Арт терапия түрлері


Баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды



бет3/3
Дата27.03.2023
өлшемі1,03 Mb.
#76478
1   2   3
Байланысты:
Айсана

Баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды;

Қуыршақ терапиясы

Қуыршақ терапиясы

Қуыршақ терапиясының мақсаты: бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару, психикалық саулығын нығайту, баланың әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру, өзіндік сана - сезімін дамыту және ұжымдық жұмыс барысында баланың кез - келген мәселелерді келісімді түрде шешу жолдарын қарастыру. Қуыршақ терапиясының әдісі: баламен жұмыс жүргізу барысында кез - келген кейіпкердің рөлін сомдау. Қуыршақ терапиясының түрі: қағаздан қиылған қуыршақтар.

Қағаздан қиылған қуыршақтерапиясы: Баланың біріншіден ұжымдық ортада өзін - өзі көрсете білу мүмкіндігін ашып, ортамен сырласуына септігін тигізсе, екіншіден логикалық және шығармашылық қабілетін аттырады.

Құм терапиясы

Құм терапиясы

Құм терапиясы — адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Құмдағы терапиясының қолданудағы мақсаты: 1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. 2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардың ұсақ моторикаларын дамыту. 3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым — қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру. 4. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік — логикалық ойлауды, көрнекі іс — әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс — әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу.

Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады.

Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенін сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді. Құммен ойын — балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.

Қорытынды

Қорытынды

Арт терапия арқылы баланың бойындағы қабілетті ашып, шағдауға болады. Ал шығармашылық қабілеттер баланың қиял байлығымен, ой өрісімен, айналаға деген көзқарасымен өзінін ішкі жан дүниесін көрсетуін сипаттайды. Демек бала шығармашылығын дамытуда арт терапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет