Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата30.01.2017
өлшемі1,02 Mb.
#3030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

4. Есімшелербілгеннің сөзі, айтқанның жазығы, т.б.  
5.Тəуелдік  жалғаулы  есімдер  де  ілік  септікті  анықтауыш  қызметінде  көбінесе 
жалғаулы болады: жолдасымның кітабы, қарындасымның талабы, інісінің баласы.  
  Егер  ілік  жалғаулы  сөздер  біріне-бірі  сатылана  құрылған  анықтауыш  болса, 
олрдың  алдыңғылары  тəуелдік  жалғауда  тұрғанмен,  ілік  жалғауы  түсіріліп,  ең 
соңғылары ғана жалғаулы болуы мүмкін.  
6.Зат  есімдердерден  болған  ілік  жалғаулы  анықтауыш  бірыңғай  мүшелі  бірнеше 
сөге  қатысты  болса  да,  анықтауыш  үнемі  жалғаулы  болады.  Үйдің  есігі,  терезелері 
ашық тұр екен.    
Күрделі  жəне  үйірлі  анықтауыштар.  Анықтауыштар,  басқа  сөйлем  мүшелері 
тəрізді,  əлденеше  сөзден  де  құралады.  Олар  өз  ара  берік  байланыста  тұрған  сөз 
тіркестері  болады:  ұзын  бойлы  жігіт,  ақ  сақалды  кісі,  ши  барқыт  қамзолды  келіншек, 
өңі сұп-сұр  адам, жасы үлкен кісі.  
1-топтағы күрделі анықтауыштар (ұзын бойлы ақ сақалды, ши барқыт қамзолды) 
күрделі  сын  есімдерден  жəне  зат  есімдер  мен  туынды  сын  есімнен  құралған.  Ол 
анықтауыштардың  құрамындағы  сөздердің  алдыңғылары  соңғыларын  анықтап  барып, 
сол  сөз  тіркесі  түйдекті  тобымен  басқа  зат  есімді  анықтайды.  Сондықтан  мұндай 
күрделі  анықтауыштарды  өзара  атрибуттық  қатынастағ  сөздерден  құралған  күрделі 
анықтауыштар  деп  араймыз. 2-топтағы  анықтауыштар  зат  есім  мен  сын  есімнен 
құралған.  Бұлар  өзара  анықтауыштық  ыңғайда  айтылмаған,  бірі  бастауыш,  екіншісі 
оның баяндауышы ыңғайында айтылған. Сөйтіп тұрып олар сол тобымен басқа заттарға 
тікелей  катысты  болып  тұр.  Ондай  анықтауыштарды  предикаттық    қатынастағы 
сөздерден құралған үйірлі анықтауыштар деп қараймыз.  
  Атрибуттық  қатынастағы  күрделі  анықтауыштар  анықталатын  заттардың 
шоғырланған тіке сапасы ретінде жұмсалады: ұзын бойлы кісі, ат жақты жігіт.  
Предикаттық  қатынастағы  үйірлі  анықтауыштар  анықтайтын  сөздерін  басқа 
заттардың сапалары арқылы анықтайды:  бойы ұзын кісі, малы көп колхоз, сен көрген 
бала, ұяты бар келіншек, т.б.  
Күрделі анықтауыштар тобындағы сөздер өз ара кабыса жəне матаса байланысқан  
əр  түрлі  сөз  таптарынан  құралады:  ақ  орамалды,  ұзын  бойлы,  майда  жалды,  төрт 
қырлы. Осылар сияқты, күрделі көбінесе екі-үш сөзді болып келеді.  
Күрделі жəне үйірлі анықтауыштар дауыс ырғағы жағынан да бір ритмикалық иоп 
болып келеді. Бұл сөйлемде тізбектеліп айтылған бірнеше анықтауыштардың жігі сол 
дауысталу тұтастығына қарай айрылады.   
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, 

 
 
Аласы  аз  қара  көзі  нұр  жайнайды. (Абай)  дегенде  екі  күрделі,  екі  үйірлі 
анықтауыш  бар: 1) қақтаған  ақ  күмістей; 2) кең  маңдайлы; 3) аласы  аз.  Жоғарғы 
өлеңнің соңғы жолында қара көзі деген анықтауыштық тіркес бар.  
Айқындауыш.Айқындауыш-анықтауыштың  ерекше  бір  түрі.  Ол  анықтайтын 
сөзінің  заттық  не  пысықтауыштық  сапасын  қосымша,  жанама  қасиет  ретінде 
айқындайды.  Бұл  жагынан  анықтауыша  ұқсас  болғанмен,  одан  кейбір  өзгешеліктері 
бар:  
1) 
Анықтауыш  анықтайтын  сөзінің  алдында  тұрып,  оның  өзіне  тан,  баска 
заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, 
көбінесе  оның  лексикалық  мағынасын,  мүшелік  қызметін  басқа  сөздермен  дəлдеп 
толықтырады  немесе қосымша, көлденең сапасын көрсетеді. Сонда айқындалатын сөз 
зат есім болса, айқындауыш оның, дəлдеп айтқанда, қай зат, не оның қай тобына, қай 
бөлшегіне,  қай  т6ріне  жататын  зат  екендігін,  мезгілдік  үстеу  болса,  дəлдеп  айтқанда, 
қай мезгіл екенін, есімдік болса, соның, дəлдеп айтқанда, кім, кімдер екенін білдіреді: 
инженер-механизатор;  кеше,  майдың  орнында;  Айкындауыштар  кұрылысына  қарай 
үшке  бөлінеді.1.  Қосалқы  айқындауыш; 2. Қосарлы  айқындауыш; 3. Оңашаланған 
айқындауыш. 1) Қосалқы айқындауыш зат есімдердің қосымшасы ретінде жұмсалатын 
сөздер  болады.  Олар  аныкталатын  сөздердің  қосымша  заттық  сапасы  болатындықтан 
анықтауыштардай  олармен  иығыз  байланыста  болмайды.  Сондықтан  олар 
айқындайтын  сөздермен  орын  ауыстыра  береді:  Алпамыс  батыр,  Жамбыл  ақын, 
Қамбар  батыр.  Бұл  сияқты  анықтауыштық  катынаста  жұмсалатын  сөз  тіркестерінің 
анықталатын сөзі көбінесе кісі аты, оны анықтайтын қосалқы айқындауыштар батыр, 
ақын,  етікші,  машинашы,  мерген,  мырза,  қарт,  ақсақал.жолдас,  қалқам,  шырағым, 
жаным  сияқты  зат,  кейде  сын  есімдер  болады.  Қосалқы  айқындауыш  сөйлемде 
айқындайтын  сөзімен  ұласып,  ол  екеуі  сөйлемнің  біртұтас  күрделі  мүшесі  болып 
жұмсалады. Тиісті грамматикалық косымшалар айқындауыш сөздерге ғана жалғанады. 
Баян бəйбіше аң-таң.  Жақия ақсақалмен дойбы ойнайын деп едім.  
2) 
Қосарлы  айқындауыш  деп  анықтайтын  сөзімен  қосақталып  одан  кейін 
тұратын сөздерді айтамыз. Қосарланған айқындауыштар қазақ тілінде көп кездеспейді. 
Олар  орыс  тілінен  терминдер  алу  жəне  орысшадан  қазақшаға  аудару  процесінде 
тілімізге соңғы кездерде ғана еніп, қазақ əдебиет тілінің де нормасына айналып келеді. 
3) 
Оңашаланған  айкындауыш  деп  өзі  қатысты  сөзінен  соң  тұрып,  ерекше 
əуенмен айтылып, анықтайтын сөзінің заттық, шақтық, т.б. мағнасын дəлдеп көрсететін 
айқындауышты  айтамыз.  Олар  айқындайтын  сөздерінен  жəне  сөйлемдегі  басқа 
мүшелерден  дауыс  ырғағы  арқылы  оқшауланып  айтылады  да,  жазуда  көбінесе  екі 
жағынан  үтірмен  бөлінеді.  Оңашаланған  айқындауыштар  арқылы  ұғым  екінші  рет 
қайталанып  айтылады:  айқындалатын  сөз  жалпылық  ұғымда  жұмсалып,  айқындауыш 
оны нақты түрде саралап, дəлдеп айтқан сөз не сөздер тіркесі болады.Ол айқындалатын 
сөзге  ой  екпінін  түсіріп,  оған  ерекше  мəн  беріп,  мəнерлі  етіп  айту  керек  болғанда, 
тыңдаўшы  мен  оқушының  назарын  соған  аудару  керек  болғанда  жəне  сөйлемдегі  сөз 
мағынасын дəлдеп аша кету керек болғанда қолданылады: Артынан Абай ұғындырған 
соң, олар үндемей қалысты. 
         Оңашаланған айқындауыштар айқындайтын сөздермен тұлғалас, мағына жағынан 
əуендес болады: айқындалушы бір грамматикалық тұлғада не грамматикалық мағынада 
айтылса, айқындауыш та сонымен қиысып сондай тұлғада не мағына жағынан онымен 
үндес келетін басқа тұлғада жұмсалады. Мысалы, біздер дегеннің айқындауышы да, біз 
дегенннің  айқындауышы  да  да  оқушылар,  колхоз  мүшелері  сияқты  көптік  жалғауда 
айтылады. 

 
 
        Айқындауыштардың  айқындалатын  сөздермен  тұлғалас  болатынын  мына 
мысалдардан  көруге  болады;  Өзім  ұшырған  қыраныма,  Нұрланыма,  жұрт  жапқан 
жалаға мен де сеніп жүр деп қалып па ең? 
 Айқындауыш  даралаған  зат  есім  болып,  айқындалатын  сөз  көптік  жалғауындағы 
жалпылық ұғымды білдіретін зат болса жəне ол екеуі екі түрлі сөздер тобына жататын 
болса,  айқындауыш  көптік  тұлағада  жəне  атау  тұлғада  қиыспауы  мүмкін:  Оқушылар, 
оның бірі Жартас,… Кеше майдың онында…  
Оңашаланған айқындауыштың кейбір нұсқалары қазақ тілінде бұрын да бар еді, бірақ 
оның сапаланып жетілуі, көп жұмсалып əдеби тілдің нормасына айналуы соңғы 30-40 
жылдар  ішінде  ғана  болады.  Əсіресе  осы  процесте  орыс  тілінің  игілікті  əсерін  анық 
көруге  болады.  Айқындауыштар  дауыс  ырғағы  арқылы  оқшауланып  айтылуына 
сəйкестеніп  жазуда  үтірмен  бөлінуі  оларды  дұрыс  оқып,  дұрыс  айтудың  таңбасы 
болады.   
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Анықтауыш дегеніміз не? 
2. Анықтауыштың жасалу жолдары қандай? 
3. Анықтауыштың түрлері 
4. Айқындауыш дегеніміз? 
5. Анықтауыш пен айқындауыштың айырмашылығы. 
                          Пайдаланатын əдебиеттер 
     1.Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша    курсы.  Алм.1992. 
    2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы.  1996.   
    3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.    1997. 
   4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.  1992.  
   5. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006 
ПЫСЫҚТАУЫШ ЖƏНЕ ОНЫҢ  ТҮРЛЕРІ 
ЖОСПАРЫ: 
1. Пысықтауыш туралы түсінік 
2. Пысықтауыштың жасалу жолдары 
3. Пысықтауыштың түрлері 
4. Қорытынды 
Тірек  сөздер;  Пысықтауыш  туралы  түсінік,  мезгіл,  мекен,  себеп-салдар,  амал, 
қимыл-сын пысықтауыштар т.б.  
Сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшесінің  бірі-  пысықтауыш.  Ол  да  анықтауыш  сияқты, 
басқа  сөздің,  əйтеуір  бір  сапасының,  ерекше  белгілерін  білдіру  үшін  жұмсалатын 
бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен ол 
екеуінің  елеулі  айырмашылығы  бар:  анықтауыш  заттық  ұғымы  бар  сөздердің – зат 
есімдердің, субстантивтенген басқа есімдердің - əр алуан сапасын, меншіктілік - тəндік 
қатнасын білдіру үшін жұмсала, пысықтауыш,  негізінде, заттың қимылдық сапасының 
сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені, 
пысықтауыш  етістіктен  болған  мүшені  анықтайды.  Сондықтан  көбінесе    анықтауыш 
қызметінде  жұмсалатын  сөздер  етістікке  қатысты  болып  етістіктен  болған  мүшені 
«анықтаса», оларды пысықтауыш деп атаймыз. Мысалы, Үйге үш кісі кірді- дегенде, үш 
- пысықтауыш.   
Бұл  сөйлемдерде  найзадай,  жақсы,  үш  анықтауыш  қызметінде  де,  пысықтауыш 
қызметінде де өздері қатысты сөздермен қабыса байланысқан, екеуінде де лексикалық 
материалы  мен  тұлғалары  бірдей.  Дегенмен  олардың  айырмашылығы  бірде  зат 
есімдерге,  бірде  етістіктерге  қатысты  болуында  ғана  емес,  сол  арқылы  грамматкалық 
мағыналардың  да  өзгеше  болуында.  Бұл  өзгешелікті  оларға  қойылатын  сұрақтарға 

 
 
қарап  та  байқауға  болады;  найзадай  (қандай  шоқы?),  найзадай  қадалды  (қалай 
қадалды?),  жақсы  бала  (қандай  бала?),  жақсы  сөйледі  (қалай  сөйледі?).  Сөйтіп 
пысықтауыштар  көбінесе  етістік  баяндауыштарға  қатысты  болып,  мезгілді,  мекендік, 
себеп-салдарлық т.б. мағынаны білдіреді. 
Бір қатар авторлар пысықтауыштардың жанама толықтауыштармен шендес елетін 
кейбір  қасиеттеріне  қарап,оларды  сөйлемнің  бес  мүшесінің  бірі  деп  есептелмей, 
толықтауыш  қатарына  қосып  қарайды.  Кейде  жанама  толықтауыштардан 
пысықтауыштардың  жігін  айыру  өте  қиын  екені  рас,  бірақ  солай  екен  деп 
«пысықтауыш» деген сөйлем мүшесін жоққа шығару дұрыс болмайды.  
Пысықтауыш  қызметінде  жұмсалатын  сөздер-  үстеу  мəндес  есімдер,  сапалық 
есімдер  мен  мекендік,  мезгілдік,  мақсаттық,  амалдық  мағыналарда  жұмсалатын 
септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер.  
Пысықтауыштар  білдіретін  мағыналарына  қарай  былай  бөлінеді:  мезгіл 
пысықтауыш, мекен пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, амал пысықтауыш.  
Мезгіл  пысықтауыш.  Етістіктің  шақтық  мағынасына  мезгілдік  мағына  үстеп, 
оның  қашан,  кай  мезгілде  болған  процесс  екенін  білдіретін  пысықтауыш  мезгіл 
пысықтауыш  болады.  Мезгіл  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалатын  сөздер-  мезгілдік 
стеулер, зат есім, сын есім мен кейбір сөз тіркестері.  
Үстеулерден болған мезгіл пысықтауыш дегенде, алдымен мезгілдік үстеулердің 
сол қызметте жұмсалуын ескеруге тиіспіз. Мезгілдік үстеулердің мағыналарына лайық 
синтаксистік  қызметі  етістіктің  шақтық  мағынасын  дəлдеу,  толықтыру,  айқындап 
корсетуболады.  Мезгілдік  үстеулердің  мағыналары,  негізінде,  етістіктермен  ғана 
байланысты  болып,  солар  ментіркесе  алатындықтан,  сөйлемде  ондай  пысықтауыштар 
өзі  қатысты  сөздермен  қатар  тұрып  та,  олардан  қашықтап  тұрып  та  мағыналық  жəне 
грамматикалық байланыста бола береді.  Мен бүгін туған күнімді тойлаймын.   Мезгіл 
пысықтауыш болып жиі жұмсалатын сөздер қатарына таңертең, əнеугүні, алдыңғы гүні, 
əлдеқашан,  əлітаман,  кешқұрым,  əуел  баста,  ендігəрі,  ешқашан,  бірсыпыра,  бірталай, 
əрқашан сияқты біріккен сөздер мен ертеңді- кеш, əлсін-əлсін, күндіз-түні,қысы-жазы, 
анда-санда,  оқта-текте,  кей-кейде,  апақ-сапақта,  жылма-жыл,  күннен-күнге  сияқты 
қосарланған үстеулер де енеді.  Зат есімдердің ішінде мезгіл пысықтауыш қызметінде 
жұмсалатын  сөздер  –шактық,  мезгілдік  ұғымды  білдіретін  есімдер:  жаз,  қыс,  көктем, 
түн, түс, сəске, кеш т.б. Бұл сөздер кейде түбір күйінде, көбінесе жатыс, шығыс, барыс, 
көектес  жалғауларында  тұрып,мезгіл  пысықтауыш  болады:  Жаз  шаңаңда  сайла,  қыс 
арбаңды айда.  Сілтеу есімдіктеріне – ша-ше жұрнағы жалғанып та қашан деген сұрау 
есімдігіне  шығыс  жалғауы  жалғанып  та    мезгіл  пысықтауыш  жасалады:  Осынша 
соңыма түсетін, мен саған не іследім?  
Сөз  тіркестері  мен  əр  түрлі  сөздердің  түйдекті  тіркестері  күрделі  мезгіл 
пысықтауыш кызметінде жұмслуы мүмкін. Олардың құрамы негізінде былай болады:  
1. 
Үстеу  мен  үстеу  не  үстеу  мен  зат  есім  тіркесіп  күрделі  мезгіл 
пысықтауыш жасалады:  
2. 
Шақтық  мағынадағы  зат  есімдер  атау  күйінде  не  түрлі  қосымшалар 
жалғанып,  олардың  алдында  сілтеу  есімдіктері,  бір,  əуелгі,  соңғы,  ұзақ  тəрізді 
анықтауышы болып күрделі мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалады:  
3.  Септеулі  кейде  атау  тұлғалы  есімдер  кейін,  соң,  дейін,  бері,  бойы  дегендей 
көмекші сөздермен тіркесіп, күрделі мезгл пысықтауыш болады:   
а) Манадан бергі ащы сөздердің бəрінен де мына сөз Ұлжанға ауыр тиді.  
4.Таң ата, күн шыға, ел орнына отыра, жаз шыққанша тəрізді сөйлемдік құрамы бар 
тұрақты сөздер тіркесі үйірлі мезгіл пысықтауыш болады. 
 Мекен  пысықтауыш.  Қимылдың,  іс-əрекеттің  болу  орнын,  бет  алысын,  қайдан 
екенін  білдіретін  пысықтауыштар  мекен  пысықтауыштар  мекен  пысықтауыш  болады. 

 
 
Мекен  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалатын  сөздер,  негізінде,  мекендік  үстеулер: 
жоғары,  төмне,  ілгеірі,  кейін,  соң,  əрі,  əрмен,  бері,  бермен,  кері,  ішкері,  тысқары, 
сыртқары,  алда,  артта,  соңында,  бұлай,  алай,  тұс-тұстан,  алды-артқы,  ерслі-қарыслы, 
əрі-бері, жоғары-төмен, ілгері-кейін, жан-жақ т.б.  
Мекендік үстеулер түбір күйінде де, жатыс, барыс шығыс жалғаулы формаларда да 
мекен пысықтауыш болады. Жоғарғы үстеулердің бірқатарына-(ы)рақ,- (і) рек жұрнағы 
жалғанып та мекен пысықтауыш болады. Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын 
сөздердің  енді  бірқатары - көлемдік  мағынадағы  жатыс  септікті  зат  есімдер,  сілтеу 
есімдіктер. Оларға қайда? қайжерде? Қай жақта? Деген сұрақтар қойылады.  
Барыс,  шығыс  жəне  көмектес  септікті  зат  есімдер  де  іс-əрекеттің  орнын  жəне 
беталысын 
көрсетіп, 
мекен 
пысықтауыш 
қызметінде 
жұмсалады. 
Септік 
жалғауларындағы сөздердің мағыналарын бұрынғысынан да дəлдеп, айқындап тұратын 
сөздер  бар.  Олар-  септік  жалғауларын  меңгеретін  демеулер.  Демеулер  меңгеретін 
сөздерінен кейін тұрып, мекен пысықтауыштардың құрамына енеді.  Сілтеу есімдіктері 
мен жақын, алыс, жер, жақ, маң сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп, соңғы 
сөздер жатыс, барыс, көмектес септікте тұрып, күрделі мекен пысықтауыш болады.  
Арты. Алды, асты, үсті, жаны, маңы, қасы, іші сияқты көмекші есімдер сол тобын 
жазбай  жатыс,  барыс,  шығыс  септікте  айтылып.  Мекен  пысықтауыш  қызметінде 
жұмсалады.  Бірқатар  үстеулер  жəне  сөз  тіркестері  сөйлем  құрамының  өзгешелігіне 
қарай  кейде  мекен,  кейде  мезгіл  пысықтауыш  болып  жұмсала  береді.  Бір  қатар 
көлемдік,  мекендік  мағынадағы  есімдер  көбінесе  мезгілдік  үстеу  қызметінде 
жұмсалады. Ол табанда ақшасын өндіріп алды.     
Мақсат  пысықтауыш.  Іс  əрекеттің  не  үшін,  қандай  талапқа  лайық  істелетін, 
болатынын  білдіретін  пысықтауыш  мақсат  пысықтауыш  болады.  Мақсат 
пысықтауыштар  кім  үшін?  не  үшін?  неге?  қандай?  қандай  мақсат  пепен?  Деген 
сұрақтарға жауап береді. Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын үстеулер өте аз, 
олар мыналар: əдейі, жорта, қасақана, бекер, басқа, əшейін.  
Мақсат  пысықтауыштық  мағынасы  айқын  сөздер  –зат  есім,  жəне  көмекші 
сөздермен  тіркескен  басқа  есімдер.  Олар  төменде  көрсетілген  тұлғаларда  жəне 
тіркестерде  мақса  пысықтауыш  болады.  У  қосымшалы  қимыл  есімдер  барыс 
жалғауында  кел,  кет,  шақыр,  бер  сияқты  етістік  баяндауыштарға  қатысты  болғанда, 
олар мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалады.  
3. 
Зат есімдер мен –ғалы-гелі, қалы-келі, тұлғалы етістіктер тіркесіп, кейде 
күрделі мақсат пысықтауыштық қызметте жұмсалады. Бала кітап алғалы келіпті
4. 
Қалау,  буйрық  рай  формалы  етістіктерден  кейін  көмекші  деп  етістігі  
айтылып,  кейде  көсемше  тұлғалы  етістіктің  бір  өзі  мақсат  пысықтауыш  қызметінде 
жұмсалады. Алматыға оқып білім алайық деп келдік.  
5. 
Барыс  жалғаулы  есімге  бала  етістігі  көмекші  болып  та    мақсат 
пысықтауыш жасалады.  
6. 
–ма+с  (ме+с)  тұлғалы  есімше  барыс  жалғаулы  жалғаныта  мақсат 
пысықтауыш жасалады.  
Себеп  пысықтауыш.  Себеп  пысықтауыш  қимыл  процесінің  себебін  білдіреді. 
Себеп пысықтауыштарға неліктен? не себепті? деген сұрақтар қойылады.  
Себеп  пысықтауыштар  сөйлемде  тек  баяндауыш  болған  етістіктің  мағынасын 
айқындап,  тек  сол  қимылдың  болу-болмау  себебін  ғана  білдірмейді,  көбінесе,  оның 
қасындағы  басқа  амал,  мекен  пысықтауыштармен  де  магыналық  байланыста  тұрады. 
Бірқатар  себеп  пысықтауышы  бар  сөйлемнің  құрамында  баяндауышқа  да  қатысты 
басқа пысықтауыш болады. Бірақ барлық жағдайда бұл шарт сақтала бермейді. Себеп 
пысықтауыштардың бұлайша тікелей текетістік баяндауышқа не оның маңындағы сөзге 
де  қатысты  болу-болмауы  сөйлем  құрамының  жəне  пысықтауыш  болған  сөздің 

 
 
ерекшеліктерімен байланысты. Себеп пысықтауыш қызметінде жұмсалу үшін мынадай 
тұлғаларда жəне басқа сөздермен тіркесте айтылады.  
1. Есімше – дық+тан, дік-тен деген жұрнақ жəне шығыс жалғауы жалғанады, кейде 
ол  жұрнақтан  кейін  тəуелдік,  соннан  соң  шығыс  жалғауы  жалғанады:    Қатты 
ұйықтағандықтан Ботагөздің басы ауырып қалған екен.   
2.  Есімше  тікелей  не  тəуелдік  жалғауларынан  кейін  шығыс  жалғауы  жалғанады. 
Шошынғаннан шешесі есінен танып қалды.  
3.  Есімшеден  кейін  себепті,  соң  деген  шылау  сөздер  айтылады.  Ол  тəртіпті 
болған себепті жұмысты жақсы істейді.  
4. Есімше –дық дік, од етістігі көмекші болады.  
5.  Көңілшектік,  еріншектік  ан  кейін    тəуелдік  жəне  шығыс  жалғауы  жалғанып 
барып, оған деп, жалқаулық, тəртіп тəрізді абстракт мəнді зат есімдерге тəуелдік жəне 
шығыс жалғаулары жалғанып та себеп пысықтауыш қызметінде қолданылады.  
Көбінесе шылау қызметінде келетін сондықтан, сол себептен, солай болғандықтан 
деген сөздер себеп пысықтауыш қызметінде де жұмсалуы мүмкін.        
Себеп  пысықтауыштар  орайына  қарай  бірдеңенің  салдары  мағанасында  да 
ұғынылады.    
Амал пысыктауыш. А) Тəсілдік амал пысықтауыш.  
Қимылдың  қандай  тəселдермен  атқарылуын  білдіретін  пысықтауыш  амал 
пысықтауыш болады.  Олар қалай?, қайтіп?, қалайша? деген сұрақтарға жауап береді.  
Амал  пысықтауыштар  екі  топқа  бөлінеді:  тəселдік  амал,  сапалық  амал.  Тəселдік 
амал. Тəселдік амал пысықтауыш болатын сөздер– үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемше  
тұлғалы  етістіктер.  Олардың  баяндауышқа  мағыналық  қатысы  қимылдық  қарқындық 
бейнелеуші болады.  
Іс-əрекеттің қимылдық тəсілін білдіретін амал пысықтауыштар көбінесе етістіктің 
көсемше  түрлеріне  айтылады:  көсемше  тұлғалы  етістіктер  қосарланып  та  жоғарғыдай 
амал пысықтауыш жасалады:  
Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.  
Бұл сияқты қос сөзді пысықтауыштардың  бірқатары əрі қимылдық, əрі қарқындық 
амалды  білдіреді.  Оның  үстіне  кейбір  қос  сөзді  қимыл  пысықтауыш  көптік  тұлғада 
айтылатын баяндауышпен ғана сабақтасады.   
Өткен  шақтық  есімше  –ша, -ше    жалғанып,  қимылдық  меже,  шек  қою 
мағынасындағы пысықтауыш болады: тойғанша жеді, шаршағанша жүгірді, жеткенше 
қуды.   
Іс- əрекеттің  қарқындық тəсілін білдіретін пысықтауыштардың мағынасы əр түрлі 
болады: бояу, шапшаң, үдеу, қайталау жəне т.б.  
Ондай пысықтауыштар мынадай сөздерден жасалады.  
а) тез, жылдам, шапшаң, ақырын, жай, шұғыл, қайта-қайта сияқты 6стеулерден тез 
қимылда, сəл көтерілді, ақырын сөйледі. Шапшаң бас, жылдам жүр, жай оқы, ол шұғыл 
бұрылды, ол жазғадарын қайта-қайта оқыды, т.б.  
Қарқындық  амал  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалатын  тез,  сəл,  жай,  сияқты 
үстеулер қасындағы етістігінің магыналық өзгешелігіне қарай істің шапшаң орындалу 
амалын білдірумен қатар, кейде шақтық та мағынада жұмсалады.  
Жоғарғыдай  пысықтауыш  қызметіндегі  сөздерге      ырақ  ірек  жұрнағы    жалғанып, 
олардың қарқындық дəрежесі күшейтіліп те айтылады.  
ə)  Қылт,  кілт,  тарс,  тарс-тұрс,  жалт,  бұрқ-бұрық,  жалт-жұлт  сияқты  еліктеуіш 
сөздер:   
б)  Бірден,  бір-ақ,  көзбе-көз,  қолма-қол,  жалма-жан,  зорға,  əрең  сияқты  үстеулер:  
Бейнелеуш  амал  пысықтауыштар  қимыл  тəсілінің  түрде  екенін  білдіреді.  Ондай 
мағынада пысықтауыш болатын сөздер:  

 
 
а)  Шалқасынан,  жүрісінен,  етпетінен,  алшысынан,  мұртынан,  тізелеп,  жанбастап, 
бүге түсіп деген үстеулер.  
ə)  Маң-маң,  талтаң-талтаң,  бүкең-бүкең,  бүрсең-бүрсең,  ербең-ербең,  қарш-қарш, 
пырт-пырт сияқты еліктеуіш сөздер.  
Бұл  топқа  киімшең,  көйлекшең,  жалаң,  бас,  жалаң  аяқ,  қуанышпен  сияқты 
сөздерден болған пысықтауыштар да жатады.  
Негізгі  жəне    туынды  сын  есімдер  етістікке  қатысты  болып  пысықтауыш 
қызметінде  жұмсалғанда,  олар  бұрынғы  лексикалық  мағынасын    өзгертіп,  үстеуге 
айналмайды. Бірақ үстеулер сияқты пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Сапалық сын 
есімдер  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалу  үшін  баяндауыш  болған  етістіктердің  дəл 
алдында  тұруға  тиісті.  Ондай  пысықтауыштардың  баяндауыштармен  осылай  қабыса 
байланысып,  қатар  тұруы-  олардың  сол  қызметте  жұмсалуының  синтаксистік  амалы. 
Бірақ  кез  келген  негізгі  сын  есімдерді  етістіктермен  қатар  қойып  пысықтауыш 
қызметінде  айта  беруге  болмайды,  тек  санаулы  сын  есім  сөздер  ғана  сол  қызметте 
етістіктермен тіркесе алады. Ол туралы «Сын есім мен етістіктен құралған сөз тіркесі» 
дегенді қараңдар.  
Олардың  лексикалық  мағыналары  етістіктердің  мағыналарымен  үйлесімді, 
солармен  тіркесе  алатын  сөздер.  Негізгі  сын  есімдерден  гөрі,  туындысын  есімдер 
пысықтауыш  болып  өте  жиі  қолданылады.  Онда  да  олардың  бəрі  емес,  үстеумен 
шендес сын есімдер.  
1.  –сыз-сіз  жұрнағы  жалғанған  туынды  сын  есімдер  пысықтауыш  қызметіңде 
қимыл процесіне біреудің не бірдеңенің қатысы жоқтығын білдіреді.  
2.  Зат  есімдерге  дай-(дей,  тай)  тей  жұрнағы  жалғанған  туынды  сын  есімдер 
сапалық пысықтауыш қызметінде теңеу, салыстыру мағынасында жұмсалады.  Кейде –
дай|дей…  жұрнағы  жалғанған  сөздерге-  ың||  ің  қосымшасы  арқылыда  пысықтауыш 
жасалады.   
Ша-ше  жұрнағы  арқылы  үстеуге  айналғанесіvдертеңеулік  сапа  мағынасында 
пысықтауыш болады: Суда балықша жүзетін бір балықшы шал бар екен.  
Сапалық пысықтауыш ретінде жұмсалатын сөздердің енді бірқатары– сан есімдер, 
сандық ұғымды білдіретін басқа есімдер. Сан есімдер ол қызметте түбір күйінде, кейде 
олардан  кейін  рет,  есе  деген  көмекші  есімдер  тіркесіп  айтылады.  Заттың  анық  санын 
білдірмей,  сандық  ұғымда  айтылатын  аз,  көп,  шамалы,  азырақ,  көбірек,  едəуір,  талай, 
тегіс,  біраз,  бірқатар  сияқты  сөздер  де  сапалық  пысықтауыш  қызметінде  жиі 
қолданылады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет