89
2.
Кітаптанушы. Кітапхана пациенттер үшін өз аурулары
туралы ойдан бір сәт алаңдататын, физикалық қиыншылықтарды
жеңе білуге көмектесетін фактор рөлін атқаруы керек;
3.
Көмекші. Невроз және соматикалық аурулар кезінде
қолданылатын емдік процесс. Ол психотерапевт дәрігер мен арнайы
дайындықтан өткен кітапханашының көмегімен жүзеге асады.
Бұл
терапияның
артықшылығы:
күшті
әсері,
ұзаққа
созылатындығы, тыныштандырып, ләззат пен қуанышқа бөлеуі, өз-
өзіне деген сенімді арттырып, қолынан көп нәрсе келетініне сендіруі,
адамның үнемі психикалық даму үстінде болуы мен өз-өзіне көңілі
толуы, ерік жігерін нығайта отырып, білімін арттыру, т.б.
Сонымен қатар психикасы қатты бұзылған клиентке кітап
оқытқызбайды, ал депрессиядағы адамдарға әдеби шығарманы
аса ұқыптылықпен таңдайды.
Библиотерапия:
белгілі бір тақырыбы, кезектілігі, талдауы бар оқу
жүйесі ескерілетін негізгі әдіс;
арнайы бағытталған проблемаларды, атап айтсақ, бала
мен ата-ананың қарым-қатынасын реттеу, эмоцианалдық жағдайды
түзету сынды мәселелерді шешуге арналған көмекші әдіс;
адамның көңіл-күйін көтеруге, өз науқасы туралы жаман
ойды бір сәт ұмыттыруға негізделген арнайы мақсатсыз әдіс;
өз бойына ерік жігерін, өз-өзіне деген сенімді,
белсенділікті тәрбиелейтін арнайы мақсатты әдіс;
бір ғана клиентке арналған индивидуалды әдіс;
топ мүшелерін қызығушылығы мен оқу дәрежесіне
байланысты бөлуді талап ететін топтық әдіс. Топ құрамында 5-8
клиент болады, топтық жұмыс кезінде оқуға арналған көлемі
жағынан шағын шығармалар оқылады. Пікірталас барысында
топтағы адамдардың бір-бірімен қандай қарым-қатынаста екенін,
олардың әдеби шығармаларды оқуға бейімділігі аңғарылады,
оқуға деген қызығушылық туады. Шығарма кейіпкерлерін
сипаттай отырып, олардың жасаған іс-әрекеттерін талдай
отырып, пациенттер өз
проблемаларымен қалай күресетіні жайлы
мағлұмат береді.
Библиотерапия - жанама диагностика әдісі. Библиотерапия
кезінде белгілі бір образдар мен сезімдерді, қажеттіліктер мен жақсы
90
нәтиже беруге бағытталған ойларды жақсырақ түсіну үшін оқу
күнделігін жүргізген жөн. Осылайша жан дүниенің тыныштығы мен
қоршаған ортамен үйлесімі қарқынды қалыпқа келеді.
Әдебиетті таңдау анағұрлым ыңғайлы болуы үшін психогенді
реакциялардың арнайы схемасы жасалды, ал оның негізінде
сәйкес шығармалар каталогтары шығарылды.
Достарыңызбен бөлісу: