Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет22/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Екіншіден,
бала тілінің дамуы
маңызды мәселе болып табылады. 
Тілдің онтогенездегі даму қабілеті – бір жағынан ересек адаммен қарым-
қатынасқа түсу, екінші жағынан баланың танымдық әрекетінің даму 
процесі болып табылады. 
Психолингвистердің пікірінше, тілдің дамуы қарым-қатынасқа түсу 
қабілетінің даму көрсеткіші. Бұл жағдайда баланың алдында нақты 
коммуникативтік міндеттерді орындау талабы қойылады. Бұл міндеттерді 
шешу үшін бала сөйлеудің бірнеше құралдарына таңдау жасауы тиіс. 
Мұндай құралдардың қатарын баланы қоршаған ересектердің сөзі, 
сөйлеуді ұйымдастыратын синтагмалар мен сөйлемдер құрайды. 
Дегенмен, бала бұл құралдарды өздігімен қолдана алмайды, сондықтан 
бала естіген дыбыстарын, сөздерін сыртқы бейнесіне қарай қайталаумен 
ғана шектеледі. Физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік 
факторларға байланысты бала өзіне қойылған коммуникативтік қарым-
қатынасқа түсудегі нормалар мен талаптарды мүмкіндігінше орындайды. 
Осыған байланысты сөйлеудің қалыптасу кезеңі үш аспект (фонетикалық, 
грамматикалық, семантикалық аспект) бойынша айқындалады. 
1.
Бала сөздің дыбыстық құрамын ажырата алмайды; 
2.
Сөздің дыбыстық құрамын игерген, бірақ оны баяндаудағы 
құрылымдық заңдылықтардың сақталмауы; 
3.
Сөздерді зат атауларымен сәйкестендіру қабілеті қалыптасқанымен, 
сөздің мағыналық жағын, яғни байланыстырып сөйлеуді игере алмауы; 
Үшіншіден,
онтогенездегі символдық функциялардың дамуы. Л.С. 
Выготскийдің және басқа да авторлардың тұжырымдамаларында сөйлеу 
мен ойлаудың дамуы арасындағы байланыстарға болжам жасалады. Егер, 
ойлау мен сөйлеудің дамуының генетикалық түп-тамырынан бастап 
қарастырсақ, олардың дамуы параллель, біркелкі дамымайтынын, яғни 
белгілі бір кезеңге дейін ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз дамитынын 
білеміз. 


61 
Л.С. Выготскийдің пікірінше, екі жасқа дейін бала сөйлеудің 
символдық функцияларын игереді, осы кезеңнен бастап ойлау сөйлеуге 
ауысып, ал сөйлеу интеллектуалдық дамуды айқындайды. Мысалы, 
саңыраумылқау балаларды оқыту тәжірибесі оларды бірінші сөйлеу емес, 
алдымен заттық әрекет бірінші дамитынын көрсетеді. Сол арқылы мұндай 
балалар заттармен әртүрлі әрекеттер орындау арқылы тілді меңгере 
бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет