Арналғанәдістемелік



бет4/6
Дата30.12.2022
өлшемі160,48 Kb.
#60201
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ОШ СОР Геометрия ОГН 10 класс каз

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Тақырып

Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш Перпендикуляр және көлбеу
Үш перпендикуляр туралы теорема

Оқу мақсаты

10.2.6 Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу
10.3.5 Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу
10.3.1 Үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. ABCDA1B1C1D1 - текше. A1B1 және C1D1 қырларында сәйкесінше N және M нүктелері берілген, MDC NBA 600 . NB және MD кесінділері арасындағы бұрышты табыңыз.





  1. M нүктесінен 𝛼 жазықтығына MA, MB көлбеулері және MO перпендикуляры жүргізілген.

    1. көлбеулердің 𝛼 жазықтығына проекциясын салыңыз;

b) егер 𝐴𝑀𝑂 = 600, 𝐵𝑀𝑂 = 450, 𝑀𝑂 = 16 см болса, проекциялардың ұзындығын табыңыз.





3. a түзуі ABC жазықтығына перпендикуляр, үшбұрышы тікбұрышты: 𝐶 = 900.
MC кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
MD 13 см, АС=15см, ВС=20см. АВС



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табады

1


NB немесе MD түзуін екінші түзумен қиылысқанша параллель көшіреді;

1

NB және MD кесінділері арасындағы бұрышты анықтайды;

1

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын қолданады

2a

көлбеулердің проекцияларын салады

1

2b

бұрыштың тангенсінің анықтамасын
қолданады;

1

теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың
қасиетін қолданады;

1

проекциялардың ұзындықтарын табады;

1

Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады

3


ABC тікбұрышты үшбұрышына
Пифагор теоремасын қолданады;

1

гипотенуза ұзындығын есептейді;

1

үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;

1

үшбұрыштың тік бұрышынан түсірілген биіктіктің ұзындығын табады;

1

ізделінді кесінді ұзындығын табады;

1

Барлығы:

11

«Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні:





Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табады

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табуда қиналады.

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табуда қателіктер жібереді.

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты дұрыс табады.

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын қолданады

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын қолдануда қиналады.

Кеңістіктегі перпендикуляр / көлбеу анықтамаларын қолданады, бірақ көлбеудің проекциясын табуда қателіктер жібереді.

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын дұрыс қолданады.

Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады

Үш перпендикуляр туралы теореманы қолдануда қиналады.

Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады, есептеулер жүргізуде қателіктер жібереді.

Үш перпендикуляр туралы теореманы дұрыс қолданып, есептің шешімін дұрыс табады.

    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Тақырып

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш
Екі жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш Кеңістіктегі арақашықтық

Оқу мақсаты

      1. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу

      2. Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу

      3. Нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. ABCDA' B'C' D' бірлік текшесі (куб).

а) ABC жазықтығы мен AC' түзуі арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз;


b) егер M нүктесі AB қырының ортасы болса, онда MA’D және CA’D
жазықтықтарының арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз.



  1. А нүктесінен  жазықтығына ұзындығы 17 см болатын көлбеу жүргізілген. Осы көлбеудің  жазықтығындағы проекциясы 15 см-ге тең.

Есептің шарты бойынша сызбаны салыңыз және А нүктесінен 𝛼 жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасын табады.



түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты
кескіндейді;

1

кубтың диагоналін есептейді;

1

тікбұрышты үшбұрыштағы қатынасты
қолданады;

1

түзу мен жазықтық арасындағы
бұрыштың косинусын табады;

1

Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын табады



1b

сызбаны салады;

1

МA1D және CA1D жазықтықтары A1D
түзуі бойымен қиылысатынын анықтайды;

1


MA1D теңбүйірлі үшбұрышының
медианасы A1D -ға перпендикуляр болатынын көрсетеді;

1


MA1D және CA1D жазықтықтары арасындағы екіжақты бұрышты
анықтайды;

1


тікбұрышты үшбұрыштағы сүйір бұрыш
тангенсінің анықтамасын қолданады;

1

жазықтықтардың арасындағы бұрышты табады;

1

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады

2

сызбаны салады;

1

А нүктесінен жазықтыққа дейінгі
қашықтықты сызбада көрсетеді;

1

нүктеден жазықтыққа дейінгі
қашықтықты анықтайды;

1

Барлығы:

13

«Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні:





Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын табады.

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын табуда қиналады.

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын табуда қателіктер жібереді.

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын дұрыс табады.

Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын табады.

Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын табуда қиналады.

Жазықтықтар арасындағы бұрышты (екіжақты бұрыш) анықтайды, бұрыштың шамасын табуда қателіктер жібереді.

Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын дұрыс табады.

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады.

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табуда қиналады.

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табуда қателіктер жібереді.

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты дұрыс табады.

«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Тақырып

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі Екі нүктенің арақашықтығы
Кесінді ортасының координаталары Сфера теңдеуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет