Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет39/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

Әдебиеттер:


  1. Гнездилов М.Ф. Методика обучения русскому языку во всп.школе. М. 1965

  2. Бектаева. К. Көмекші мектептерде ана тілін оқыту әдістемесі. Алматы. Мектеп.2004

  3. Қазыбаев. С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. Алматы. Мектеп.1985



5. Төменгі сыныптарында көркем шығармамен жұмыс


  1. Көркем шығарма оқудағы жұмыс кезеңдері: а) Алдын ала әңгіме

ә) Оқытушының мәтінді оқуы б) Мәтінді қайталап оқу кезеңі в) Оқығанды айтып беру
г) Қорытынды әңгіме

  1. Ертегілерді оқу

  2. Әңгімелерді оқу

  3. Өлеңдерді оқу

  4. Мысалдарды оқу

Арнайы мектептердің жұмысында әдебиеттік оқу сабағын оқыту - білім мен тәрбие беру ісін жүзеге асырудың ең маңызды құралы болып есептеледі. Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабағын оқытудың ең бірінші міндеті- балалардың бойында саналы түрде, дұрыс және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырып, оларды әдеби шығармалармен жұмыс істей білуге үйрету. Мұнда балалардың кітап оқып үйренуі – ең негізгі мәселе. Сонымен бірге, көмекші мектептердің оқушыларына эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруді жүзеге асыруға көмектеседі. Тек әдебиеттік оқу сабағы ғана балаларға туған жер табиғатының сұлулығын сезіне білуге, өз республикасының бұрынғы және қазіргі тарихы, әлеуметтік жағдайымен танысуға мол мүмкіндік береді. Тәрбие өрісінің әсері, балалардың шығарманы эмоциялық ішкі жан дүниесімен сезінуі мұғалімнің өз басынан өткендей етіп түсіндіріп, жеткізе білуіне байланысты.
Сөйтіп, тәрбие жұмысы мен әдебиеттік оқу сабағынның міндеттерін бір- бірінен бөліп қарауға болмайды, қайта олар бірін-бірі толықтыра түседі. Осының өзі білім беру процесін тәрбие жұмысымен байланыстыра жүргізу керектігін айқындап отыр.
Сыныпта оқылатын әдебиеттік оқу сабағының негізгі міндеті - таным мен тәрбиені ажыратпай, бір процесс ретінде қарай отырып, мектеп оқушыларының қоғам туралы пікірін саналы түрде қалыптастырып, әдеби- көркем шығармаларымен танысып және ғылыми- көпшілік мақалаларды оқып, талдай білуге үйрету болып табылады.
Арнайы мектептерде әдебиеттік оқу сабағының жалпы міндеттеріне қоса ақыл-есі кеш дамитын балалардың тілдерін түзетуге, жылдам оқып үйренуіне, логикалық ойлау қабілеттеріндегі кейбір кемістіктерді жоюға, әсіресе баяндалмаған күрделі оқиғалар мен құбылыстардың арасындағы байланыстарды түсіндіріп, ретімен, бір-біріне байланыстырып талдай білуге үйрету мәселелері де кіреді. Оқылған материал бойынша қосымша жұмыс істеп, көп жағдайда кейіпкерлерді көз алдына елестете білу, кететін кемшіліктерді толықтыру, бұзып сөйлейтіндердің сөздік қорын арттырып, тілін түзету, сөйлем құрастыруды үйрену, ойлау қабілетін жан-жақты дамыту үшін керек.
Көркем шығарма оқушының қиялына әсер етіп, саналы да сапалы тәрбие беретін құрал болып табылады.
Шығарманы оқушылар мәнерлі сезініп, түсіну үшін олардың бірінші қабылдауы толық болуы керек. Балалардың белгілі дәрежеде көңілін көтеретін, ой мен сезімін реттейтін әуелде дайындалған әңгіме – олардың құлшына да қызығып қабылдауына әсер етеді.
Көркем шығарманы талдау бүтіннен, жекеден басталады да, алған білімін қорытынды әңгімеде тұжырымдаумен аяқталады. Үлкен тәрбиелік мәні бар көркем шығарманы оқу сабақтарындағы жұмыс кезеңдеріне тоқталайық.
Алдын ала әңгіменің мақсаты – оқушыларды көркем шығарманы қабылдауға дайындау. Оқудың алдында оқушылармен бастапқы жұмыс істелінеді. Онда оқуға қызықтыру үшін жағдай жасалады, оларды мәтінді сапалы сезініп, дұрыс бағыт алуға дайындайды. Оқуға дайындау әр түрлі жолмен жүргізіледі, ал шығармаға байланысты оқиғаны кейде балалар өздерінің өмірден алған мәтінінің мазмұнына жақындатып айтады.
Бұдан мұғалім оқушының білім деңгейін біледі. Кей кезде мұғалім өзі балаларға шығарманың мазмұнын түсіндіретін мәліметтерді айтады. Кейде алдын ала әңгімеде серуеннен алған әсерлері пайдаланылады. Кейбір жағдайда оқудың алдында ыңғайлы суреттер, диафильмдер мен
кинофильмдерден үзінділер көрсетіп, күйтабаққа жызылған материалдарды тыңдатқан пайдалы.
Алдын ала дайындыққа сөздік жұмысы бөлімі де кіреді. Бұл жұмыстың кезінде білмейтін жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі, түсінділілуге алынған барлық сөздер балалардың немесе оқытушының күнделікті сөздеріне енуі керек. Өйткені тек мәтіннен алынған сөздер ұғымды болмайды. Алдын ала сабақтағы жұмысқа 3-7 минут бөлу керек.
Бұл кезеңнін негізгі мақсаты - оқығанды игеріп, оған талдау жасау. Мұғалім мәтінді алдын ала мәніне қарай бөлімдерге бөледі. Оқушылар әр бөлімді оқыған соң, оның мазмұнын, негізгі ойын, түсініксіз сөздер мен сөйлемдердің мағынасын анықтайды. Оқушылардың тиісті сұрақтарынан кейін оларды шығармадағы кейіпкерлерге деген көзқарасын анықтайды. Бұл кезеңде айтылған жай суретпен сипатталып, мысалдар қолданылады (мазмұнына сәйкес).
Қайталап оқудың мақсаты - балалрдың ойында оқыған шығарманы сақтап, одан алған әсерін мәнерлеп оқу арқылы нығайту. Мұнда әр түрлі әңгімені қайта оқу, өзінше олардың бөлім шекараларын анықтау, рөлге бөліп оқу, мәнерлеп оқу жаттығулары, талдап оқу тапсырмалары болады. Бұл тапсырмаларда мұғалімнің түсіндіруі оқуға деген уақытты үнемдеу үшін мұқият ойланып, дайындалап, басқа әңгімеге уақыт кетпеуін қарастырғаны жөн. Мәтінді қайталап оқу да жоспар жасау жұмысымен байланысты.
Оқығанды айтып берудің мақсаты – оқушылардың оқығанын, мазмұнды қаншалықты дұрыс түсініп, сезінгенін анықтайды. Мазмұнды баяндағанда оқушылар өз сөздерімен айтуға, жоспарлы біркелкі айтуға жаттығады.
Шығарманың мазмұнына, көлеміне, көздеген бағытына, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сабақты қайта айтып берудің түрлері қарастырылалы: ауызша суреттеу, толық, қысқаша айту, іріктеп (теріп) айту, басқаның атынан айту, ұқсастырып айту.
Қорытынды әңгіменің мақсаты-оқушылардың терең ойлап, барлық қорытындыларды түсінуі. Бұл әңгімеге қорытынды сұрақтары енеді. Мұнда кейіпкерлердің мінез-құлқы талқыланып, оқушылар мен мұғалімнің өмірге деген көзқарасы анықталады. Қорытынды әңгімелер шығарма толық оқылып біткенде өткізіледі.
Ертегілер өзінің әйгілі оқиға желісмен (сюжетімен), анық ретті әрекетімен, жеңіл есте қалатын қайталауларымен, жақсылықтың жамандықты сөзсіз жеңетіндігімен балалардың ең сүйікті әдеби шығармалары болып есептелінеді. Ертегілер – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Көп жылдар бойы олар біреуден – біреуге ауызша айту арқылы тараған.
Ертегілердің дәстүрлі басталуы мен аяқталуы, өз ерекшеліктеріне сай тыңдаушыларға шебер айта отырып, оқығанды қажет етеді. Ертегілерді оқып айтуды мұғалімнің ауыз әдебиетінде кездесетін дауым ырғағын лайықтап келтіре оқуы, тыңдаушыларға ертегінің мазмұнын жеткізе отырып, өзінің сол оқиғаларға, кейіпкерлерге деген көзқарасын білдіруі сезімге әсер етеді. Ертегідегі шындық пен әсірелуді ашуға асығудың қажеті жоқ. Оны жанрдың ерекшелігіне орай сабақтың соңында немесе қорытынды әңгімеде әңгімелеу жөн.
Ертегіні оқып болған соң, оқушылардың түсінбеген сұрағын сұраудың қажеті жоқ, себебі ол олардың ертегіге деген сүйіспеншілігін, сезімін әлсіретеді. Келесі жұмыс- түсініксіз сөздерді табу және ұғындыру, айту оқушылардың ойын ертегіден басқаға аударады. Мұғалім алдын ала қай сөзді ертегіні оқу алдында түсіндіру керектігін, қайсысы оқу барысында сурет арқылы түсіндіруді қажет ететінін білу керек. Өйткені балаларға бұл сөйлем сөз құрамында түсінікті болады.
Ертегілерді рөлдерге бөліп оқуда үлкен жауапкершілік керек. Бұл әдісті тек қана балалар ертегінің мазмұнымен, кейіпкерлер мінезімен танысып болған соң ғана қолданған жөн. Ертегілер өзінің ашық, нақты, мәнді, мағыналы тілімен жоспарлы жұмыс істеуді, түсінік айтуды қажет етеді. Оқушыларға ертегіден түсінік айтқыза отырып, олардан ертегінің стилін сақтауды талап ету керек.
Әңгіме дегеніміз – оқиғаны шындық түрде, яғни шынымен өмірде болған немесе болатын оқиғаны суреттеу. Әңгіме бәрінен бұрын бір эпизодқа, яғни негізгі кейіпкерлердің өмірінде болған бір оқиғаға негізделеді. Мазмұны, көркемдігі жағынан әңгіме әр түрлі болып келеді. Әңгімелер балаларды жақсылыққа баулитын үлгіде құралады.
Өлеңмен жұмыс істегендегі негізгі міндет – балалардың сана-сезіміне әсер ету. Сондықтан тақпақтарды талдауға дайындалғанда ол қандай өлең, қандай әсер береді, қандай көріністерді суреттейді және мағынасына қарай оны қалай бөлу керек: сергек және көңілді немсе қайғылы және ойлап оқу, салтанатты, шабытпен немесе жай және байсалдылықпен оқу түрлерін мұғалім біліп, ерекше құлшынып айтуы керек.
Негізгі мақсаты – ақынның айтам деген ойына оқушылардың сезімін, өресін жеткізіп, түсіндіре білу.
Ең алғаш мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңде толы, әрбір сөзге тоқталып талдаудың қажеті жоқ. Ол оқушылардың ішін пыстырады, сезімін бөгейді. Одан да өлеңді қайта оқыған жақсы. Өлеңді оқығанда мынаны есте сақтау қажет: бірінші оқыған кезде сұрақ қою, екіншісінде басқа тақпақты өз
сөзімен айтуды талап ету. Өлең бәрін жаттау шарт емес. Көлемі үлкен өлеңді ғана мәнерлеп оқу үшін беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет