II. Бөлім. Арт-терапия түрлеріне тоқталу. II.1. Шығармашылық тапсырма (коллаж). Музыка
терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі.
Көңілді музыка қосылады. Әр топқа ватман мен маркер,
бояулар, паралон бөліктері, сабын, майшам, щетка беріліп,
тапсырманың тақырыбы баяндалады. Тақырыбы: «Менің
бақытты балалық шағым». Берілетін уақыт музыка біткенше. Әр
топтың жұмысы қорғалады.
II.2. Сергіту сәті. «Африкадағы жаңбыр».
II.3. Ойын терапиясы мен қозғалмалы би терапиясына арналған ойын-жаттығу. Музыка әуенімен әр топ берілген кедергілерден би билей өту
арқылы, шарларды жару керек. Шар ішінде әр қатысушыға
арналған сыйлық бар. Шарды жара алмаған қатысушыға екінші
мүмкіндік беріліп, өз сыйлығын алуға болады.
III. Бөлім. Рефлексия Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған
әсерлерімен бөлісу.