Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Пысықтауыш мүше ретінде жұмсалатын сөздерге сипаттама берің.
2.Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай неше топқа бөлінеді.
3.Мақсат пысықтауыштар қалай жасалады?
4. Кейде мекен, кейде мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалатын сөздерге мысал
келтіріңдер.
Пайдаланылатын əдебиеттер:
1. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
СӨЙЛЕМНIҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ
Жоспары
1.Бірыңғай мүшелер туралы жалпы түсінік
2.Бірыңғай тұрлаулы мүшелер.
3.Бірыңғай тұрлаусыз мүшелер.
Тірек сөздер: бірыңғай мүше, анықтамасы, бірыңғай бастауыш, баяндауыш,
анықтауыш,толықтауыш, пысықтауыш, бірыңғай мүшелерді баяланыстыратын
жалғаулықтар.
Айшаның майысыңкыраған сымбатты ұзын бойы, ашық жүзі, қоп-қою, қап-қара
қасы, мұңайған кер көзі оның қалың ойда, ауыр қайғыда екенін білдіретін еді.
Бұл – жайылма сөйлем. Оның бірнеше бастауыштары бар: бойы, жүзі, қасы, көзі.
Бұлардың тұлғасы бірдей, баяндауыштары бəріне ортақ: ол – білдіретін еді. Əрбір
бастауыштың анықтауышы бар. Соның бəрі- бойы дегеннің төрт аныктауышы бар:
Бұл төрт анықтауыштың тұлғалары да, мағыналары да зат есімнен болған
анықтауыш, майысыңқыраған – есімшеден, сымбатты – туынды сын есімнен, ұзын –
сапалы сын есімнен болған анықтауыштар.
Бұлар түрлі тұлғадағы əр қилы анықтауыштар болғандықтан, бірыңғай
анықтауыштардай, əр сөзі айырым əуенмен айтылмай, бəрі біріне –бірі ұласа айтылады.
Бірыңғай мүшелер өзара саласа байланысады да, сол тобымен сөйлемдегі басқа
мшелерден дауысталу жағынан оқшауланып, бəрі жиналып бөлек бір топ құрап тұрады.
Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем мүшелері
бірыңғай мүшелер болады. Олар біріне – бірі бағынбай, өзара саласа байланысып,
барлығы бірдей дəрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады. Бірыңғай мүшелер бір
сөзден құралған жайылма болады.
Бірыңғай мүшелердің байланысы. Бірыңғай мүшелер көбінесе тұлғалас
болатындықтан қазақ тілінде оларды кейде шұбалыңқы етпей, ықшамды етіп айту
үшін, грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздер бəріне ортақ етіліп бір–ақ рет
жұмсалады. Олар мынандай орындарда болады:
1. Бірыңғай мүшелердің, мысалы, толықтауыштардың ең соңғысы жинақтаушы
болады да, тиісті септік жалғау тек соған жалғанады.
2. Бірыңғай күрделі мүшелерге бір көмекші етісті не бір көмекші есіv ортақ болып,
олар ең соңы бірыңғай мүшеден кейін бір-ақ рет айтылады.
Жай сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін кеңітуге бірыңғай мүшелер 6лкен сеп
болады. Өйткені сөйлем ішіндегі əрбір бірыңғай мүшенің жетегінде басқа сөздерболып,
олар бірінің үстіне бірі жамала беруі мүмкін. Бірыңғай мүшелер бірімен–бірі салаласа,
басқа мүшелер мен сабақтаса байланысады. Бірыңғай мүшелерді салыстыра
байланыстыратын амалдар–интонация мен жалғаулықтар. Бір сөйлемде төрт, бес
бірыңғай мүше болса, олардың алдыңғылары жалғаулық немесе интонация, соңғы не
ортадағы екеуі жалғаулық арқылы байланысуы мүмкін. Бірыңғай мүшелер интонация
аркылы, кейде əрі жалғаулық, əрі интонация арқылы байланысып, айырым əуенмен
айтылса, жазуда олардың арасына үтір койылады. Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелерді
əрі қарай жалғастыра беруге болады,- тұйықталмайды; ал жалғаулықты бірыңғайлар
көбінесе тұйықталып, əсіресе жəне жалғаулығымен байланысқан соңғы бірыңғайлар
сол қосағымен аяқталып тұрады. Кейде бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы екеу-
екеуден қосақталып айтылады. Қорыта айтқанда, бірыңғай мүшелер ойды, бір жағынан
шұбалаңқы етпей тұжырымдау үшін, екінші жағынан тарамдап талдау үшін
жұмсалады. Алманы кездестіреді, өрікті кездестіреді… десек шұбалаңқы да, алманы,
өрікті…. кездестіреді десек, сиысқан, ықшамды болады. Бұл – олардың
айырмашылықтары.
Бірыңғай тұрлаулы мүшелер. Тұрлаулы мүшелер бірыңғай болғанда, сөйлемнің
құрамы жайыла түседі, бірақ сөйлем күрделі болмайды. Күрделі сөйлемдер əр
бастауыштың өз баяндауышы болу негізінде жеке сөйлемдер тіркестерін болса,
бірыңғай тұрлаулы мүшелері бар сөйлемде бірнеше бірыңғай бастауыштың бір
баяндауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы болады. Сол ыңғайда
олардың бірыңғай болуының өз ерекшеліктері болады:
Бастауыш бірыңғай болғанда, олар бір баяндауышы өздеріне ортақтасқан түрде
бағындырады.
1. Бірыңғай бастауыш кісі аттары болганда, олардың ең соңғысына көптік жалғау
жалғанады. Ондайда көптік жалғауы жинақтаушы қызмет атқарады. Мысалы: Абай,
Біржан, Əйгерімдер тысқа шығып, оларды аттандырып жатыр.
2. Біркелкі бірыңғай бастауыштарды жинаушы сөз жинақтау сан есімдері болады:
3. Бірыңғай мүшелерді жинақтау қызметінде бəрі, барлығы да, осының бəрі,
үшеуі… дегендер сөздер жиі қолданылады.
Баяндауыштар бірыңғай болғанда, олардың бəрі бірдей болғанмен, көп жерде ең
соңғы баяндауыштың сөйлем құрауда синтаксистік қызметі ерекше болып келеді. Оның
үстіңе етістіктен болған бірыңғай баяндауыштың есімді бірыңғай баяндауыштардан
елеулі ерекшеліктері бар.
1. Етістік бірыңғай баяндауыштар қимылдың бірінен соң бірі болып жатқан
үдетпелігін жəне мезгілдестігін білдіреді.
Дала боран, Жел дүрілдейді. ысқырады. Арғымақтың баласы аз оттар да көп
жусар. Бұл жолы ол əрі ұзақ ұйықтады, əрі тыныш ұйықтады.
2. Есімді бірыңғай баяндауыштар субъектінің бір беткей əр түрлі сындық, не
заттық сапасын білдіреді; бірыңғай баяндауыш болатындар-көбінесе сын, зат
есімдерден жасалған баяндауыштар…
Бірыңғай тұрлаусыз мүшелер. Екі не бірнеше тұрлаусыз мүшелер басқа
тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің біріне бағынып, бір сұраққа жауап болып
тізбектеледі.
Тұрлаусыз мүшелердің барлығының бірыңғай болу амалдары бірдей емес.
Толықтауыштар бірыңғай болғанда, олар жалғаулықты, жалғаулықсыз байланыста
тұрып, екі түрлі тұлғаланады: бірде əрбір ыңғай толықтауыш тиісті септік жалғауда
айтылса, кейде онда жалғау ең соңғы толықтауышқа ғана жалғанып, алдыңғылары сол
жалғауға сырттай телініп, жалғаусыз айтылады. Бірыңғай толықтауыштар мен (пен,
бен) жалғаулығы арқылы байланысқанда, олардың əр уақытта тек соңғысы жалғаулы
болады, ал жалғаулықсыз байланысса, кейде олай, кейде бұлай болып тұлғана береді.
Анықтауыштар анықтайтын сөздердің алдында екі түрлі ыңғайда топтанады: кейде
бірнеше анықтауыш бірін –бірі анықтап барып, ең соңғы зат есімге бағынып тұрады.
Мысылы: Əлеуметтік құрылыстың жаңа міндеттері дегенде «əлеуметтік» деген
анықтауыш құрылыстың дегенді анықтайды, құрылыстың жаңа дегендер – міндеттері
дегенді анықтайды. Мұндай бір сөзді түрлі жағынан сипаттайтын анықтауыштар
əркелкі анықтауыштар болады.
Кейде анықтайтын сөзіне қатысы бірдей бірнеше анықтауыш бір сөзді əр жағынан
анықтайды. Олар мағыналық, грамматикалық белгілері жағынан ыңғайлас болады.
Мысалы: Дала қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып тұр.
Мұндай мағыналас, көбінесе тұлғалас сөздерден жасалған барлығы бірдей
дəрежеде бір сөзге қатысты болып тұратын анықтауыштар бірыңғай анықтауыштар –
ойды, көрікті, көркем етудің де тəсіл бояулары.
Кейде тұлғасы, магынасы жағынан түрлі сөз табына жататын сөздер де бірыңғай
анықтауыштар болуы мүмкін. Ондайда олар да айырым интонациямен айтылады.
Мысалы: Орысша киінген, ақ құба, қара сақалды, орта бойлы адам үйге кірді.
Пысықтауыштар да анықтауыш сияқты бірыңғай болып көп жұмсалады. Əсіресе
туынды 6стеулерден, көсемшелерден болған пысықтауыштардың бірыңғай болу
қабілеті күшті. Олар көбінесе интонация аркылы, кейде жалғаулықтар арқылы да
байланысады. Бірыңғай мүшелердің əрқайсысы дара сөзді жəне сөз тіркесінен болуы
мүмкін.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Бірыңғай мүше дегеніміз не?
2. Бірыңғай мүшелердің жасалу жолдары.
3. Бірыңғай тұрлаулы мүшелерге сипаттама берің.
4.Бірыңғай тұрлаусыз мүшелердің жасалуындағы жалғаулықтардың қызметі
қандай?
Пайдаланылатын əдебиеттер:
1. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
4. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006
5.Шаяхметова М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Алматы.1980ж.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Жоспары
1.Хабарлы сөйлем, жасалу жолдары..
2. Сұраулы сөйлем, ерекшеліктері.
3. Бұйрық сөйлем, жасалу жолдары.
4.Лепті сөйлем.
Тірек сөздер: хабарлы сөйлемдердің мазмұны, сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары,
бұйрықты, лепті сөйлемдердің жасалу жолдары.
Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы
болады. Мысалы: Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты
жарып.
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны əр түрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге
қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің əсіресе баяндауыштардың мағыналық,
тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты.
Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу əуенмен айтылады: жалаң
сөйлемдер тақ –тұқ қайырылса, жайылма сойлемдерді айтқанда, дауыс сөйлемнің
соңында бəсеңдей түсіп тынады. Мысалы: Түн жым- жырт. Жел жоқ. Бірақ сəл ғана
білінген салқын бар.
Бір сөйлемнен екінші сойлемнің межелі жігі пауза арқылы айрылып тұрады. Бірақ
хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу əуені əр уақытта бірқалыпты бола бермейді.
Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштын не толықтауыштың
манына топтаған сөздердің саны неғұрлым көп болса, сол топ солғұрлым оқшаулана
түсіп, көтеріңкі дауыспен айтылады да, одан кейін дауыс бəсеңдей береді. Мысалы:
Таудан төмен сырғанап келе жатқан шаңғышылар колхоз клубының алдына келіп
тоқтады. Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер интонация жағынан
екі бөлініп айтылады.
Сұраулы сөйлем. Сөйлеу – тіл жұмсаудың басты тəсілінің бірі жүздесіп жəне
басқа адамдар арқылы өзара сөйлескен адамдар істің, əр нəрсенің мəн –жайын білгісі
келгенде, сұраулы сөйлемнің сұралуы түрлерін қолданылады. Ауызекі сөйлеу стиліне
тəн пікір алсудың бұл түрі əдебиетте, əсіресе көркем əдебиет тілінде жиі қолданылады;
мысалы:
-Əй , тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың?… Неге жөніңді айтпайсың?- деді
Қадырбек. Басқадан жауап күту мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемдер көтеріңкі дауыспен айтылады. Көркем əдебиетте сөйлемдердің,
əсіресе хабарлы сөйлемдердің қолдану мақсаты ойды əсерлі - көрікті, көркем ету де
ескеріледі. Сұраулы сөйлемдер интонация арқылы жəңе сұрау есімдіктері, сұраулық
шылаулар, кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады.
Олардың бастылары мыналар:
Сұраулы сөйлемдер ма-ме, па-пе, ба-бе сұраулық шылаулары арқылы жасалады.
Сұраулық шылау қысқарып жіктік жалғаулардан бұрын келу арқылы да сұраулы
сөйлем жасайды.
Сөйлемде кім, не, қашан, қайдан, қандай, кімді… сияқты сұрау есімдіктері айтылу
арқылы сұраулы сөйлем жасалады:
Мұнда қайдан жүрсіз?
- Ой, Бəтес, мұның не?
Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыштың құрамына
еніп, сұраулық интонациямен айтылганда сөйлем сұраулы болады:
4.Баяндауыштың құрамында – ау, ғой шылаулары мен одағай айтылып та сұраулы
сөйлем жасалады:
Сен кіп – кішкене қуыршақтай едің – ау, ə?
5.Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да сұраулы сөйлем
жасалады. Сұраулы сөйлемде əдетте түгелімен кейде сұрау есімдіктері көтеріңкі
дауыспен айтылады да, сұраулық интонациямен аяқталады. Сонымен қатар, көп
құрамды сұраулы сойлемдерде жауап күтуді білдіретін сөздер басқа сөздерден гөрі
басым əуенмен айтылады. Кейде, ондай ой екпіні түсіп, басым əуенмен айтылатын сөз
тікелей баяндауыштың қасында тұрады.
Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны əр түрлі болады. Олардың
негізлері мыналар: Ашық сұрақ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын,
бар – жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық
қойылады: Ашық мəнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре,
сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады. Ондай екі рет
айтылатын сұрақтар көбінесе біріне –бірі қарсы мəнді сөздер болады. Сұраулы
сөйлемнің сондай экспрессивті мəнін күшейту бір сұрақ қазбаланып кейде бірнеше рет
қойылады.
2. Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерге ашық жауап берілмей, сұраққа сұрақ
түрінде де жауа беріледі де, қарсы сұрақ қойылады.
3. Күмəнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп
айтылмай, айтушының бірдеңеге күманданғанын да білдіреді: Ондай əрі сұраулы, əрі
күмəнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма-ме…екен, екен –ау жəне ə
деген сөздер болады.
4. Таңырқаулы сұрақ. Баяндауышының құрылысы күмəнды сұрақ формаларында
немесе демейсің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану,
таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер əрі сұраулы, əрі лепті
болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады:
Сізде де арман бар ма екен?!
Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?!
Жоғары сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл күйін білдіретін одағай сөздер
болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа эмоциялық реңк қосыла береді.
Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай,
бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық
мəн болады. Риторикалық сұраулысойлемдер көркем əдебиетте жиі қолданылады.
Риторикалық сұраулы сөйлемдер кейде салалас құрылмас сөйлемнің құрамына енгенде
құрмаластың аралығында əйтеуір, қалайда деген сөздер қолданылады:
Əлде ақсиған тістері ме, əлде ақ көңілдігі ме, əлде қабағына қақ тұрмайтын
ойнақлығы ма? - əйтеуір Шеген мені біржола тартып əкетті.
Бұйрықты сөйлем. Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен
айтылады. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана
айтылмайды, сонымен қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т.б.
білдіреді.
Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тəн. Көркем əдебиетте ондай сөйлем
диологта жиі ұшырайды. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық жəне қалау райы
арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем
түгелімен асқақ əуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу əуені оларды
қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру,
қатал талап мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер
кеңес, жалыныш, тілек магыналарында жұмсалса, олар бəсең дауыспен айтылады.
Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе сөйлемнің басына қойылады.
Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз болады да, оның орнына қаратпа сөз
қолданылады. Қаратпа сөздер істі істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге
арналғанын білдіреді.
Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар көбінесе аз сөзден
құралған ықшамды болады да, екпінді əуенмен тақ –тақ айтылады.
Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына қарай жəне
сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай, олардың мазмұны əр түрлі болады.
Баяндауыштары еиістіктің бұйрық райының екінші жағында айтылған сөйлемдерді
көбінесе бұйрық, талап кейде үндеу мəнді болады:
Тарт тіліңді! Жоғал көзіме көріңбей! –деп Ысқақ кимелеп кетті.
Баяндауыштары бұйрық райының үшінші жағында айтылған сөйлемдер көбінесе
талап, тілек мəнді болады:
Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған –шы-ші қосымшасы
жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады.
Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баяндауыштары бар сөйлемдер
ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады. Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері, ауыл
шаруашылық, мамандары!
Лепті сөйлем. Кісінің көңіл күйін, əр түрлі эмоциялық сөзімін білдіру үшін
жұмсалатын сөйлемдер лепті болады. Лепті сөйлемдердің мағыналары жай хабар
болумен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы.
Жалынышлы, күмəны, жиреніші сияқты ішкі сезімдерін білдіреді. Лепті сөйлемдер
мұндай мағыналарда айтылу үшін олардың құрамында көбінесе одағайлар болады.
Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкі
дауыспен, лептілік интонациямен айтылады. Лепті сөйлемдердің эмоциялық
мағыналары олардың құрамындагы одағай, модаль, сөздермен сөйлемдерің лептілік
əуенмен байланысты.
1. Қорқу, сескену, аяу, окіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл күйін білдіреті
сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ау, ай демеуліктері айтылады:
2. а) баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты сөйлем кейде тілек
мағынасында айтылады:
б) баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу,
арман ету мағынасында лепті сөйлем жасалады:
Ондай сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас құрылмас болып айтылмай, жай
сөйлем ретінде жұмсалады. Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше
болып, одан кейін сұраулық ма-ме шылауы мен еді көмекші етістігі тіркесіп те арман
мəнді лепті сөйлем жасалады.
3. Өткенде істеуге тиісті, бірақ істелмен, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын
да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі
болып келеді.
а) Болымсыз тұлғадағыөткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы көмекші
етістік, одан кейін демеулік де тұрады:
Бірінші жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке шы-ші қосымшасы
жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі əуенмен айтылады.
3. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында да лепті
сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің ішінде кейде қандай, ғажап, неткен,
болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады.
Жай сөйлемнің түрлері. Жақты сөйлем.
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз
екенін баяндауышпен ұластыра, атау септігінің сұрақтарын қою арқылы білуге болатын
сөйлем жақты сөйлем болады. Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін
белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың
жақтық тұлғаларына, мағыналарына дəлме-дəл үйлесімді болып айтылған бастауышы
бар сөйлем ғана жақты болады.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай
сөз екені айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп
айту мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
Ұзақ ойға қатысты болып, өз ара мағыналық байланыста айтылатын жеке
сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде қайталақтанып айтылмай, соған
ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не
құрылмас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші
сөйлемге де бастауыш болып ортақтасады. Бидай тиеген эшелондар зыр қағып, темір
жолды қайқаң қақтырып, суыт кетіп барады.
Бастауыштың қай сөз екені баяндауыштық тұлғадан айкын болып тұрғанда,
əсіресе І-ІІ жақтық бастауыштар сөйлемде ерекше айтылмайды.
Отаным үшің аттанам.
Ақ семсерді қолға ала.
Өлеңімді өрлеттім,
Өрге құлаш серметтім.
Зарын айтып сорлының,
Қайғылыны еңіреттім
Өз бойыңа болып сақ,
Жан-жағыңа қараңдар.
Мен,сен, біз, сіз, ол деген бастауыштарға ерекше мəн беріліп, ой екпіні
түсірілгенде, олар сөйлемде ерекше айтылатын болады. Ондай бастауыштарды түсіріп
айтуға болмайды.
Сөйтіп, бастауыштың жақты сөйлемде дербес айтылу я айтылмауы
баяндауыштың тиісті предикаттық жалғауда тұру я тұрлауымен ғана байланысты емес,
бастауыштың сөйлемдегі қызметінің ерекше екендігімен де байланысты болады.
Жақсыз сөйлем. Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бірқатарын,
жоғарғыдай, толымсыз сөйлемдерден айыру үшін, мектеп грамматикаларында
«жақсыз» сөйлем деп атап жүрміз. Олардың үш жақтың біріне тəн белгілі
грамматикалық бастауышы болмайды. Мысалы: Баланы жаман үйретпеу керек.
Егер жақсыз сөйлемдердің түрлері əдеби тіліміз қалыптаспай тұрған кезде елеусіз
болып, аз жұмсалатын болса, осы күнгі əдебиеттерде оның түр-түрі сараланып жиі
жұмсалатын болады. Сонда да «жазықсыз сөйлем» деген термин – шартты атау.
Ондай сөйлемдерді орысша «безличное предложение» дегеннің аудармасы
ретінде «жазықсыз сөйлем» деп атағанымыз болмаса, қазақ тілінде дəл орыс тіліндегіде
жазықсыз сөйлем де, ондай сөйлем жасайтын, стемнело, мне не спится сияқты өзгеше
жақсыз етістіктер де жоқ. Дұрысында, біздің жақсыз сөйлем деп жүргеніміздің
баяндауыштарының белгілі жағы болады. Бұл сөздер көбінесе үшінші, екінші жақта
айтылады. Сөйтеді де. олар кейде бастауышы жоқ сөйлемнің баяндауышы болып
жұмсалады: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын. Не істеу керек? Көне беруге тағы
болмайды.
Əрине, бұл сөйлемдердің бастауыштарының айтылмауы – Москва бардым, не
көрдім? – Туысқан, туған ел көрдім деген сияқты сөйлемдермен бір емес. Соңғыда
бастауыштың мен екені айқын да, одан бұрынғы сөйлемдердің бастауыштары ондай
белгілі, айқын емес. Сабақтан қалуға болмайды деген сөйлемнің баяндауышы үшінші
жақта айтылған. Бірақ оның грамматикалық бастауышы үшінші жақта ІІІ жақтық ол,
олар деген есімдіктер емес. Өйткені бұл сөйлем бір адамға айтылуы да, көп адамға
айтылуы да, өзіне, тыңдаушыға айтылуы да мүмкін.
Сөйтіп, бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-əрекет
баяндауыш үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |