Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет25/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Психиканың дамуындағы
 
жалпы заңдылықтар
 
мыналар:
 
1.
 
Интеграция 
(кіріктіру) психикалық процестердің тұрақты және 
өзгермелі функционалдық жүйелерге бірігуі. Адамның жоғарғы 
психикалық функциялары интегративтік сипатқа ие. 
Мысалы, Л.С. Выготскийдің пікірінше, белгілі бір кезеңге дейін ойлау 
мен сөйлеу параллель дамиды және олар түрлі генетикалық сипатқа ие. 
Ойлаудың генетикалық тамыры заттық-практикалық әрекетке байланысты 
болса, сөйлеу қарым-қатынасқа байланысты айқындалады. Шамамен екі 
жасқа таман ойлау мен сөйлеу өзара айқасып, сөйлеу-ойлау әрекеті 
дамиды, яғни сөйлеу мағыналы күйге ауысып, ойлау қалыптасады. Бұл 
құбылысты ойлау мен сөйлеудің интеграциясы деп атаймыз. 
Барлық жоғарғы психикалық функциялар сөйлеумен байланысты, ол 
интеграциялану арқылы қалыптасады (логикалық ойлау сөйлеу, есте 
сақтау, ойлаудың интеграциясы арқылы дамиды). 
2.
 
Психикалық процестердің өзгермелілігі
– психиканың жалпы даму 
заңдылықтары ретінде анықталады. Осы кезде әрбір жоғарғы психикалық 
функциялардың қалыптасуындағы реттілік байқала бастайды. Әрбір 
психикалық 
функцияның 
қарқынды 
дамуы 
кезін 
сипаттайтын 
сензитивтік кезеңдегі 
психикалық функция өзінің ықпалы арқылы басқа 
функцияларды да тартып, дамытып отырады. Мысалы, олардың 
бірнешеуін қарастырсақ: 

0-3 жасқа дейін адамға тән психикалық процестердің негізі болып 
табылатын қабылдаудың қарқынды даму кезеңі; 


66 

1-3 жасқа дейін еріксіз зейін қарқынды дамиды; 

2-5 жасқа дейін сөйлеу дамуының сензитивті кезеңі болып 
табылады; 

3-7 жасқа дейін көрнекі-бейнелік ойлау мен елестетудің 
қарқынды даму кезеңі; 

10 жастан кейін сөдік-логикалық ойдаудың қарқынды даму кезеңі 
басталады. 
Сонымен, қалыпты психикалық даму әрбір психикалық функция үшін 
белгіленген кезеңдерді бейнелейтін 
гетерохрония заңына
тәуелді. 
Психикалық процестердің өзгермелілігі кризистік кезеңдерде (1 жасқа 
дейін, 3 жасқа дейін, 7 жасқа дейін, жеткіншектік кезең) өтпелі сипатта 
дамиды. 
3.
 
Психиканың берілгіштігі
- психикалық процестердің өзара 
байланысты өзгеретінін бейнелейтін заңдылық болып табылады. Қандай 
да бір психикалық функцияның жоғалуы кезінде адамның әлеуметтік 
өмірге бейімделуіне мүмкіндік беретін басқа психикалық функциялардың 
қабілеттілігі анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет