18
А.В.Луначарский басқарған Халық ағарту комиссариатының қарауына
ауыстырылады. Жаңа білім беру жүйесін көркемдеу ісі 1920-шы
жылдардың соңында ұйымдастырылады. Арнаулы білім беру жүйесін
қаржыландыру көзі ретінде алғаш рет мемлекеттік бюджет қабылданады.
1926 ж. Ресей Федерациясының Үкіметі бекіткен «Саңырау мылқауларға,
соқырларға және ақыл-ой
дамуы
кешеуілдеген балалар
мен
жасөспірімдерге арналған мекемелер туралы» жобада арнаулы білім беру
ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің регламенті беріледі. Арнаулы
білім берудің мақсаты мектеп пен еңбек арқылы қоғамдық пайдалы
еңбекке араласу деп белгіленеді.
Н.Н. Малофеев Кеңес Одағындағы арнайы білім беру жүйесінің
ерекшелігін цензалы білім беру сипатымен түсіндіреді. Кеңес Одағы
кезіндегі 1950-60-шы жылдары арнаулы білім беру ұйымдарының
диффиренциациясы жүзеге асады, яғни арнаулы білім беру ұйымдарының
жаңа типтері мен түрлері пайда болады; мектеп реформасын анықтаудағы
– (1959 ж.) міндетті 8 жылдық білім беру, одан кейін (1966 ж.) 10 жылдық
білім беру жүйесін енгізу арқылы олардың тізбегі кеңейеді.
1970-80-ші жылдары психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту
мен тәрбиелеу (ПДТ) жүйесі қалыптасады. 1981 жылы бұл балаларға
арналған мектептер ашылып, 1988 жылдан бастап жалпы мектептерде ол
балаларға арналған түзету сыныптары ашыла бастайды.
1980-ші жылдардың соңына қарай көмекші мектептерде ақыл-ой
дамуы күрделі түрде кешеуілдеген балаларға арналған эксперименттік
сыныптар алғаш рет ашылады.
1990 жылға қарай, яғни Совет үкіметінің құлдырауы кезенінде,
арнайы білім беру мекемелерінің жалпы саны 2789-ға жетіп, ол
мекемелерде 575 мыңға жуық бала білім алады. Олардың қатарында
арнайы мекемелердің 8 түрі және арнайы оқытудың 15 түрі болды.
1970-ші жылдардан бастап ашыла бастаған мектепке дейінгі
ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі 300 мыңға жуық бала тәрбиеленді.
Кеңес Одағы кезіндегі арнайы білім беру мәселесінің позитивті
жақтары ретінде мына жағдайларды қарастыруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: