Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет23/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Төртіншіден
, тілге қоғамдық құбылыс ретінде талдау жасау. Арнайы 
педагогика үшін тұлғаның әлеуметтенуі мен тілдік аспектілерді 
әлеуметтік деңгейде игеру маңызды. Сөйлеу әрекетінің әлеуметтік жүйесі 
үшін адамдармен қарым-қатынасты тудырушы жағдайлар (әлеуметтік 
топтар, қоғам) орын алуы керек. 
Тілді игертудің әлеуметтік сипаттамасын анықтауда екі аспектіні 
(сөйлеуге қабілеттілік және сөйлеу әрекеті) бөліп қарастыруымызға 
болады. Сөйлеу қабілетінің әлеуметтік табиғаты тілді игерудегі белгілер, 
қарым-қатынасқа түсудегі әрекет формалары арқылы қалыптасады. 
Сөйлеу әрекеті (Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин) өмірге келгеннен кейін 
мәдени құбылыстарды, шындық құбылыстарды дайын күйінде қабылдауы 
үшін қажет. Шындық құбылыстар туралы білімді игеруде сөйлеу 
әрекетінің дамуына отбасы мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары 
қажет. Сөйлеу функциясының эволюциясы, диалогты және монологты 
сөйлеудің қалыптасуы, ішкі сөйлеу мен сыртқы сөйлеудің қалыптасуына 
байланысты психикалық дамудың кешеуілдеуі кезіндегі сөйлеу әрекетін 
игеру күрделі түрде өтеді. 
Бесіншіден

сөйлеудің 
патологиялық 
дамуы 
кезіндегі 
психолингвистикалық талдаулар сөйлеу әрекетінің қалыптасу кезеңдерін 
анықтауға мүмкіндік береді. Сөйлеудің патологиялық дамуы кезінде 
адамға нақты көмек түрлері қажет. Ол үшін сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді 
психолингвистикалық көзқарас тұрғысынан анықтап, кемшіліктің 
формаларын анықтаймыз: 
-
Сөйлеудегі 
психолингвистикалық 
кемшіліктер 
тұлғаның 
бұзылуымен, сананың, жоғары психикалық функциялардың бұзылуымен 
байланысты; 
-
Бас миының локальды бұзылуынан болатын тілдік кемшіліктер 
(афазия); 
-
Туа пайда болған немесе жүре пайда болған сенсорлық 
кемшіліктерге байланысты анықталатын тіл кемшіліктері (саңыраулық); 
-
Ақыл-ой дамуымен, психикалық дамудың кешеуілдеуімен 
байланысты тіл кемшіліктері; 
-
Тілдің моторлы дамуындағы кемшіліктермен байланысты 
анықталатын тіл кемшіліктері (тұтығу); 


62 
Арнайы педагогиканың әрбір саласындағы психолингвистиканың 
жетістіктері логопедияда (Л.Б. Халилова), сурдопедагогикада (Ж.И. Шиф, 
Г.Л. Зайцева), тифлопедагогикада (И.С. Моргулис, И.П. Чигринова) 
зерттеулерінде анық мазмұндалады. 
Сонымен, лингвистикалық және психолингвистикалық талдаулар 
арнайы педагогиканың негізгі түсініктерін анықтауға, сөйлеу тіліндегі 
кемшіліктердің классификациясын жасауға ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет