Spina bifida деп - омыртқа өзегінің толық жабылмай қалуын айтады. Жұлын және оның қабықтары мен түбіршіктері кеміс жерден шығып, жұлындық жарық пайда болады. Ақаудың айқындалу дәрежесіне байланысты мынадай анатомиялық түрлерін ажыратады:
миеломенингоцеле - жұлын қабықтары мен тіндердің бір бөлігі ғана шығады;
миелонистоцеле - жұлын қабықтары мен жұлынның өзі шығады;
Клиникалық белгілері. Қарап тексергенде домалақ пішінді, эластикалық консистенциялы ісік байқалады. Әдетте, бел аймағында орналасады. Оның үстіндегі тері жамылғысы жұқарған болады, флюктуация белгісі жиі анықталады. Егер жарықтың ішіне жұлын немесе оның нервтерінің түбіршіктері шықса, кіші жамбас астауының ағзалары мен аяқтардың қызметі бүзылады. Омыртқаның бітіспеген доғаларының аймағында әртүрлі патологиялық түзілістер дамуы мүмкін - қатты фиброзды жіпшелер, липомалар, фибромалар, гипертрихоз, терінің гиперпигментациясы, дермоидтар. Диагностикасында рентгенографиялық зерттерулер жүргізіледі.

Емі. Диагноз қойылғаннан кейін, бірден хирургиялық операция орындалады - жарық қапшығын кесіп алу, омыртқа доғасының ақауын шандыр-бұлшықет қиындысымен пластика жасау.