Дамуында ақауы бар балаларды оқыту туралы философиялық идеялар жеке түрде Кеңес одағының зерттеушілер еңбектерінде берілген. Л.С.Выготскийдің ойынша, дефектологияның нысаны қандай бір кемшілік емес, керісінше мүмкіндігі шектеулі тұлға. Кемшілік бала дамуын тежеп қана қоймай, әлеуметтік компенсацияның жүзеге асуына импульс бермейді. Л.С.Выготский кемтар бала дамуын «әлеуметтік мақсаттар мен арнайы ектептердегі жалпы міндеттердің бірлігі» жалпы және жеке ерекшеліктердің бірлігі деп белгілейді. Л.С.Выготскийдің бұл көзқарасы арнайы педагогикадағы қазіргі теориялардың негізін құрайды.

К слепому и глухонемому ребенку, с точки зрения психологической и педагогической, должно и можно подходить с той же мерой, что и к нормальному. Л. С. Выготский
Әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени негіздері
Адамның әлеуметтік қажеттілігі туралы идеялардың мазмұнына сай мүмкіндігі шектеулі тұлғаны әлеуметтік реабилитациялау тұжырымдамасы (В.Штерн, А.Мессер, Г.Риккерт) философтардың ықпалымен шет мемлекеттерде ХX ғасырдың ортасына дейінгі аралықта дамыса, Қазақстанда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан бастап қалыптасты. Аталған тұжырымдамаға сай мұндай тәрбие мектептері адамды қоғамның белсенді мүшесі ретінде тәрбиелеуге міндетті деп есептеп,мүмкіндігі шектеулі бала қоғамның құрып отырған бұл ережесінен тыс қалмай қалыпты балалармен тең түрде қоғамның дамуына өз пайдасын, үлесін қосуы қажет деген әлеуметтік пікірлердің аясында қарастырыла бастайды.