Array типі және жиымдарды пайдалану



Дата13.04.2023
өлшемі47,63 Kb.
#81994
түріҚұрамы
Байланысты:
Array типі және жиымдарды пайдалану


  1. Array типі және жиымдарды пайдалану

Жиымдармен жұмыс істеуге арналған бірсыпыра мүмкіндіктер бар. Жиым индексі тік (квадрат) жақшаның ішіне жазылады. Мысалы, құрамында төмендегідей сөз тіркестері бар жиымнан мысал келтірейік: компьютер, интернет, модем, монитор. Индекс нөлден басталады. Мысалы:
$m[0]= “компьютер”;
$m[1]= “интернет”;
$m[2]= “модем”;
$m[3]= “монитор”;
Бұл жерде жиым элементтері саны 4-ке тең, бірақта соңғы толтырылған индекс мәні 3- ке теңболады. Ең соңғы элемент $m[4]= “ ”;
Жиымның барлық элементтерін экранға шығаратын программа құрастырайық:
$i=0; while ($i”; $i++}
Мұндағы count($m) функциясы жиым элементтерінің санын білдіреді. РНР тілінде жиыммен жұмыс істейтін көптеген функциялар бар.
Жиымды анықтау үшін array() конструкциясы беріледі немесе оның элементтеріне тұрақты мән беру арқылы да анықтауға болады. Мысалы:
array ([key] => value, [key1] => value1, ... )


Array() конструкциясы параметр ретінде үтірмен бөлініп, қос-қостан жұпталған кілт
=> мән тізбегінқабылдайды. => символдары мәнмен оның кілті (индексі) арасында сәйкестік орнатады. Кілт, яғни жиым индексі бүтін санмен де, cөз тіркесімен де беріле береді, ал оның мәні РНР тіліндегі кез келген типтегі шама бола алады. Жиымның сан түрінде берілген кілтіиндекс деп аталады. РНР тілінде жиымды индекстеу нөлден басталады. Жиым элементінің мәнін жиым атынан соң тік жақшаға алынған оның кілтін (индексін) көрсету арқылы алуға болады. Егер жиым кілті ретінде стандартты түрде жазылған бүтін сан көрсетілсе, онда ол сандық индекс болып табылады, басқаша жағдайларда – сөз тіркесі болады. Сондықтан $a["1"] мен $a[1] тіркестері және $a["-1"] мен $a[-1] тіркестерібірдей болып саналады.

Жиымның нақты элементін өзгерту үшін оның кілтін көрсетіп, жаңа мән беру керек. Элементтің кілтін өзгертуге болмайды, тек элементті өшіріп тастауға (кілті/мәні екеуін де) немесе жиымға жаңа элемент қосуға болады.


Жиым элементін өшіру үшін unset() функциясын пайдалану қажет. Мысалы:

$books = array ("php" => "PHP users guide", 12 => true);
$books[] = "Book about Perl";
// кілті (индексі) 13 болатын элемент қосу
//ол мынадай жолмен $books[13] = "Book about Perl"; бірдей
$books["lisp"] = 123456; /* Бұл жиымға кілті "lisp", мәні 123456 болатын
жаңа элемент қосады */ unset($books[12]); //Бұл жиымнан кілті 12-ге теңэлементті өшіреді unset ($books); //жиымды толық өшіреді
?>



  1. Null типі

NULL арнайы мәні айнымалының мәні жоқ екенін білдіреді.
Айнымалы мәні төмендегі жағдайларда NULL:

  • оған NULLконстантасы меншіктелген болса, ($var = NULL);

  • оған әлі ешқандай мән берілмесе;

  • ол unset() функциясы арқы өшірілсе, болып саналады.

NULLтипінің бір-ақ мәні – регистрден тәуелсіз NULL түйінді сөзі болып табылады.
11. Тілдің resource (ресурстар) және object (объектілер) типтері
Ресурс – бұл сыртқы ресурсқа сілтемесі бар арнайы айнымалы (мысалы, мәліметтер базасымен байланысу). Ресурстар арнайы функциялар арқылы жасалады және пайдаланылады (мысалы, mysql_connect(), pdf_new() т.с.с.).
Объектілер – объектіге бағытталған программалаудан келген мәліметтер типі. Бұл принцип бойынша, класс – белгілі бір қасиеті мен онымен жұмыс істейтін тәсілдері бар объектілер жиыны, ал объект осы сәйкестік бойынша – класс экземпляры, яғни бір данасы. Мысалы, программалаушылар – программа жазатын адамдар класы (тобы), оған қоса, олардың да басқа адамдар сияқты, аты-жөні бар. Енді бір нақты программалаушы Азат Омаровты алатын болсақ, ол программалаушылар класының объектісі болып табылады, басқа программалаушылар тәрізді қасиеттері – аты-жөні бар, программа жазады, т.с.с.
PHP тілінде объект тәсілдеріне қол жеткізу үшін ->операторы пайдаланылады. Объектіні инициалдау үшін new өрнегі қолданылады, ол собъект экземплярын бір айнымалыға меншіктейді.



    1. мысал. PHP тіліндегі объектілер

// адамдарын класын құрамыз

class Person


{
// PHP тіліне үйрететін тәсіл function know_php()
{ echo "Енді мен PHP тілін білемін!"; }
}
$bob = new Person; // адам класындағы объект құру
$bob -> know_php(); // оны PHP тіліне үйрету
?>
Нәтижесі:

Енді мен PHP тілін білемін!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет