Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет73/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Психоорганикалық синдром
бас миының ерте кездегі органикалық 
зақымдануынан танымдық қабілеттердің төмендеуі. Бұл балалар оқу мен 
жазудағы қиындықтар, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер байқалады. Ұсақ 
моторикасы, көру қоординациясы, өз-өзіне қызмет ету дағдысының 
бұзылуынан мүсіндеу, жапсыру әрекеттері кезінде қиындықтар 
туындайды. 
Психикалық дамудың кешеуілдеуі себептерінің көптігінен, оның 
анықталу белгілері де әр түрлі. Осыған байланысты ПДТ 
классификациялаудың да бірнеше түрі белгіленен. Бірінші клиникалық 
классификация Т.А. Власова мен М.С. Певзнердің (1967) ұсынған 
классификациясында ПДТ екі вариантта қарастырылады: 

Бірінші вариантында
психикалық және психофизикалық 
инфантилизм 
әсерінен 
тұлғаның 
эмоциялық-ерік 
сферасының 
жетіспеушілігі байқалады. 
- Екінші вариантында
тұрақты церебральды астениялық жағдайдың 
әсерінен танымдық қабілеттердің бұзылуы байқалады. 
В.В.Ковалевтің ұсынған классификациясы (1979) ПДТ биологиялық 
факторлардың әсерінен болатын төрт вариантын ұсынады: 

мінездің 
дизонтогенетикалық 
кешеуілдеуі 
(психикалық 
инфантилиизм жағдайында орын алады); 
- мінездің энцефалопатиялық кешеуілдеуі (ОЖЖ-нің әлсіз түрдегі 
органикалық зақымдануы); 
- сенсорлық кемшіліктердің қайталануынан болатын түрі (есту, көру, 
сөйлеудің бұзылуы); 
- ерте әлеуметтік депривация жағдайында үшыраған ПДТ. 
Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген К.С.Лебединскаяның (1980) 
классификациясы ПДТ қарай төрт түрге бөлінеді: 
- конституционалдық мінездеме бойынша; 


182 
- сомотогендік мінездеме бойынша; 
- психогендік мінездеме бойынша; 
- церебральды-органикалық мінездеме бойынша; 
Аталған төрт типтің өзіне тән ерекшелігі бар. Олардың арасындағы 
айырмашылық эмоционалдық жетіспеушілік пен танымдық қабілеттің 
жетіспеушілігі болып табылады. Одан басқа соматикалық және 
неврологиялық жағынан қиындықтар туындау да мүмкін. Бірақ аномальды 
дамудағы негізгі екі құрамдас бөлім - инфантилизмдік пен барлық 
психикалық функциялардың дамуындағы ерекшеліктер. 
Психикалық дамудың тежелуі конституционалдық мінездемесі
бойынша ПДТ баланың эмоционалдық-ерік аймағы дене және психикалық 
дамудың ерте кезеңіне сай келеді. Тәртібінде ойын мотивациясының 
басымдығы байқалады, тез шаршау анықталады. Жалпы білім беретін 
мектептегі білім алатын балалардың өзінде ойын әрекеті басым болады. 
ПДТ-дің бұл формасында гармониялық инфантилизмді психикалық 
инфантилизмнің 
негізгі 
формасы 
ретінде 
қабылдауға 
болады. 
Зерттеушілер гармониялық инфантилизмнің егіздерде жиі кездесетінін 
айтады. ПДТ-дің бұл формасындағы балалар арнайлы коррекциялық 
мекемелерде білім алады. 
Психикалық дамудың соматогендік мінездемесі 
бойынша ПДТ-дің 
себептері қайталанбалы, инфекциялық аурулар, балалар арасындағы 
невроздық жағдайлар, туа пайда болған және жүре пайда болған 
аурулардан болады. ПДТ-дің бұл формасында балалардың дене дамуының 
жағдайын ғана емес психологиялық статусында тұрақты түрде 
төмендетуге себеп болатын астениялық жағдайлар анықталады. 
Психогендік түрдегі ПДТ
ерте даму кезіндегі бас миының соққы 
алуынан болған невроздық жағдайлармен түсіндіріледі. Осымен қатар 
әлеуметтік депривацияға ұшырап, педагогикалық мамандар жағынан 
қараусыз қалған балалардың таным әрекетіндегі ауытқұларын сипаттау 
үшін де қолданылады. 
Церебральды-органикалық генездегі ПДТ психикалық функциялардың 
жетіспеуін
И.Ф. Марковская екі категорияға: эмоциялық-ерік аймағының 
дамымауы, органикалық инфантилизм мен энцефалопатиялық бұзылулар, 
интеллектінің бұзылуы түрінде бөледі. 
У.В. 
Ульенкова 
(1994) 
психикалық 
дамудың 
тежелуін 
компенсациялау жұмыстарында баланың жасы, әлеуметтік жағдайы, 
денсаулығының жағдайы, баланың психологиялық даму ерекшеліктері 
есепке алыну керек деген болжам айтады. Бұл балалардың даму 
динамикасын жүзеге асырудың тиімді жолы ерте кезден бастап 
жүргізілген коррекциялық-педагогикалық жұмыстар болып табылады. Бұл 
балалар жалпы білім беретін мектептің, балабақшаның жанынан ашылған 
арнаулы топтарда білім алады. 


183 
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың 
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері 4-5 жасқа дейінгі уақытта 
байқалады. Олардың бойында байқалатын кемшіліктердің түрлері 
мыналар: 
- ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі эмоцияның әлсіздігі; 
- сөйлеу тілінің кезеңдердің кешеуілдеуі; 
- моторика мен көру координациясының баяу дамуы. 
ПДТ балаларда мектепке қабылданған уақытта баланың дене дамуы 
артта қалу, мектепке баруға деген мотивтің қалыптаспау, бала мектепке 
оқу үшін емес, ойын әрекетіне араласу үшін ғана баруға ықылас білдіруі, 
бала мектептің жалпы талаптары мен ережелеріне көндіге алмау, 
эмоциялы-ерік сферасы, интеллектуалдық қабілеттері төмендеу белгілері 
байқалады. Сонымен бірге, тапсырманы аяғына дейін орындамаушылық, 
мектеп бағдарламасын игере алмаушылық байқалады. 
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің 
коррекциялық бағыттары арнаулы білім беру мекемелеріндегі 
диагностикалық, тәрбиелілік, коррекциялық-дамытушылық, сауықтыру 
және білім беру міндеттері арқылы жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет