Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет44/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау және мониторинг
 
психологиялық және педагогикалық 
мониторинг түрінде жүргізіліп, білім беру процесінің динамикасын 
анықтау, білім беру процесін ұйымдастыру барысындағы туындаған 
жағымсыз жағдайлардың алдын алу, оларды түзету, жою жұмыстарын 
көздейді. Білім беру жүйесіндегі мониторинг коррекциялық-дамыту 
бағдарламалары мен оқу-тәрбие процесіндегі тиімді технологияларды 
анықтауға жағдай жасайды. 
Арнайы білім беру мекемелері оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру 
барысында білім берумен қатар сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады. 
Мұндай жағдайлар ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде 
болуын, шығармашылыққа баулу жұмыстарының кеңінен қолданылуын 
жүзеге асырады. Мониторинг жүргізу психологиялық-педагогикалық 
процесті бақылауға алу, диагностикалау жұмыстарының қорытындысын 
шығару, оларға талдау жасау, арнаулы білім беру жүйесіндегі 
педагогикалық ұжымның жалпы жұмысын бақылауға алу, оның 
қорытындысын шығару, интерпретациялар енгізуде тиімді болып 
табылады. 
Арнаулы білім беру мекемелеріндегі мониторинг объектілері 
мыналар: 

баланың жүйке-психикалық және дене дамуы; 

баланың психоэмоциялық жағдайы мен бала тұлғасының дамуы; 

мектепке дейінгі ұйымның жалпы жағдайына бейімділігі; 

баланың түрлі әрекеттері кезіндегі дамуы (коммуникативтік, 
заттық, ойын, продуктивті, оқу әрекеті, т.б.) 

арнаулы мекемедегі жағымды жағдайлардың баланың жалпы 
дамуына әсері; 

емдік-сауықтыру жұмыстарының баланың дене дамуына әсері; 

инновациялық процестердің дамуы, оның білім беру мекеме 
жұмысының сапасын арттыруға ықпалы; 

тәрбиешілердің, 
логопедтердің, 
арнайы 
педагогтардың, 
психологтардың педагогикалық әрекеті, кәсіби деңгейдегі өсу жағдайы; 

арнаулы мекеме мен отбасының қарым-қатынас жасаудағы түрлі 
аспектілері; 

мектеп адаптациясы, үлгерім қорытындылары. 
Диагностикалау, бақылау-мониторинг жүргізу жұмыстары арнайы 
білім беру мекемесіндегі коррекциялық-педагогикалық процесті дұрыс 
ұйымдастыру, түрлендіру, жұмыстың тиімділігін көрсетуге бағыт береді. 
Кеңес беру 
жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балалармен арнайы 
мамандардың ұйымдастыруымен арнайы педагогтар мен ата-аналардың 
тапсырыстары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, алдағы жүргізілетін 


116 
жұмыстардың мақсаты мен міндеттері де анықталады. Кеңес беру 
жұмыстарын 
психологтар, 
логопедтер 
педагогикалық 
және 
диагностикалық бағытта жүргізеді. 
Кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырудың түрлі деңгейлері бар. 
Оларды жеке түрде қарастырсақ, бірінші деңгейінде кеңес беруді 
ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Екінші деңгейінде білім беру, 
іскерлік пен дағдыны игертудегі кеңес беру жұмыстары құрылады. 
Үшінші деңгейде қарым-қатынасқа түсу, шындық құбылыстармен 
танысудағы ақпараттарды игерту жұмыстары жүргізіледі. Кеңес беру 
жұмыстары барысында этикалық қағидаларды, психологиялық кеңес 
берудегі әдістемелік тәсілдерді есепке алуымыз қажет. 
Педагогика ғылымы мен білім беру тәжірибесіндегі маңызды 
бағыттардың бірі - коррекциялық білім беру мазмұны. Осыдан он жыл 
уақыт бұрын шамасында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім 
беретін мектепке дейінгі және мектептерде оқытудың жағдайлары туралы 
мәселелер көтерілген жоқ. Қазіргі күрделі теориялық және практикалық
өзекті мәселелердің қатарында психикалық және дене дамуында кемшілігі 
бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мен интеграциялау, коррекциялық-
дамыту оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыру басты мәселе. Шет 
мемлекеттерде жалпы білім беру мекемелеріне коррекциялық-дамыта 
оқыту жұмыстарын енгізу ісіне баса назар аударылған. Бұл мәселенің 
білім беру мазмұнын ғана қамтымай, әлеуметтік-қолдау мен қорғау 
туралы мәселе екенін есепке ала отырып, ҚР-ның бірнеше заңнамалық 
құжаттары негізінде бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. Оның 
ішінде ең маңыздысы «ҚР-ың 2011-2020 жылға дейін білім беруді дамыту 
Стратегиясы». 
Соңғы кездері коррекциялық білім беру мазмұны білім беру 
бағдарламалары мен білім беру мазмұнын түрлендіре отырып 
ұйымдастыруға бет бұрды. Көтерілетін мәселелердің мазмұны 
коррекциялық білім берудің психологиялық-педагогикалық аспектілеріне 
талдау жасау арқылы сипатталады. Ерекше білім алуды қажет ететін 
балаларды оқыту мен тәрбиелеу - күрделі әлеуметтік және педагогикалық 
мәселе ретінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды өз мүмкіндектеріне сәйкес 
қоғамдық өмірге араласуға, өз бетінше әрекет ете білуге қалыптастыруды 
мақсат етеді. 
Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы 
жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін 
жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар 
“Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің 
құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), 
білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және 
жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994). 


117 
Көрсетілен заңнамалық құжаттарда бекітілген арнаулы терминдердің 
мағынасына сәйкес түзету, қолдау жұмыстары ұйымдастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет