Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет30/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
13-14 сабақ 
Тақырыбы:
Жабайы аңдар. Буын 
Оқулықтың 10 беттеріндегі жабайы жануарлар мен аңдардың суреттері 
бойынща жұмыс жүргізу. Олардың аттарын білдіру: 
тиін, арқар, елік, бұғы, 
жираф, қосаяқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс. 
Жабайы 
жануарлар мен аңдардың әрқайсысы туралы түсінік беру. Олардың өзіне тән 
ерекшелігі, пайдасы, оларды қорғау, сақтау туралы ұғым беріледі. Олардың 
атауларына буындық талдау жасалады. Дәптермен жұмыс жүргізіледі.
15-16 сабақ 
Тақырыбы: 
Құстар. Үй құстары. Буын 
Үй құстары: 
қаз, әтеш, тауық, үйрек, балапан, күркетауық. 
Оқушыларға үй құстарының ерекшеліктері, пайдасы, оларды күту, т.б. 
туралы түсінік беру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. 
Қаз 
сөзінде үш 
дыбыс бар: 
қ, а ,з;
қ
- дауыссыз, 
а
- дауысты, 
з
- дауыссыз. 
Оқулықта көрсетілген дыбыс сызбаларымен жұмыс жүргізіледі. 
Құстар: 
аққу, шағала, жапалақ, қарлығаш, бүркіт, торғай, қарға, сауысқан, 
т.б. 
Бұл құстар туралы да әңгіме айтылады. Олардың ерекшелігі, пайдасы, 
оларды қорғау, сақтау, т.б. 
жайында
түсінік беріледі. Осы құстар туралы 
сөзжұмбақ шештіру. Сөзжұмбақтың жауаптары мындай: 
аққу, тырна, 
шағала, жапалақ, қарлығаш.
Дәптермен жұмыс жүргізу. 
17-18 сабақ 
Тақырыбы: 
Жеміс-жидектер. Көкөністер. Дыбыстық талдау
 
Сабақ оқулықтың 12-13 беттеріндегі материалдармен жүргізіледі. 
Оқулықта мынадай көкөністердің суреттері берілген: 
қияр, пияз, картоп, 
сәбіз, қызылша, асқабақ, қызанақ, шалқан. 
Оқушылар осы және оқулықта 
жоқ көкністердің суреттерін көрсетіп, атауларын айтуға болады. Оқушыларға 
көкністердің пайдасы, олардан не жасалатыны, өсіру, жинау, сақтау 
жұмыстары туралы түсінік беріледі. Дыбыстық талдау ретінде берілген 
сөзжұмбақты шештіру. Сөзжұмбақтың жауаптары: 
пияз, сәбіз, картоп, 
қызылша, шалқан, қызыанақ, асқабақ. 
Оқулықта мынадай жеміс-жидек 
түрлері берілген:
шие, алма, өрік, жүзім, таңқурай, алмұрт, құлпынай, 
қарақат. 
Оқушыларға жеміс-жидектердің атаулары, қайда өсірілетіні, 
пайдасы, не жасалатыны, сақтау, жинау, т.б. жөнінде мағлұматтар беріледі. 
Берілген дыбыс сызбасымен жұмыс жүргізіледі. Дыбыс сызбасында дауысты 
дыбыс қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыс көк түспен белгіленген. Оқушылар 
суреттегі жемістің атын атайды. Сызбағасәйкес сөзге дыбыстық талдау 
жасайды. 
Шие 
сөзі үш дыбыстан құралған. Бірінші дыбыс- дауыссыз: 
ш,
екінші дыбыс- дауысты: 
и,
үшінші дыбыс- дауысты: 
е
. Берілген дыбыс 
сызбаларымен осылайша талдау жұмыстары жүргізіледі. Сабақта «Әліппе 
серігіндегі» материалдарды пайдалануға болады.
Дәптермен жұмыс жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет