Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет78/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Гемиплегиялық формасы
балалар церебральды салының көп тараған 
түрі. Бір жақ жарты шарлар миының бұзылуынан болады. Баланың 
алғашқы күннен-ақ бір жақ аяқ-қолының қимылдық-қозғалыстарға 
түспейтінін байқауға болады. Мұндай балалар қиындықпен отырып, 
жүруді, тұруды да қиындықтармен бастайды. Қимыл-қозғалыстардың 
жүзеге асуы зорлану, қиналу түрінде көрініп, эпилептикалық жағдайлар да 
білінеді. Гемипарез формасы балаларда ұмтылу, қағып алу функцияларын 
орындау кезінде бала саусақтарын біріктіруде, қолдарын кеудесіне қою 
кезіндегі қиындықтармен байқалады. Сол жақ жарты шарлар жұмысының 
бұзылуы кезінде балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы құрысу-парездік 
дизартрия немесе моторлы алалия, дислексия, дисграфия түрінде 
байқалады. Сол жақ жарты шарлар бөлігіндегі самай бөлігінің 
зақымдануы фонематикалық қабылдаудың бұзылуымен анықталады. 
Диплегиялық формасы
балалар церебральды салдануының екі аяқтың 
спазмалық құрысу түрлерімен анықталатын. Литтл ауруының атауымен 
танымал түрі. Бала дене дамуы жағынан артта қалады. Мұндай 
балалардың жүріс-тұрысында алға қарай және төмен қарай ұмтылушылық 
байқалады, яғни жүрісі спазмалық-парездік күйді бейнелейді. Жүріс-
тұрысында тізелері бір-біріне жанасып, бала жүрген кезде табандарына 
емес аяқтың саусақтарына күш түсіреді. Мұндай балалардың 
интеллектуалдық дамуы толығымен сақталуы мүмкін. 
Гиперкинездік формасы
атетоз типіндегі зорлану, қиналу, буындық 
тонус пен психиканың бұзылуы арқылы қимыл-қозғалысқа түсуде 
байқалады. Гиперкинез формасындағы балалар церебральды салы мидың 


191 
қабықтық 
бөліктерінің 
зақымдануынан 
болады. 
Қимылдық 
қозғалыстардың бұзылуы еріксіз зорлану түріндегі қимылдық қозғалыстар 
арқылы байқалады. Гиперкинез еріксіз түрде уайымдау, толқу кезінде 
еріксіз қимылдық қозғалыстар кезінде күшейе түседі. Еріксіз қимылдық 
қозғалыстар бет бұлшық еттерінің, тіл, бас, мойын, дененің 
қозғалыстарында жиі байқалады. Гиперкинездік формасында ерікті 
моторика 
қиындықпен 
қалыптасады, 
қозғалыс 
дағдысының 
автоматизациясы қиындап, әсіресе жазу дағдысының қалыптасуы қиынға 
соғады. 
Балалар церебральды салы кезіндегі жүргізілетін коррекциялық-
педагогикалық процес барысында есепке алынатын қағидалар: 
-
коррекциялық-педагогикалық 
процесті 
жүйелі 
түрде 
ұйымдастыруда қимылдық, сөздік, психикалық бұзылуларды бақылауға 
алу; 
-
сақталған функциялардың көмегіне сүйене отырып көмек көрсету 
жұмыстары ерте басталу; 
-
онтогенез дамуның жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, 
коррекциялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру; 
- психиканың және сөйлеудің даму динамикасын бақылау; 
- коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыстарының бір-
бірімен байланысын қадағалау. 
- баланың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнату керек. 
О.Г. 
Приходько 
зерттеулері 
көрсеткендей, 
коррекциялық-
педагогикалық қызмет көрсету жұмысының тиімді кезеңі өмірдің алғашқы 
жылы болып табылады. Көмектің мұндай түрі стационар жағдайында 
ұйымдастырылады. Ата-аналарды ұйымдастыру жұмысымен таныстыруда 
есепке алынатын негізгі жағдайлар: 
- ересек адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты дамыту; 
- бұлшық ет пен артикуляциялық аппарат жұмысын реттеу; 
- дыбыстық, буындық, сөздік реакцияларын реттеу, уілдеу, 
былдырлау, былдыр сөздерді айтуын бақылауға алу; 
- сору, жұтыну, шайнау қызметтерін түзету; 
- сенсорлық қабілеттерді дамыту; 
- сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дамыту; 
- заттармен әрекетке түсу кезіндегі қолдың қимылдарын дамыту; 
- сөзді түсінудегі дайындық кезеңнің жұмысын қалыптастыру. 
Ерте 
кезеңдегі 
жүргізілетін 
коррекциялық-педагогикалық 
жұмыстардың негізгі бағыттары: 
- заттық әрекетті қалыптастыру; 
- функционалдық қызмет түрлеріне қарай ойыншықтарды пайдалану, 
әрекетке түсуге үйрету); 
- көрнекі-образды ойлауды, ерікті, тұрақты зейінді қалыптастыру; 


192 
- сөйлеу және заттық-практикалық әрекетке түсуді қалыптастыру; 
- қоршаған орта туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру; 
- сенсорлық белсенділікті ретке келтіру (көру, есту); 
- саусақтардың функционалдық мүмкіндіктерін арттыру, 
координацияны дамыту. 
Балалар церебральды салы кезінде өз еркімен қозғалысқа түсе алатын 
3 жасар бала арнайы балабақшаға бара алады. Топтағы баланың толымы 8 
баладан тұрады. Арнайы балабақшадағы коррекциялық-педагогикалық 
жұмыстар әдістемелік-бағдарлама материалдары бойынша жүргізіледі. 
Қазақстан Республикасында 2011 жылы Ғ.А. Абаева мен И.Т. 
Жангельдинаның «Церебральді параличпен қосалқы бұзылыстардың 
үйлесуі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламасы» 
жарық көрді. 
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық-
педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары: 
- ойын әрекетін дамыту, 
- қоршаған ортамен тіл арқылы қарым-қатынасты орнату, 
- қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту, 
- сенсорлық функцияларды дамыту. Кеңістік және уақыт туралы 
түсініктерді қалыптастыру. Кинестетикалық қабылдау мен стереогнозды 
дамыту. 
- зейінді, ойлауды, есте сақтауды (көрнекі-образды және абстрактілі-
логикалық ойлау) дамыту, 
- математикалық түсініктерді қалыптастыру, 
- қол еңбегіне үйрету мен жазуға дайындау, 
- өзіне қызмет етудегі гигиеналық талаптарды игерту. 
Балалар церебральды салы кезіндегі жұмыстардың негізгісін 
логопедиялық түзету жұмыстары құрайды. Оның мақсаты - вербалды 
құралдар арқылы қарым-қатынасқа түсуді дамыту, сөйлеудің мағыналық 
жағын үйрету. 
Логопедиялық жұмыстардың негізгі міндеттері: 
- бұлшық ет тонусы мен артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің 
жұмысын реттеу; 
- сөйлеудегі тыныс алу мен дауысты реттеу; 
- сөйлеудің темпті-ритмикалық жағын ретке келтіру; 
- дыбыстарды қою, машықтандыруда артикуляциялық органдардың 
жұмысын реттеу; 
- қол мен саусақ қимылдарын дамыту; 
- сөйлеудің лексикалық-грамматикалық мағынасын дамыту, өз ойын 
мазмұндауға үйрету. 


193 
Қимылдық кемшіліктердің айқын түрдегі көрінісі кезінде балалар 
тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектептерде білім 
алады. 
Коррекциялық-педагогикалық 
жұмыстың 
мақсаты 
баланың 
мүмкіндігіне сай жан-жақты дамыту. Арнайы мектептерде балалар 
церебральды салына ұшырағандардың 60-70%-ы білім алады. Тірек-
қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектептерде білім беру 
процесі жалпы білім беретін мектептің үш деңгейімен (бірінші деңгейі - 
бастауыш саты 4-5 жыл, негізгі жалпы білім беру 6 жыл, орта білім беру 2 
жыл) оқытылады. 
Мектепке 7 жастан бастап қабылданады. Балабақшада болмаған бала 
дайындық сыныбынан бастап оқиды. Дайындық сыныбындағы оқытудың 
міндеттері: интеллект дамуының деңгейін анықтау, баланың оқуға 
қабілеті мен потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау, (жалпы немесе 
арнаулы мектепте) алдағы уақыттағы білім алу мен бейімделу 
мүмкіндіктеріне болжам жасау болып табылады. 
Балалар церебральды салы кезіндегі арнаулы білім беру процесінің 
міндеттері: оқыту мен тәрбиенің сәйкестігін орындау, емдік-сауықтыру 
жұмыстарын жүргізу, еңбекке баулу мен кәсіби бағдар беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет