Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының магистратура бойынша емтихан сұрақтарының бағдарламасы


ІІІ Бөлім  ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата31.10.2022
өлшемі444,13 Kb.
#46425
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ІІІ Бөлім 
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА 
 


XVIІ-XVIII ғғ. бірінші ширегіндегі жонғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының
азаттық күресі. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасының тарихнамасы. Жәңгір ханның (1628) 
Жоңғариямен азаттық үшін соғысуы. ХҮІІІ ғ. басында қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. 
20-40 жж. жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 
жылдары. Оңтүстік қалалардан айрылу. Ордабасындағы съезд. Қазақ халқының жоңғарларға 
қарсы азаттық күресі. Аңырақай шайқасы. 
Абылай хан - саясаткер және дипломат. Абылайдың (Әбілмансұрдың) әскери және 
мемлекеттік қызметінің басталуы. Оның ішкі және сыртқы саяси ұстанымдары. Абылай – 
мәмлегер. Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Жоңғарияның талқандалуы. 
Шығыс Қазақстан мен Іле өңіріндегі тарихи қазақ жерлерінің қайтарылуы. Қазақстанның 
тәуелсіздігі жолындағы күресте Абылайдың тарихи орны. 
Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі.
Қазақтардың 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісі: қозғаушы күштері, барысы, 
негізгі кезеңдері және жеңілу себептері. Біртұтас мемлекеттілікті қайта қалпына келтіру 
жолындағы күрес. Кенесары хан тарихи әдебиетте. 
Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі: процестің мәні, мәселеге жаңаша көзқарас. 
Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихнамасы. Ресей империясының бейбіт және әскери 
отарлау әдістері. Отарлаудың экономикалық, әскери, дипломатиялық, рухани қырлары мен іске 
асу барысы. Ресейдің Қазақстандағы ықпалының нығаюының салыстырмалы талдауы.
Патшалық биліктің қоныс аудару саясаты. Жергілікті халықтың жерін тартып алу. 
Қазақ жерін Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцев экспедицияларының тексеруі. Қоныс аудару 
туралы заңдар және оның сипаты. «Село тұрғындары мен мещан-жер өңдеушілерді қоныстандыру 
туралы» Уақытша ережелердің (6 маусым 1904 ж. Және 9 шілде 1919 ж.). «Ақмола, Семей, Торғай, 
Орал облыстарындағы қоныстанушыларға, сондай-ақ мемлекеттік қажеттіліктерге арналған 
мемлекеттік жер қорын анықтау тәртібі жөнінде» деген заңдардың мазмұны. Столыпиннің 
аграрлық реформасы және Қазақстандағы «жерден ығыстыру» саясатының жүзеге асырылуы
оның қазақтардың шаруашылығының дәстүрлі тәсіліне ықпалы. Қазақстандағы қоныстандыру 
қозғалысы тарихи әдебиетте.  
XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басындағы Қазақстандағы халыққа білім берудің дамуы. 
1867-1868 жж. реформадан кейінгі халық ағарту ісінің жағдайы. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин 
және А.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі. Мектеп жүйесінің дамуы. Орта арнаулы және діни 
оқу орындары. Қазақ жастары Ресей және Европа жоғары оқу орындарында. 
Ұлттық – демократиялық интеллигенцияның патшалықтың отаршылдық саясатына қарсы
күресі (1905-1910жж). Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрістеуі және Қазақстандағы 
әлеуметтік қарама-қарсылықтың шиеленісуі. Қазақстардың алғашқы съездері және қазақ 
зиялыларының қызметі. Қазақтың саяси баспасөзінің дүниеге келуі. «Айқап» журналы мен 
«Қазақ» газетінің идеялық-саяси мазмұны. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың қызметі. 
Марксистік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың пайда болуы. «Үш 
жүздің» бағдарламасы. Мемелекеттік Думаға сайлауға қазақтардың қатысуы. 
1916 ж. Қазақстандағы ұлт- азаттық көтеріліс. 1916 ж. 25 маусымдағы Жарлық. 1916 ж. 
Көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. 
Көтерілісшілер әскерін ұйымдастырушылар А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекейұлы, К.Көкімбайұлы, 
Ә.Жанбосынұлы және т.б. қызметі. Үкіметтін жазалау шаралары. Көтерілісшілердің әскери өнері. 
Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға ауа көшуі
1916 ж. көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Қазақстанның тарихнамасындағы 1916 
ж. көтеріліске баға берудегі жаңа көзқарастар. 
«Алаш» партиясының құрылуы және оның қызметі. «Алаш» тарихнамасы. Бірінші 
жалпықазақ съезі және «Алаш» партиясының құрылуы. Партияның бағдарламалық қағидалары. 
«Алаш» партиясының белді қайраткерлері және оның қызметі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет