Л.Ф. Островская болса ӛзінің зертгеулерінде, балалардьщ қыңырлы болуы оны дҧрыс тәрбиеле- меу
жэне оның психофизиологиясы мен жас ерекшеліктеріне байланысты [3].
Қасарушылықтың туындау себептерін талдасақ, ол мынадай қорытындыға келді, бала еркіндігіне бӛгет
жасап, шектеген кезде, яғни, ӛзінің қалауы бойынша, ӛз бетімен, ӛз еркімен шешім қабылдауға шек қойған
кезде қыңырлық пайда болады.
В.Д. Шадриковтың [5] зерттеулері кӛрсеткендей, іс-әрекетгің жағымсыз қасиеттері мен ерекше- ліктері
дҥрыс тэрбие бермеудің нэтижесі болу мҥмкін. Автордың пікірі бойынша, бала бҥл кезенде еркіндік
атмосферасында ӛседі, бір сҥрағаннан бэрін иеленеді, ал оның қылықтарына шек қойылмай- ды, осыған
орай балада ӛз іс-әрекетінің ережелері мен нҥсқауларын басқару қабілеті қалыптасада. Оның іс-әрекеті мен
қылықтарында «мен талап етемін» мотиві елеулі орын атқарып, «керек» мотивін ӛзіне бағындырады.
Балалар ӛз іс-әрекетгері мен қылықтары жайлы басқа балалардьщ қажеттіліктері жайлы ақылдаспайды, сол
себептен балалар бір-бірімен ҥрысып кикілжіңді жағдайға ҥшырайды.
Осылайша, эмоционалдық тҧрақсыздық пен қалыпсыздық темперамент пен жҥйке қызметінің дербес
ерешеліктерінің нәтижесі болуы мҥмкін. Сылбырлық пен қимьшсыздық флегматиктерге тэн,
қозғалғыштық пен тҥрақсыздықдың ӛзгеруі сангвиниктер мен холериктерге тэн, ӛзінде батылдықтьщ
болмауы меланхоликтерге тэн.
А.И. Захаров [2] тәрбиелеудің мынадай негізгі шамаларды бӛліп кӛрсетеді: тҥсінбеушілік; қабылдамау;
талаптарға сәйкессіздік; балалармен қарым-қатынастағы икемсіздік; балалармен жҥмыс жасағанда
бірқалыпсыздық; ересек адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың келіспеушілігі; Сонымен қатар,
ересек адамдардың балаға деген қарым-қатынасындағы мынадай себептер болуы мҥмкін: аффектілік;
алацдаушылық; басымдылық; гиперәлеуметгілік; сенімсіздік; жеткіліксіз кӛңіл бӛлу; қарым-қатынастағы
келіспеушіліктер.
Автордьщ анықтауы бойынша, егер ересек адамдар ӛзінің жеке дербес проблемаларына кӛп кӛңіл
аударғанда, балада ауытқушылықтар пайда болады.