Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Арнайы педагогиканың дидактикалық қағидаларын ата, олардың
мәнін ашыңыз.
2. Арнаулы білім беру жүйесіндегі жалпы дидактикалық
қағидалардың жүзеге асырылуына сипаттама жасаңыз.
3. «Қалыпты жағдайға ұмтылу» қағидасын қалай түсінесіз? Мәнін
ашып көрсетіңіз.
4. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды арнаулы оқыту мен
тәрбиелеудегі әрекет ету қағидасына сипаттама жасаңыз.
§ 13. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1. Коррекциялық-педагогикалық процестің қозғаушы күштері
2. Оқыту әдістерінің классификациясы
3. Коррекциялық технология ұығымы
4. Тәрбие әдістері
Дидактикада
«оқыту»
түсінігінің
анықтамасы
түрліше
қарастырылған. Олардың бірі оқытуды оқушылардың танымдық әрекетіне
басшылық жасау деп көрсетілсе, екіншісі былайша беріледі, оқыту –
мақсатты түрдегі мұғалімнің арнайы түрдегі білім, іскерлік, дағдыны
қалыптастыру негізіндегі тұлғаның дамуына бағытталған процесс. Келесі
пікірде, оқыту-білім беру мен тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаны дамытуға
бағытталған, мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен әрекет деп
беріледі. Берілген анықтамалардың барлығында оқытудың мәні мен
мазмұны туралы айтылған.
Оқыту
– оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастырудағы
мұғалім әрекеті болса, екінші жағынан оқу материалы бойынша берілген
ақпараттарды қабылдаудағы, оны қайта өңдеудегі, білім, іскерлік,
81
дағдыны қалыптастырудағы оқушы әрекеті болып табылатын екі жақты
процесс. Осылайша, оқытудың мазмұнын субъект ретінде мұғалімнің
әрекеті, біртұтас педагогикалық процестің объектісі ретінде оқушының
қарым-қатынасы құрайды.
Арнаулы білім беру процесіндегі о
қыту процесінің ерекшеліктеріне
оқытудың мақсатты түрде құрылуы, оқытудың екі жақтылығы, оқытудағы
қарама-қайшылықтар, оқытудың жүйелілігі, оқытудың біртұтастығы,
оқытудың коррекциялық бағыттар жатады.
Оқыту процесінің аталған ерекшеліктерін есепке алуда оқытудың
динамикасы мен қорытындысын қамтамасыз етеміз. Арнаулы білім беру
жүйесіндегі
оқытудың негізгі міндеттері:
1.
Білім, практикалық іскерлік пен дағдыны, дүниетанымдық
көзқарасты
кеңейтудегі
оқушылардың
танымдық
әрекеттерін
ұйымдастыру;
2. Оқушылардың қабілетін, танымдық әрекеттерін қалыптастыру.
3. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өз бетінше жұмыс жасау
қабілеттеріне қарай ынталандыру.
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.
5. Ғылыми дүниетанымдық көзқарастардың негізін құру.
6. Әлеуметтік ортада бейімделуіне қажетті жағдай жасау.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері –
оқу процесі барысындағы
танымдық және практикалық міндеттер арасындағы қарама-қайшылықтар
болып табылады.
Қарама-қайшылықтар ішкі және сыртқы түрге бөлінеді. Сыртқы
қарама-қайшылықтардың түрлеріне оқытудың міндеттері мен оны
шешудегі шынайы қалыптасқан жағдайлар, оларды орындау жатады. Ішкі
қарама-қайшылықтарға тұлғаның білімді игеруге деген ынта-жігері мен
оған жетудегі қабілеті арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Арнайы
білім беру процесінде аталған қарама-қайшылықтар бала психикасындағы
жетіспеушіліктердің әсерінен күшейіп отырады. Кезкелген қарама-
қайшылық оқушының танымдық міндеттерді шешуде белсенді әрекетке
түсуі арқылы шешіледі.
Оқыту процесінің құрылымдары
оқытудың мақсаты, оқытудың
міндеттері, оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері, оқытудың
құралдары, оқытуды ұйымдастыру формалары, оқытудың қорытындысы
өзара байланыса отырып, күрделі динамикалық жүйені құрайды.
Оқыту процесінің құрылымын басқаша интерпретацияласақ, оқыту
процесінің құрылымы мақсатты түрдегі қажеттілік , мотивация, мазмұнды
әрекет, эмоциялық-ерік, бақылау және реттілік, бағалау, қорытындылау
компоненттерінен тұрады.
Көптеген педагогтардың пікірінше, оқыту процесі біртұтас жүйе
ретінде оқытудың мақсатын, оқытудағы жаңа ақпараттарды, мұғалім мен
82
оқушы арасындағы педагогикалық қарым-қатынас құралдарын, оқытудың
құралдарын, оқытудың формаларынан құрылады.
Оқыту
процесінің
құрылымдық
компоненттері
мұғалімнің
басшылығымен ұйымдастыру идеясын негізге алады.
Достарыңызбен бөлісу: |