- адамгершілік таныту, яғни барлығына теңдей қарау, немесе
ақылсыз және санасыз ретінде қабылдап, қалыпты деңгейдегі баладан
төмендету;
- баланың өз күшіне сенуге сендіру, әр баланың даму деңгейі бар
екеніне және одан асып түсуге қажет еместігіне сендіру немесе ішкі
сезімінің потенциалын жоғарлату.
Қазақстандық зерттеушілерде инклюзивті білім беру жүйесінде
мұғалімнің дайындық деңгейі маңызды рөл атқаратынын көрсеткен.
А.А.Айдарбекова жалпы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі
баланың жемісті оқыту мен тәрбиеленуі көбінесе мекеме басшыларының
құзыреттілігіне, жалпы білім беру мекемедегі педагогикалық кадрлардың
дайындық деңгейіне тәуелді деп санайды. Ол үшін білім алуында ерекше
қажеттілігі бар баланың білім алып жатқан жалпы білім беру жүйесіне
қосымша штаттық мұғалімдердің - арнайы психолог, арнайы педагог
(олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед), әлеуметтік
педагог кіріктірілуі керек екенін айтқан.
Қорыта келгенде, жалпы білім беру мекемелерінде барлық
балалардың базалық білім алуы үшін мұғалім білім алуында ерекше
қажеттілігі балаларға қажетті көмек көрсетудің білік пен дағдыны
меңгеруі керек. Дегенмен, арнайы педагогтарды даярлау тек арнайы
мекемелерінде жұмыс жасауға ғана емес, сонымен қатар қазіргі таңдағы
жаңа типтегі мекемелерде жұмыс жасау біліктілігін дамытуға
бағытталғаны жөн. Алайда, Отандық зерттеушілерінің жүргізген
тәжірибелері Қазақстан республикасындағы жоғары оқу орындары
базалық білімі бар арнайы педагогтармен қамтамасыз ету деңгейі
жеткіліксіз екенін көрсеткен. Жалпы білім беру шартында мүмкіндігі
шектеулі балаларға арнайы көмек көрсету жүйесін құрудың негізгі қадамы
мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау тәжірибесі бар және арнайы
білімі жоқ, бірақ өз еркімен жұмыс жасауға ниет білдірген мұғалімдерді
қайта даярлау болып табылады.