«Арнайы педагогика» сериясы Серия «Специальная педагогика» №3-4 (30-31), 2012 Материалы круглого стола «Практика обучения и воспитания детей



Pdf көрінісі
бет54/87
Дата07.10.2024
өлшемі1,59 Mb.
#147049
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   87
Байланысты:
33-31-PB

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің Хабаріиысы, «Арнайы педагогика» сериясы №3-4(30-31) 2012 ж. 
себептерге байланысты); 6. қатыгездік; 7. бас — 63 -------------------------------------------------------------- 
бостандығынан 3 жыд немесе одан кӛп жылга айырылуы; 8. физикалық жэне жан ауруларына 
шалдығу; 9. ата-аналардың жэне басқа туысқандарының араласуы; 10. эйелдің бала кӛтере алмауы; 
11.
басқа да себептер. 
Кӛрініп тҧрғандай, бҧл классификация алдыңғы екеуін толықтырады. Осыдан келіп, ғылыми 
тҧргыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері жэне ажырасу мотивтерінің кӛлемі кеңейе 
беретіндігін байқауға болады. 
Ажырасу жағдайы мотивтерінің әртҥрлілігіне байланысты бҧл мэселе бойынша мотивтерді 
объективті емес, субъективті турде талқьшау қажет етіледі. Ажырасушы жҧптардың ажырасуының 
субъективті мотивтері эрқашан әртҥрлі болады. Мҥндай мотивтер арқылы некені бҧзушылардың 
шынайы себептерін талдау қиынға тҥседі. Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен ауысуы 
мҥмкін. Мысалы, кҧйеуі әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотга ол ажырасудың себебі 
әйелінің нашар адам, ӛзінің ҥй шаруасын дҧрысатқармайтындығымен тҥсіндіруі мҥмкін. Сол ҥшін 
шынайы себепті анықтау ажырасу процесінің материалын зерттеу кезінде қиындық туғызады [4]. 
Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің ӛмірлеріндегі маңызды оқиға. Бҧған ҧзақ уақыттық 
мотивация процесінің жҥруі кіреді. Бҧл - тҧлғалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар, 
кӛзқарастар, кҧн- дылықтық бағдарлары жағынан қалыптасқан кӛзқарас бойынша жан-жақты 
қарастырылып қабылдан- ған шешім. Бҧл - мінез-қҧлықтың ӛте кҥрделі формасы, онық шартгы 
атауы ажырасу мінез-қҧлкы. 
Ажырасу процесі мотивтерінің ар жағында біз есепке алмайтын басқа да себептер мен мотивтер 
жатуы мҥмкін. Мысалы, «мінездеріміз сэйкес келмейді» деген стереотипті ойлау. Егер жҥбайлар 
бірнеше жылдар бойы бірге тҧрып, арман-тілектерін сәйкестендіретін болса, «мінезіміз сэйкес 
келмеді» деген себеп туындамауы қажет. 
Осы мэселемен айналысатындардың зертгеулерінің нәтижесі кӛрсеткендей, ажырасу жағдайы 
кезінде ең кӛп эмоционалды кҥйзеліске тҥсетін - бҥл әйелдер мен балалары дейді. Бірақ, ата- 
аналардьщ кӛбі болған жағдайдың баласына, оның ішінде бойында тҥлғалық, физиологиялык 
ӛзгерістер болып жатқан жасӛспірім шақтағы баласына қалай эсер ететтіндігін, оған ата-
аналарының арасында таңдау жасау қандай қиын тиетіндігін мҥлдем ескермейтіндер кездеседі. 
Жасӛспірімдік шақтағы балаларда кӛптеген ӛзгерістер болып қажетгіліктер аясы кеңейе тҥседі. 
Отбасына деген қарым-қатынас ӛсе келе ӛзгереді. Олардың ата-анасының орнын енді қҥрдастары 
басатын болады (Х.Ремшмидтің айтуынша бҥл ата-ана «қҥнсыздануы»). Жасӛспірімдердің басым 
бӛлігі ҥшін ата-ана, эсіресе, аналары оларға ең эмоционалды жақын адамы болып саналады. 
Неміс психологтары жҥргізген зерттеулер мынадай қорытындыға келген: жасӛспірімнің басында- 
ғы қиын сәттерінде оның ең жақын жэне сенімді адамы анасы, ал одан соң жағдайдың қиындығына 
қарай, келесі кезекте экесі немесе достары тҥратын болып шыққан [5]. 
Алайда, «сен ӛміріндегі қиын сэттерде кіммен ақылдасар едің?» деген сҥрақ қойғанда ер балалар 
да, қыздар да бірінші орынға аналарын қойған. Ер балалар ҥшін әкелері екінші орында болса, қыз 
балаларда достары екінші орынды алып отырған. И.С. Кон осы мәліметтерге сҥйене отырып, кез- 
келген жасӛспірім қиын кезеңде анасына жҥгінетіндігін анықтады. 
Жасӛспірімдер ҥшін ата-аналардың маңызды функциясы - балаға ӛмірлік қиын мэселелерді 
шешуде кӛмектесу, тҥсіндіру, ақпараттандыру, ӛмірлік қырларды бағалауда ӛз әсерін тигізу. 
Жасӛспі- рім ересектердің әлеуметтік рӛлін игеруге интенсивті тҥрде беріледі, оның қарым-қатынас 
жасайтын ортасы тез ҥлғаяды жэне ӛз бетінше болуға барынша ҥмтыла отырып, ӛздеріне емірлік 
тәжірибені, ҥлкендердің кемегін қажет етеді. Ата-аналарының бҥл рӛлдерін жасӛспірімдер ӛздері де 
сезеді. 
Сонымен, біз мынадай ой тҥйініне келеміз, ата-аналардың ажырасуын міндетгі тҥрде 
ажырасудың психологиялық моменті деп белгілеу қажет. Себебі, кептеген ажырасуларға ата-ананың 
ҥзақ уақыттық конфликтілері тҥрткі болуы мҥмкін деген дәлел жиі кездеседі. Ата-ананың ҥзақ 
уақыттық конфликтілері кезінде олар бірнеше рет ажырасьга, қайта қосылуы мҥмкін. Ата-ананың 
осындай уақытша ажырасулары эрбір баланың ӛмірінде маңызды роль атқарады. Мысалы, кейбір 
балалар ӛзінің анасын немесе әкесін бір ай немесе бір жыл бойы асыға кҥтеді. Олар мҥңаяды, бірақ, 
дегенмен, денсаулықтары сау қалпында болады. Ал кейбір балалар ажырасқанның ертеңінде-ақ 
бірден ӛзгеріп, мҥлдем басқа болып кетеді, яғни бҥл баланың ажырасуды қалай тҥсінетіндігіне 
байланысты: әкесі немесе анасы мэңгіге кетіп бара ма, жоқ әлде қайтадан қайтып келе ме деген 
ойлардың мазалауы. 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №3-4(30-31) 2012 г. 
65
 
Әр жыл сайын ажырасудың әсерінен толық емес отбасының санына 700 мың отбасы қосылып 
отырады, ең ауыры, бала ата-анасының біреуінде тәрбиеленеді, ажырасу баланың психикалық 
дамуына кері әсерін тигізеді.



Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің Хабаріиысы, «Арнайы педагогика» сериясы №3-4(30-31) 2012 ж. 
Отбасындағы ажырасу жағдайымен байланысты болатын агрессиялар бар. Кӛптеген аналар ҥшін 
ажырасу жаңа бастау негізі болып табылады. Эрине, ӛткен ӛмір жеке басының толық 
қалыптаспаған- дығына кӛп із қалдырса, соғҥрлым балаға ашу-ыза, ҧят жэне т.б. сезімдерден жаза 
тиюі мҥмкін. Ата- ананың ажырасуы қай уақытта болмасын балаға ҥлкен қиындықтар туғызады. 
Кейбір ғалымдардың айтулары бойынша ажырасулардың ҧзақ уақытгық әсердің ерекше жэне 
ерекше емес тҥрлерін ажырата білу керек дейді. Анықталғандай, баланың ажырасуға дейінгі, 
ажырасу кезіндегі жэне ажырасудан кейін адмуының кҥрделі жағдайы корғанудың протогенді 
процестерінің мҥмкіндігін жоғарылатады. Осындай қорғану процестерінің нэтижесінде кҥрделі 
психикалық бҧзылыстар жэне де кейіннен невротикалық ауруға шалдықтыратын аса жоғары 
диспозицияның болуы. Бҥл невротикалық диспозицияларды ажырасудың ҥзақ уақыттық әсерінің 
ерекше емес тҥрі деуге болады, ӛйткені ажырасуды бала ӛзінде ӛмір бойы бейсаналы тҥрде сақтап 
жҥретін конфликтілердің маңызды эмоциялык факторы, яғни пайда болу факторы ретінде бағалауға 
болады. Балаға ажырасудан кейін кӛрсетілетін кӛмек жасалынуы қажет. Кӛп зерттеулерде ажырасу 
жағдайынан кейін кӛмек кӛрсетіле- ген балалар мен кӛмек кӛрсетілмеген балаларды салыстыруда 
балаларда едәуір айырмашылық кездескен. Мҧндай балалар, яғни дер кезінде психологиялық кӛмек 
алғаңдар ажырасудан кейін кӛптеген айлар бойы конфликгіге кӛлемді қорқыныштарды сыртқа 
кӛрсеткен, дегенмен отбасында ата-ананың біреуімен жалпы ншеленіс ӛсе тҥскен, бірақ ажырасудан 
кейін отбасылық жағдай қауіпсіздікті ҥсынғаны соншалықты, олар жағдайлардың ӛтуі барысында 
ӛздерінің қорғаныстарын біршама босата алды (әсіресе балалар әлІ жеткіншектік жасқа жетпеген 
кезде) [6]. 
Қорыта келгенде, отбасындағы ажырасу жағдайы отбасы мҥшелерінің барлығына, соның ішінде, 
жасӛспірімдік шақтағы балаларының енді ғана дамып келе жатқан тҥлғалық, эмоционалды, қарым- 
қатынас жэне т.б. сфераларына айтарлықтай зардабын тигізеді, Сондықтан да, отбасында 
ажырасуды болдырмау, олардың алдын-алу жолдарын қарастыру психолог мамандарыньщ ғана 
емес, сонымен қатар, жалпы қоғам алдында тҥрған ҥлкен міндет деп санаймын. 
1.
 
 Соловьев Н.Я. Развод как предмет социологического исселдования - М.: Мысль, 1996. 
2.
 
 Чуйко JI.B. Браки и разводы - М.: Статистика, 1980. 
3.
 
 Соловьева Н.А. Супружеские конфликты. - М.: Мысль, 1986. 
4.
 
 Кабакова М.П. Стабильная семья как основа гармоничного развития личности
 // 
Поиск. 2004 №2. 
5.
 
 Логушко Т. Как пережить развод. - СПб.: Питер, 2002. 
6.
 
 Лофас Ж., Сова Д. Повторный брак: дети и родители.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет