Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет9/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

Тілді сезіну және оған ықпал етудің құрылымы қағидасы алдыңғы қағидалармен тығыз байланысты.Бала үлкендермен қарым- қатынасқа түсу арқылы тілдік шамаларды меігереді және оны коммуникативті мақсаттарда пайдаланады. «Түсінбеген, жай ғана жады арқылы иемденген еліктеу процессіндегі білім нормасы, қолдану дәстүрі....тілдің сезінуі немесе тілдік түйсіну» деп аталад.Тілдің заңдылықтарын меңгеру фонетикалық, морфологтялық, синтаксистік, стильдік деңгейлерінде көрінеді. Бұл ретте тек таныс сөздер мен сөзтіркестерін дұрыс қолданылуы жүзеге аспайды, сонымен қатар тілдік материяға деген дамудың күрделі процессі қызығушылық туады, сөз,сөзтіркесі, сөйлемнің бір-бірінен айрмашылығын аңғарады және осыларды белсенді қолдануға тырысады.
Тілдік мәдениеттің қалыптасуы, мектепте оқу кезінде тіл заңдылықтарын меңгеру тілдік түйсікке сүйенеді.Ал мектепке дейінгі жаста тілдік материяға танымдық қызығушылық қалыптасады.
Мүмкіншілігі шектеулі оқушылардың тілдік сезінулері олардың сөздік қоры шектелгендіктен мектепке дейінгі жастарында дамымайды, ең бастысы

  • әр түрлі сөз бірліктері олардың қызығушылығын тудыруында.

В.Г.Петрова: «Мүмкіншілігі шектеулі балалардың сөйлеу тілінің кешеуілдеуіне туған тілінің мағынасын түсінбеуі де басты себеп болады. Жане де баланың бойындағы кемшілік күнделікті пайдаланатын заттардың немесе іс- әрекеттің мағынасын түсінуге кедергі жасайды»,деп жазады. Балаларда сөздің лексикалық мағынасын түсінудегі қиындық сөздің қалыптасуна, қызығуына, сонымен қатар тілдік бірліктердің бөлінуіне, сөздің құрылымы мен қалыптасуына кедергі жасайды. Ежелден келе жатқан тәжірибе арқасында қалыпты балалардың сөйлеу жане сезімнің қалыптасуы мектепте фонетиканың заңдарын жане граматиканы белсенді түсінуге мүмкіндік береді.Қалыпты бададарды тілді игеруге оқыту Ф.И.Буслаеваның «бірінші жаттығу, содан соң ұғыну» заңдылығында нақты көрсетілген.
Бұл заңдылықтар мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытуда қадағаланып отыруы керек , себебі олардың дамуы осы заңдылықтарға байланысты. Осы заңдылықтарбың негізігі принципі мүмкіншілігі шектеулі балаларды арнайы
оқыту, себеб імектепке дейінгі балаларда сөз туралы ұғым бірден пайда болмайды.Арнайы мектепте бірінші тіл сезімі принципі, содан кейін сол сезімге жүгіну принципі негізгі болып табылады. Төменгі сыныптардың барлық қазақ тілі сабақтарында сөзді айтып уйренуге тәрбиелейді. Арнайы сөздік тәжірибелер ұйымдастырылады,сол кезде баланың назары сөздің мағынасына , сөйлемге, логикалық белгісіне , сол арқылы сөздерді нақты бір лексико-граматикалық категорияға біріктіруге (заттың аты, әрекет, белгі), фонетикалық көрініске, грамматикалық формадағы сөздердің шынайы логикамен сәйкес келуіне қалыптасады. Тілді жетілдіру сабағында оқушылар затты көре тұра оның түрін, түсін, дәмінің сапасын айтады: алма сары, домалақ, тәтті; апельсин домалақ, сарғыш, тәтті;т.б.Сонымен бірге оқушылар заттың шынайы белгілерін анықтап, дұрыс атап, ажыратуға үйренеді. Сауат ашу сабағында (1-сынып), грамматика бойынша тәжірибелік жаттығуларда (2-4 сыныптарда) тіл бірліктерінің бөліну тапсырмалары, олардың әр-түрлі жағдайларда өзгеруін бақылау, оларды сөзде дұрыс пайдалану ең бастысы.Бастауыш сыныптарда тежірибелік-грамматикалық жаттығуларды орындауда сөйлем базасы құрылып, соған байланысты тілге жане тіл сезіміне танымдық қызығушылық оянады.Жоғарғы сыныптарда оқушылар төменгі сыныпта алған білімдерін жетілдіріп, теориялық білімдерді қабылдап, грамматикалық заңдылықтарды үйренеді.
Ауызша жане жазбаша сөйлеу жұмысы әдістемелік принцип ретінде қарастырылады.Екуі де қарым – қатынас жасауға қызмет етеді.Ауызша сөйлеу жазбаша сөйлеуден бұрын жүреді.Ол адамдардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауына көмектеседі :мимикамен, интонациямен, жестпен. Сөздің дыбыстық құрылымын, сөз формасын, сөйлемде қалай ұйымдастыру жане сөйлемде әр-түрлі бірлікті пайдалануға көмектеседі. Жазбаша сөйлем ауызша сөйлемнен қалыптасады. Бірақ жазбаша сөйлемнің оқылуы ауызша сөйлемге қарағанда ұиындау болып табылады. Л.С.Выготский жазбаша сөйлемнің спецификалық қалыптасу процесін ескере отырып, «жазбаша сөйлем өмірге жаңа, қиын цикылды психикалық даму процесінде жалпы баланың рухани өзгерісін,сонымен қатар кіші жастан үлкен жасқа ауысуда тілді үйрету кезіндегі өзгерісін тудырады»деп айтады. Психологтар жазбаша сөйлемге мінездеме бергенде олар оның абстрактілігін, ауыспалылығын, бір қалыпта болуын айтады. Бұл әрекеттерді оқушылар тек оқу бағдарламасында меңгереді. Ауызша жазбаша сөйлемдердің қалыптасуының ауыспалылығы, толықтығы, логикалық әрекеті ауызшасөйлемге әсерін тигізеді. Мүмкіншілігі шектеулі балаларда ауызша
сөйлем мен жазбаша сөйлем толық дамымаған. Бірақ Л.В.Занкова, М.Ф.Гнездилова, В.Г.Петрова, Р.К.Луцкина зерттеулері бойынша мүмкіншілігі шектеулі балаларда жазбаша сөйлем жақсы дамыған. Авторлар бұл жағдайды түсіндіргенде, бала ауызша сөйлемге қарағанда жазбаша сөйлемде көп ойланып, ойын нақтылай алады дейді.Оқушылардың әр-түрлі оқу жағдайында (төменгі жане жоғарғы сыныптарда) міндетті түрде жазбаша мен ауызша сөйлеу бірге жүруі керек. Жазбаша әңгімелесуден бұрын ауызша дайындық – жазбаш сөйлем формаларының бірден-бір әдісі, оқушылар сөзді талдайдымазмұнның орнын толтыру, грамматикалық жане стильдік көрнекілеу.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет