Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет7/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

-
 
арнаулы білім беру жүйесіндегі құрылымдық жүйелердің пайда 
болуы, саралау, арнайы білімді қажет ететін тұлғаларды толықтай қамту; 
-
 
арнаулы 
педагогиканың 
әдіснамалық, 
теориялық 
және 
әдістемелік негіздерінің жоғары деңгейдегі дамуы; 
-
 
арнайы педагогикалық технологиялардың жоғарғы деңгейде 
дамуы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың түрлі категорияларын оқытудағы 
толықтай қамту жолдарының құрылуы (Л.С. Выготский, В.П .Кащенко, 
А.Р. Лурия, А.Я. Граборов, А.С. Грибоедов, Г.М. Дульнев, Ф.А. Рау, Н.А. 
Рау, Ф.Ф. Рау, Ж.И. Шиф, Р.М. Боскис, И.А. Соколянский, Р.Е. Левина, 
Н.Г. Морозова, Б.Д. Корсунская, М.С. Певзнер, А.И. Дьячков, С.А. Зыков, 


19 
К.Б. Бектаева, К.К. Өмірбекова, З.А. Мовкебаева, И.Г. Елисеева, А.Н. 
Аутаева және т.б.). 
Арнаулы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын 
қарастыра келе, Н.Н. Малофеев оны бірнеше кезеңдерге бөледі. 
1-ші кезең – (VIII ғ. – XII ғ.) агрессия, шыдамсыздық күйден 
мүгедектерді саналы түрде қабылдау кезеңі. 
2-ші кезең – ( ХІІ ғ. - ХVIIІ ғ.) мүгедектерді саналы түрде қабылдау 
кезеңінен саңыраулар мен соқырлардың оқуға мүмкіндігін анықтау, 
оларды жетім үйлерде оқытудың жеке формасымен арнайы білім беру 
мекемелерінде оқыту кезеңі. 
3-ші кезең – (ХVIIІ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы) сенсорлық кемшілігі бар 
тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжирибесінен дамуында ақауы бар 
барлық балалардың білім алуға құқылы екендігін мойындау кезеңі. 
4-ші кезең – (ХХ ғ. басы мен 1970-ші жылдарға дейінгі кезең) 
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық категорияларын оқытудың 
қажеттілігін мойындаудан оларға арнайы білім беру жүйесінің қажет 
екендігін анықтау, яғни арнайы білім беру жүйесін дамыту мен 
дифференциациялау кезеңі; 
5-ші кезең - (ХХ ғ. 1970 ші жылдарынан бастау алған уақыт) тең 
құқық пен тең мүмкіндіктерге, сегрегациядан интеграцияға көшу кезеңі. 
Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға білім 
беру тарихына шолу жасайтын болсақ, бірден екінші кезеңге көшуге 
болады, өйткені көшпенді қазақтардың мүгедек тұлғаларға шыдамсыздық 
пен агрессивті көзқарас туралы мәліметіміз жоқ. Мүмкін, көшпенділердің 
тұрмыстық өмір жағдайы мен ауа райы төзгісіз боғандықтан мүгедек 
балалардың ішінде өлімге ұшырауы жиі кездесетін, сол себептен ересек 
мүгедектер саны аз болатын. 
Сонымен қатар батыс елдегі көрініс алған мүгедек балаларға арналған 
діни-қайырымдылық ұйымдар біздің еліміздің дәстүрінде қалыптаспаған. 
Үшінші және төртінші кезеңді біріктіруге болады, өйткені арнайы 
білім беру жүйесі Совет одағы құрылғаннан кейін басталды. Қысқа уақыт 
мерзімде мүмкіндігі шектеулі балалардың әр категориясына арналған 
(соқыр, керең, тіл кемістігі бар, зияты зақымдалған және т.б.) арнайы 
білім беру жүйесі құрылды. 
ХХ ғасыдң 30-жылдарынан бастап республикамызда білім беру 
жүйесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі категорияларын 
(арнаулы білім беру мекемелерінің типтерінде дамуында кемшілігі бар 
тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу) саралау арқылы оқытумен қамтамасыз 
етті. Қазіргі уақытқа дейін арнаулы мекемелеріндегі оқытудың мазмұны 
мен формаларын қамтамасыз ететін 8 типтегі білім беру мекемелері 
жұмыс жасаған. Бұл кезеңдерде арнаулы мектептердің барлық түріне 


20 
арналған түрлі деңгейдегі бағдарламалар мен оқытуды ұйымдастырудың 
вариативтік формалары қалыптасқан болатын. 
Арнайы педагогиканың әдіснамасы мен теориялық негіздері шет 
мемлекеттердегі білім беру жүйесінің, арнайы педагогика мен арнайы 
психологияның дамуындағы әлемдік жүйелері ұсынған міндеттерді 
шешуді көздеп отыр. Дегенмен, ғылыми білімдер жүйесіндегі 
салыстырмалы талдаулардың қорытындысы кеңестік арнайы білім беру 
жүйесіндегі кемшіліктерді анықтауда. Оларды атап айтсақ: 

білім берудің цензалық сипаты дамуында кемшілігі бар 
балаларды «оқуға мүмкіндігі бар» және «оқуға мүмкіндігі жоқ» деген 
ұғымдармен ажыратуға бағыт беріп отырды; 

білім берудің құрылымдық және мазмұнды жақтарының 
біркелкілігі; 

мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлығына арнайы білім 
берудегі заңнамалық актілердің жоқтығы; 

жабық түрдегі ұйымдарда білім алатын тұлғалар мен қоршаған 
ортада оқшауланбаған тұлғалар арасындағы кедергілердің сақталуы; 

мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дамуындағы кемшіліктерді 
анықтау, диагностикалау және есепке алудағы мемлекеттік жүйенің 
жүзеге аспауы; 

күрделі және ауыр кемшілігі бар тұлғалар тәрбиеленетін 
отбасыларын қолдауға арналған әлеуметтік бағдарламалардың жоқтығы; 

арнаулы мекемелердің арнайы педагог кадрлармен толық 
қамтамасыз етілмеуі. 
5-ші кезең – тең құқық пен тең мүмкіндіктерге, сегрегациядан 
интеграцияға көшу кезеңі – Қазақстан республикасының тәуелсіздік 
алғаннан кейін басталып қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. 
2019 жылғы мәліметі бойынша республикамызда 160мыңнан астам 
мүмкіндігі шектеулі балалар тіркелген. Көрсетілген нормативтік 
құжаттарға сәйкес республиканың барлық облыстарында арнайы 
мектептер және бала бақшалармен қатар психологиялық-медициналық-
педагогикалық 
кеңес 
беру 
ұйымдары, 
оңалту 
орталықтары, 
психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттері, логопедиялық 
пункттер қызмет жасайды. Мысалы, 2019 жылғы мәлеметтер бойынша 
оңалту орталықтарының саны – 14; психологиялық-педагогикалық 
коррекциялық кабинеттері – 182; логопедиялық пунктер – 1200 ден астам; 
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары – 75 
болған. Бірақ әлі де болса олардың саны тұрақсыз, себебі мүмкіндігі 
шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуде арнаулы 
мекемелердің саны артып келеді. 


21 
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың оқыту 
мен тәрбиелеу ісін ұйымдастыратын мекемелердің бірнеше түрлері бар. 
Осы ұйымдардың қызметін реттеуші - арнайы нормативтік құжаттар, 
оның ішіндегі ең маңыздының бірі - ҚР-да «Кемтар балаларды әлеуметтік 
және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы Заңы» 
(2002). Қабылданған заңда БҰҰ Мемлекеттік Ассамблеядағы көрсетілген 
«Мүгедектердің тең құқығын сақтаудағы стандартты ережелері» (1993) 
және Саламандық декларациясындағы (1994) т.б. халықаралық 
тенденциялары мен талаптар ескертілген. 
2002 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының «Кемтар 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы 
қолдау туралы Заңында» арнаулы (коррекциялық) ұйымдарының келесі 
тізімі бекітілген: 
1. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мекемелер (естімейтін, 
нашар еститін, кейінен саңырау болып қалған). 
2. Көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін) балаларға 
арналған мекемелер. 
3. Қимыл-қозғалыс функциялары бұзылған балаларға арналған 
мекемелер. 
4. Тіл кемістігі бар балаларға арналған мекемелер. 
5. Зияты зақымдалған балаларға арналған мекемелер. 
6. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мекемелер. 
7. Эмоциялық-ерік жағынан және мінез-құлқы бұзылған балаларға 
арналған мекемелер. 
8. Күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған ұйымдар. 
Соңғы он бес жылда мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік 
және әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау бойынша арнайы 
оқыту қызметтерін көрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымдарының 
түрлері ашылды: 
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары; 
- оңалту орталықтары; 
- психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер; 
- логопедиялық пункттер. 
2008-2010 жылдары мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды сапалы білім 
беруге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін шешуге арналған 
нормативтік құқықтық базасы құрастырыла басталды. Оның негізінде 
2010 жылы «Білім беру» заңына толықтырулар енгізілді (ст.1. п.21-3). 
Толықтырудың мазмұнында инклюзивті білім беру ұғымына анықтама 
беріліп, дамуының құқықтық негізі қаланды. 
Сонымен, жоғарыда көрсетілген заңдардың толық іске асырылу 
мәселесі Қазақстан Республикасының «2015-2021 жылдарға арналған 
білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында» анықталған. 


22 
Инклюзивті білім беруді дамытудағы мүмкіндігі шектеулі балаларды 
оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу 
жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей: 
1.
Арнайы білім беру ұйымдарын, коррекциялық кабинеттерін, 
арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін және 
т.б. арнайы білім беру мекемелерді сақтай және кеңейте отырып 
мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау 
көрсету. 
2.
Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында 
білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды 
ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру. 
3.
Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен 
жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде 
кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан 
өткізу. 
4.
Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі 
әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру. 
Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының әрбір аймағында 
орналасқан білім беру мекемелердің қызметін реттеп отырады. 
Демек, арнайы педагогика ғылымының дамуындағы өзекті мәселелер 
реабилитациялық кеңістікте кең түрде қарастырылып, бір жағынан 
мүмкіндігі шектеулі балалар категориясының барлығын тұтас қамту 
болса, екінші ретте мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-
психологиялық-педагогикалық қолдаудың қажеттілігі сияқты шешімін 
таппай тұрған жағдайлар болып отыр. Олардың ішінде әлі де болса 
зерттеуді қажет ететін, өзекті мәселенің бірі дамудағы кемшілікті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет