Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет10/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67

САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ




  1. кезең. ӘЛІППЕГЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢ


Арнайы мектепте зияты зақымдалған бірінші немесе дайындық сынып оқушыларын оқыту жүйесіндегі әліппеге дейінгі кезеңнің маңызы зор боп есептеледі.Оның бірнеше себептері бар.
Ең алдымен, бірінші сыныпқа келген балалар құрамы бір келкі болмайды. Олар жастарына және типологиялық ерекшеліктеріне қарай, мектепке дейінгі дайындық деңгейіне және мектепте оқуға психологиялық даярлығына қарай бөлінеді. Арнайы мектепке оған дейін-ақ зияты зақымдалған баланың ойының жеткіліксіздігі байқалған, бірақ әр түрлі себептермен арнайы бала бақшада тәрбиеленіп, дайындықтан өтпей, жалпы бала бақшаға барған балаларда келеді. Яғни арнайы мектептің бірінші сыныбына балалардың бір бөлігі арнайы бала бақшадан, үйден келетін болса, ал негізгі құрамы жалпы бала бақшалардан келеді. Бірінші немесе дайындық сыныпқа келген мұндай балаларды оқытудың қиыншылығы әліппені оқу- жазу кезеңінде-ақ байқалады. Кейбір жағдайларда мұндай балаларды оқуда үлгермеуіне байланысты диагнозын қойып,қандай мектептің түріне жіберу керектігін анықтау мақсатымен бірден комиссияға (сарапқа) салады. Кейде олар оқу бағдарламасын меңгере алмаған соң, оқуға ешқандай ықыласы болмаса да жалпы мектепте оқи береді. Мұндай балалар негізінде ешнәрсеге қызықпай енжар, солғын немесе сотқар, алаңғасар, елгезек болады.
Арнайы мектепке келген балалардың кейбіреулері оқуға ынталанып, шамалы икемді келеді, ал басқа біреулері мүлде құлықсыз болады. Бірақ олардың барлығын мектепке даярлықсыз келгендердің қатарына біріктіреді. Қазіргі уақытта баланың мектепке психологиялық даярлығы деп оның оқушыға қойылатын нақтылы талапты игеруін емес, осы талаптар қалыптасуының алғышартын меңгеруін есептейді. Кейбір зияты зақымдалған оқушылар мектеп ережесін айтарлықтай сақтайды, өздерін сабақта отырғанда тәртіпті ұстайды, бірақ барлығында да танымдық қызметінің бұзылғандығы байқалады, мұндай кезде танымдық қызметінің даму деңгейі балалардың меңгерген білімінің сапасына байланысты болады. Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі арнайы мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлелденген. Сондықтан жаңа оқу жоспары бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңі оқу және тіл дамыту сабақтарында қайталанады, себебі білім сапасы өте төмен болғандықтан бірінші немесе дайындық сынып оқушылары әліппеге дейінгі және әліппе кезеңінде оқуға және жазуға дағдылана алмайды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың түсіну, ұғыну және есінде сақтау, ойлау қабілетінің және сөйлеу тілінің бұзылғандығы оларды зияты жетілген балалардан айырып тұрады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы өте көп кездеседі. Импрессивтік (түсіну) және экспрессивтік (белсенді) сөйлеу тілі де бұзылады. Сөйлеу тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтарының, сондай-ақ диалогпен байланыстырып сөйлеуінің бұзылатындығы байқалады. Сауатын ашу, яғни оқу мен жазуға алғашқы дағдылану үшін ең алдымен фонематикалық есту қабілетінің және сөйлеу тілінің айтылу жағының жеткілікті түрде дамуы қажет екені белгілі. Сөзден дыбысты айырып ала білу, оны ұқсас дыбыстан ажырата білу, сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуын анықтау, оның сөздегі орнын таба білу, сөздердің құрамына кіретін дыбыстардың жүйелілігін анықтау, оқу мен жазу үйретудің міндетті шарты болып табылады.
Көптеген дефектологтардың деректері бойынша дыбыстардың айтылуындағы бұзылыстар сау балаларға қарағанда зияты зақымдалған балаларда жиірек кездеседі. Көпшілігіндегі мұндай бұзылыстар артикуляциялық аппарат соншалықты бұзылмаса да, фонематикалық есту қабілеті нашар дамымағандықтан болады деп түсіндіреді. Оқу мен жазу дағдыларын қалпына келтіруге фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуымен қатар, басқа да психофизикалық сыңарлары (компоненті), соның ішінде көру түйсігі және кеңістікті бағдарлауы, қимылы, жазуға үйрету кезінде ең алдымен қолдың ұсақ бұлшық еттері қимылдары дамуының маңызы бар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың көру түйсігі мен түсінуінің кемістіктері әріптердің бейнелерін, олардың кеңістіктегі орналасуын анықтауды қиындатады. Сөйлеу тілі дамуының және жалпы, фонематикалық есту қабілетінің көру және кеңістікті түйсінуінің және түсінуінің, қимылының бұзылуы зияты зақымдалған балалардың барлығында да байқалады.
Балаларды сауатын ашуға дайындау, ал келешекте оқу мен жазу дағдысын жетілдіру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің грамматикасын меңгеру үшін әліппені оқытуға дейінгі кезеңде шешетін негізгі мәселелер:
1)мүмкіндігі шектеулі балаларды алғашқы тексеру; 2)оқуға ынтасының өсуі;
3)қарым-қатынаста сөйлеу дағдысын жетілдіру; 4)фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;

  1. артикуляция аппараты мен қолдың ұсақ бұлшық ет қимылдарын

дамыту;

  1. көру және кеңістікті түсінуін (және түйсінуін) қалпына келтіру; 7)қол қимылдарын түзету, жазып үйренуге дайындау.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет