Л. С. Выготский адамның психикалық даму теориясының мәдени–тарихи негізін қалай бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте, оның органикалық жетілу әдістерімен біріккен тұтастықты көрсетеді. Дамудың екеуі де – табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде, баланың жеке тұлғасының әлеуметтік–биологиялық қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды».
1927 жылы Швальбе алғаш рет, ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін, «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек, бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постнатальды кезеңдегі бұзылулар аталатын болды. Бұған дейін, арнайы психология мен арнайы педагогикада, ұзақ уақытқа дейін «даму аномалиясы», яғни даму ауытқуы деген термин қолданылып келді, дефектологияның пайда болу кезеңінде, «дефективті балалар», яғни кеміс балалар термині қолданылды. Соңғы жылдары бәкіл әлемде дамуында кемістігі бар балаларды атайтын ізгілік термині қарастырылды. Бұл кең таралған, бірақ нақтыланбаған терминдер болатын: «қауіп тобындағы балалар», «ерекше қажеттіліктері бар балалар», «білім алуда спецификалық қажеттіліктері бар балалар», «нашар бейімделгіш балалар», «ерекше құқыққа ие балалар», «мүмкіндігі шектеулі балалар».