбасымен таныстырылады. Әр сөйлем бір, 
екі, одан да көп сөздерден жасалатынын айтады. Сөйлем бас әріптен 
басталып, соңына тыныс белгісі қойылатынын сызба арқылы қойлатынын 


сызба арқылы көрсетеді. Әр түрлі сызба үлгілері бойынша сөйлемдер 
құрастырып жаттығады. Дәптермен жұмыс жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет