Бектаева. К. Көмекші мектептерде ана тілін оқыту әдістемесі. Алматы. Мектеп.2004
Қазыбаев С.. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. Алматы. Мектеп.1985
Ана тілі сабағындағы сөздікпен жұмыс
Сөздің мазмынын анықтауға арналған әдіс тәсілдер.
Оқушылардың сөздік қорын молайту.
Оқушылардың сөздік қорын белсендіру.
Арнайы мектептерде сөздіктермен жұмыс істеудің маңызы зор. Жалпы қалыптасқан тәртіп бойынша есі кеміс оқушыларға арналған сөздіктердің сипаты да өзгешелеу болатындығы белгілі. Көбіне-көп оларда біркелкілік басым және сын есім, көмекші етістіктер, дерексіз ұғымдағы жалпы (жинақтау) мағыналы сөддердің қоры өте шағын. Көп мағыналы сөздерді, әсіресе, олардағы түсініктің ауысып отыратындығын ұғыну балаларға өте қиынға түседі. Сөздердің басым бөлігі пассив сөздікте берліген.
Ақыл-есі кем балалар айналадағы дүниені сол қалпында, нақты түрінде қабылдайды. Соның салдарынан олардың сөйлеу тілінде заттың тура мағынасы басым келеді де, оның сөздік ұғымы деген түсінік тіпті болмайды.
Осы айтылған ерекшеліктерді ескере отыры, оқу сабағы кезіндегі сөздік жұмысының мазмұнына мыналар енуі қажет:
Таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру;
Сөздің контекстегі мағыналық реңкін айыра біліп, оны сөйлеу тілінде дұрыс қолдану;
Сөздердің бейнелі, адамның сезіміне әсер ететін реңкіне (эмоциональды), өңіне (экспрессивті) көңіл аударту.
Сөздердің мән-мағынасына түсінік беру жұмысы сабақтың үш түрлі кезеңінде жүзеге асуы ықтимал. Балалармен алғашқы әңгімеде оқылатын мәтінді толық қабылдауға кедергі болып тұрған таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіріп өту қажет. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «таза бұлақ» әңгімесін бастар алдында бұлақ, ғибрат, сусаған, ынтық сияқты сөздерді түсіндіру керек. Мәтінді алғаш оқу кезеңінде мүғалім оқушыларға таныс емес сөздердің мағынасын басқа синонимдермен ауыстыруы немесе оларға тән қимыл-әрекеттерді көрсетумен де аша алады.
Мысалы, С.Сарғасқаевтың «Шыбық» деген әңгімесіндегі: «таңданған-аң-таң;жайдарыланасөйлеп–күліпсөйлеп;қыңыраябереді–жантаябереді»
сөздерін осы амал-тәсілдермен түсіндіруге әбден болады.
Сөзбен жұмыс істеудің негізгі кезеңі мәтінді оқып, оның мазмұнын талдап, әбден ұғып алудан басталады. Өйткені сөздердің нақтылы ұғымы контексте байқалады, ал қазақ тіліндегі лексикалардың көбі сан мағыналы болып отырады.
Сондықтан да мәтінді оқу, талдау үстінде оқушылар сөздердің мән- мағынасын дұрыс, дәл және айқын қаблылдай алады. Оқу сабағын жүргізу кезінде байқалғанындай, сөздік жұмысын ұйымдастыру кезінде іс жүзінде өрескел қателіктер жіберіледі. Олардың сыры мынада:
таныс емес сөздер бөлініп алынып, жоғарыдан төмен қарай тізіп жазылады да, олардың мағынасы мәтін мазмұнынан тыс түсіндіріледі. Мәтіннен жұлып алынған сөздің мағынасын оқушыларға ұғындыру оңайға түспейтіндігі анық;
саны өте көп сөздерге өте ұзақ және жалықтырғанша түсінік беру оқушыларды қажытады әрі олардың жұмысқа деген ынтасын төмендетеді;
жеке алынған сөздер мәтін мазмұнымен үйлесімін тауып тұрған бояуынан, өзіндік үнінен толық айырылады. Соның салдарынан, түсінік берілген сөздер сөздікте де, оқушылардың есінде де сақталмайды әрі жатталмайды.
Кейде таныс емес сөздердің мағынасын қалыптасқан сұрақтарға еліктеу арқылы түсіндіру де кездеседі. Мысалы, «Мынасөздіқалайұғасың?», «Тікұшақ» дегеніміз не» - деген сұрақтар берілсе 3-сыныптың баласы оған былай деп жауап береді: «Бұл – машина, ол аспанда ұшады.» Оқушыларға мұғалім тікұшақтың суретін көрсетіп, оны ұшақтың суретімен салыстыруы қажет еді. Немесе: «Сендермына«қиылыпсұрағанымен»дегентіркестіқалайтүсінесіңдер?»- деп мұғалімнің қойған сұрағына оқушы: «Көпсұрағанымен», - деп жауап береді. Мұндай жағдайда мұғалім балама сөздерді
айтып, мысалы, «жалынып, өтініп сұрағанымен» деген тәрізді сөздер деп түсіндіруге тиіс.
Қорыта айтқанда, сөз мағынасын түсіндіруде ойланбай қолданылған тәсіл мұғалімді дөрекі қателіктерге ұрындыруы ықтимал (оған оқушылардың қателескен жағдайлары дәлел бола алады).
Көмекші мектептің оқу кітабында кейбір таныс емес сөздер бөліп көрсетіліп, олардың мағынасына түсінік беріліп отырған. Дегенмен мұндай мәтін түсініктемелер де балаларға жете қоймайды. Сондықтан оларды қайталап, дәлірек және анығырақ ұғындыруға тура келеді.
Сөздердің мән-мағынасын анықтауда қажетті әдістемелік амалдар:
затты, макет (үлгі), іс-әрекет, сурет, сызба, заттың қабаты, тақтаға бормен түсіндірген сурет тәрізді көрнекі құралдарды пайдалану;
сөз мағынасына кеңірек түсінік беру: дырдай-үлкен деген мағынада, бұл сөз «дардай» деп те айтылады;
сөздік құрамға да көңіл бөлу;
сөздің жалпылама (абстракты) мағынасына түсінік бергенде «намыс, ар, парыз, алғыс тәрізді), балалардың өз өмір тәжірибелеріне сүйенген жөн;
контексте балаларға жете таныс емес сөздер бөлініп алынады. Енді олар сөздердің мағынасын контекстегі мазмұнға негіздей отырып, өз беттерінше түсіну жағы ойластырылады (мәтінен контексті бірнеше рет қайталап оқу арқылы сол сөздердің мән-мағынасын түсіне алады).
Сонымен оқушының сөздік қорын толықтырып, дамытып, анықтап қана қоймай, олар өздерінің сөйлеу тілдерінде сол сөздерді еркін пайдалана алатындай болуларын мұғалім әрдайым бақылап, көмектесіп және нақтылы түзетулер жасап отырады.
Шығарма тіліне мағыналық талдау жасаған тұста көп мағыналы, ауыспалы, бейнелі, эксперссивті мәндердегі сөздермен де жұмыс жүргізу қажет.
Шығарманың көркем бейнелері мен оқиғаларын және оның идеясын түсінуге қажетті жеке сөдер мен сөйлемдер көзге түсерліктей белгімен бөліп көрсетіледі.
Зат пен оқиға қандай сөздермен суреттелгенін және олардың атқаратын қызметін анықтап, түсіндіру қажет. Сонымен қатар, автор таңдауындағы сөздердің рөлін саралап, жекелеген стильдік оралымдар мен грамматикалық көрсеткіштердің қызметін (метафоралар,салыстырмалар,эпитеттер, жұрнақтар, т.б.) анықтап көрсеткен жөн.
Сонымен оқушылардың сөдік қорын толықтырып отыру ана тілін оқыту сабағының ажырамас бөлігі болып саналады.
Шығарманың мазмұнын ашуға, дәлдікті, тілдің айқындылығы мен мәнерлілігін түсінуге әрі оқушылардың белгілі бір аядағы сөздерді және олардың мән-мағынасын меңгеру, түсініп алуына жағдай туғызылады.