Бірақ әрбір жас кезеңі, патогендік әсерлер жағдайларына реакция жасауға ізін қалдырып отырады. Бұл балалар мен жасөспірімдердің түрлі патогендік әсерлерге ететін жүйкелік– психикалық реакцияларының де
Байланысты: Арнайы психологиядағы және арнайы педагогикадағы даму категориял-melimde.com
Бірақ әрбір жас кезеңі, патогендік әсерлер жағдайларына реакция жасауға ізін қалдырып отырады. Бұл балалар мен жасөспірімдердің түрлі патогендік әсерлерге ететін жүйкелік– психикалық реакцияларының деңгейлері:
соматикалық–вегетативті (0 – ден 3 жасқа дейін) – ағзаның барлық жүйелерінің жетілмеуінен, осы жаста кез-келген патогендік әсерлерге, жалпы және вегетативтік қозғыштық, дене қызуының көтерілуі, ұйқы мен тәбеттің, ас қорыту жүйесінің бұзылуы тәрізді, соматикалық–вегетативті реакциялар кешенімен жауап береді;
психомоторлық(4–7 жас) – мидың қыртысындағы қимыл– қозғалыс анализаторы бөліктерінің қарқынды түрде қалыптасуы, оның ішінде, мидың маңдай бөліктері, бұл жүйені түрлі генезді гипердинамикалық бұзылуларға (психомоторлық қозғыштық, тартылулар, тұтығу, үрейлену) сезімтал етеді. Психогендік факторлардың рөлі артады: отбасындағы жағымсыз, жанды жаралайтын қарым–қатынастар, балабақшаға үйрену реакциялары, жағымсыз тұлғааралық қатынастар;
аффективті (7-12 жас) – кез-келген зияндылыққа бала аффективті компонентпен: аутизациядан бастап, агрессия, невротикалық, аффективті қозғыштыққа дейін жететін реакциялармен жауап береді;
эмоциональды–идеаторлық (12-16 жас) – пубертаттыққа дейінгі және пубертаттық кезеңдегі жетекші әсерлер. Патологиялық қиялмен, аса қызығушылықтармен, аса құнды ипохондриялық идеялармен, психогендік қарсылық реакцияларымен, оппозициямен, эмансипациямен сипатталады.