Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет42/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытудағы кәсіптік енбекке 
оқытудың мәні мен міндеттері. 
2. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепте кәсіптік еңбекке 
даярлауына сипаттама беріңіз. 
3. Есту қабілеті зақымдалған оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау 
мазмұнының ашыңыз. 
4. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептегі кәсіптік 
еңбекті оқытуды ерекшелігі. 
5. Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп оқушыларын кәсіби 
еңбекке оқытуына сипаттама беріңіз. 
6. Ерекше қажеттілігі бар балаларды кәсіби еңбекке даярлауды 
жетілдірудің болашақ мүмкіндіктерін тұжырымдаңыз. 


108 
БӨЛІМ III 
АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ 
ЗАМАНАУИ ЖҮЙЕСІ 
§ 16. КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІНІҢ 
ҚҰРЫЛЫМЫ 
1.
 
Коррекциялық-педагогикалық үдерістің құрылымдық 
компоненттері. 
2.
 
Коррекциялық-педагогикалық үдерісті құраушы диагностикалау, 
мониторинг, кеңес беру жұмыстары 
3.
 
Арнаулы білім беру мекемелеріне арналған оқу жоспарлары мен 
бағдарламалардың құрылу ерекшеліктері 
Білім беру жүйесінің даму кезеңдері қоғамдағы әлеуметтік-
экономикалық өзгерістерге байланысты күрделеніп отырады. Бұл бір 
жағынан білім беру жүйесіндегі парадигмалардың өзгерісін айқындаса, 
екінші жағынан оқытудың мазмұнын айқындаудағы (саралап оқыту мен 
даралап оқыту, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқытудың формалары) 
шынайы механизмдерді қажет етеді. 
Қалыптасқан педагогикалық жүйелер жаңару мен даму үстінде. 
Шетелдік және қазақстандық теоретиктер мен практиктер әрбір баланың 
білім беру мекемесінде білім алуының жалпы даму ерекшеліктерімен 
қатар, спецификалық (жеке-психологиялық) ерекшеліктерін есепке алуды 
мойындауда. 
Жалпы ерекшеліктерге
қоршаған орта туралы түсініктер мен білім 
қорының аздығы, жалпы және ұсақ моториканың жетіспеушілігі, сөйлеу 
тіліндегі кемшіліктер, тәртіптің бұзылуы, коммуникативтік қиындықтар, 
кеңістік пен уақыт туралы ұғымдардың аздығы, танымдық процестердің 
төмендігі, өзіне-өзі сенбеушілік, эгоизм, пессимизм, өзін-өзі жоғары 
немесе төмен бағалаушылықты жатқызады. Бұл кемшіліктер құрылымдық 
ерекшеліктеріне қарай екінші кемшіліктер түрінде танылып, қиын 
оқушыларға тән сипатты береді. 
Осы кемшіліктерді жою үшін білім беру мазмұнындағы пәндерге 
өзгерістер енгізілген. Мысалы, пропедевтикалық кезеңдерге бөлінген 
бөлімдер оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктері мен жалпы 
білім қорын молайтуға арналады. 


109 
Спецификалық ерекшеліктер
орталық жүйке жүйесінің органикалық 
бұзылу себептерінен пайда болған кемшіліктер түрінде беріледі. Бұл 
жетіспеушіліктердің мінездемесі МШ балалардың оқу жоспары мен оқу 
бағдарламаларын құруда есепке алынып, бірінші кемшіліктерге көру, есту 
қабілетіндегі жетіспеушіліктер топтастырылған. Дамудағы бірінші 
кемшіліктерді жою үшін (көру және естудің, сөйлеудің жүйелі түрдегі 
бұзылуы, бас миындағы сөйлеу зоналарының зақымдануы) арнаулы білім 
беру мазмұнына коррекциялық пәндер енгізілмег. Мысалы, соқырларға 
білім беру мазмұнында балалардың кеңістікті бағдарлау мен икемділігін 
дамыту үшін оқу пәндері қарастырылса, саңырауларға есту қалдығын 
дамыту сабақтары, пәндік-практикалық әрекетті ұйымдастыру сабақтары, 
ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудағы арнайы пәндер оқытылады. 
Арнаулы білім берудегі коррекциялық-педагогикалық процесс өзара 
бір-бірімен байланысты компоненттерді анықтаушы біртұтас жүйені 
құрайды. Оның мазмұны жеке тұлғаның жалпы және үйлесімді дамуын 
анықтаушы міндеттермен анықталса, екінші жағынан білім берудегі 
ұжымдық, жеке оқытудың мақсат, міндеттерімен анықталады. 
Құрылымдық компоненттер мен коррекциялық-педагогикалық 
процестің мазмұны әрбір білім беру мекемесіндегі оқу бағдарламасымен 
анықталып, өздерінің ішкі жүйелік құжаттарын құрайды. 


110 
Әр мекемедегі кешенді бағдарламалар мен ішкі құжаттар негізінде 
педагог кадрлардың жұмысын регламенттейді. Аталған құжаттарда даму 
ортасы, оқу-тәрбиелік жұмыстардың міндеттері, педагог кадрлардың 
біліктілігін арттыру жұмыстарының мазмұны көрсетілуі тиіс 
Диагностикалық-кеңес беру жұмыстары, сауықтыру, коррекциялық-
дамытушылық, 
тәрбиелік-дамытушылық іс-шаралардың мазмұнын 
бейнелей отырып, коррекциялық-педагогикалық процесте ерекше орын 
алады. 
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім беру ұйымдарындағы 
(балабақшалар, 
арнайы 
мектептер, 
психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңес беруүйымдар, коррекциялық кабинеттер, оңалту 
орталықтар, инклюзивті оқыту жағдайы) психологиялық-педагогикалық 
процестің технологиясы мынадай міндеттерді шешуді көздейді: 

әр баланы жан-жақты зерттеу: ерте балалық шаққа тән оқу 
бағдарламасының деңгейлеріне сай жеке ерекшеліктерді, танымдық 
әрекеттегі ерекшеліктерді, эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерді, 
сөздік қор мен қоршаған орта туралы түсініктерді, түрлі әрекеттерді 
игерудегі іскерлік пен дағдыларды анықтау; 

типтік оқу бағдарламалар негізінде әр балаға арналған жеке 
бағдарламаларды құрастыру, жүзеге асыру; 

коррекциялық оқыту жағдайлары мен білім беру бағыттарын 
анықтауда бала дамуының динамикасын зерттеу; 

психологиялық-педагогикалық 
бақылау 
мен 
танымдық, 
эмоциялық-ерік сферасындағы әрекеттерді зерттеуде ұқсастықтарды 
саралау; 

мектеп бағдарламарын игерудің деңгейін диагностикалауда 
баланың мектепке оқуға дайындығын анықтаушы параметрлерді белгілеу 
және оқу бағдарламасын игертудің формаларына таңдау жасау. 
Сонымен, коррекциялық-педагогикалық процесс баланы оқыту 
міндеттері мен балаға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің 
жолдарымен байланысып отырады. Бұл міндеттерді шешу білім беру, 
білім берудің тиімділігі, оның бағасы туралы мәселелермен байланысты. 
Мұндай байланыстар барысында диагностикалау-мониторинг жұмысы 
анықталады. 
Дамудағы кемшіліктердің анықталуы мен байқалуы балаларды 
арнаулы (коррекциялық) мекемелерге, балабақша топтарына орналастыру 
мен топтастыруда қиындықтар туғызып отырады. Психологиялық- 
медициналық-педагогикалық кеңес беру үйымдары (ПМПК) мүмкіндігі 
шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін 
анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесінде оқытуға ұсыныс жасап, 
қорытынды шығарады. 


111 
ПМПК мамандарына осындай ұқсастықтарды диагностикалаудың 
міндетерін шешуде жоғары кәсіби қасиеттер қажет. Осылайша, топтағы 
оқушылар контингенті әр түрлі болуы мүмкін. Педагогикалық жағынан 
артта қалушылық балалардың әлеуметік бейімдеуін, білім беру ортасына 
үйренісуін қиындатады. Арнайы педагогика және психологиядағы 
мамандар жұмысының жетістіктеріне қарамастан, мүмкіндігі шектеулі 
тұлғаларды 
саралауда 
диагностикалау, 
жеке 
психологиялық-
педагогикалық көмек көрсету жұмыстары нақты зерттеулерді талап етеді. 
Бүл проблема білім беру жүйесіндегі интеграциялау тенденцияларымен 
байланысты өзектілігін арттыруда. Педагогтардан интеграциялау 
жағдайында балабақша түлектерімен, мектеп оқушыларымен жұмыс 
жасаудағы жеке оқыту бағдарламаласын құру талап етіледі. Мұндай 
жағдайларда баланың мүмкіндігі мен білім беру қажеттіліктерін анықтау 
үшін, тұлғалық және танымдық даму сферасындағы жекеленген 
жетістіктерді бағалау мен болжау құралы ретінде 
диагностикалық 
зерттеулер
қажет. 
Арнайы балабақшалар мен арнайы мектептердегі диагностикалық 
зерттеулер ПМПК зертеулерінде қолданылатын міндеттерден, әдістерден 
ерекше болады. ПМПК алдындағы негізгі міндеттер дамудағы кемшілікті, 
кемшіліктің мінездемесін, баланың білім алу мекемесінің түрін анықтау 
болып табылады. 
Арнайы білім беру ұйымдарындағы диагностикалау жұмыстары 
коррекциялық-педагогикалық процестің негізгі құрылымдық компоненті 
мен процестің тиімділігін арттырудың құралы. Жан-жақты түрде 
жүргізілген зерттеулердің нәтижесі жеке және топтық коррекциялық-білім 
берушілік 
бағдарламаларды 
құрып, 
коррекциялық-дамытушылық 
процестің тиімділігін анықтайды. Диагностикалық жұмыстардың 
ережелері Л.С. Выготский, А.Р. Лурия, В.И. Лубовский, Д.Б. Эльконин 
т.б. зерттеулеріндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет