Ортан жіліктің туа біткен шығуы-Бұл ақау ортан жілік басының орналасу бұзылыстарымен сипатталады - ал өзінің орнынан ауытқиды және ұршық ойығынан тыс орналасады
Ортанжіліктің туа біткен шығуы-Бұл ақау ортан жілік басының орналасу бұзылыстарымен сипатталады - ал өзінің орнынан ауытқиды және ұршық ойығынан тыс орналасады.
Ортан жіліктің туа біткен шығуы-Бұл ақау ортан жілік басының орналасу бұзылыстарымен сипатталады - ал өзінің орнынан ауытқиды және ұршық ойығынан тыс орналасады.
Клиникалық белгілері. Ерекшеліктері жасына сай болады. Нәрестелерде ұршық буынында енжар қозғалыстар бұзылады, екі санындағы тері қатпарлары біртекті болмайды, зақымдалған аяғы аздап қысқарады.
1 жастан асқан балаларда «үйрек» жүрісі (екі жағы шыққанда) пайда болады, ал бір жақты шығуда - ақсаңдаушылық, аяқтың аздап қысқаруы, жамбастың деформациясы, зақымдалған санды сыртқа әкетудің шектелуі және ұршық буынының қозғалғыш болуы (салбырап қалуы) байқалады.
Диагностикасы.Диагноз клиникалық белгілерге және рентгенологиялық зерттеу әдістерінің қорытындысына сүйеніп қойылады.
Диагностикасы. Диагноз клиникалық белгілерге және рентгенологиялық зерттеу әдістерінің қорытындысына сүйеніп қойылады.
Емі. Ортан жіліктің басын орнына салып, аяққа иммобилизация жасайды - жасына және ақаудың айқындылық дәрежесіне байланысты жөргектеу, гипсті лонгеталар немесе ортопедиялық қүралдар пайдаланылады. Хирургиялықоперация 2 жастан асқаннан кейін орындалады, орнына түспейтін шығуларда - 1 жасқа толғанда жасау керек. Операцияның 3 түрі бар: буынішілік, буынсыртылық жэне біріктірілген операциялар.
Туа біткен аяқ ұшының маймақтығыбұл ақау аяқ ұшының тұрақты әкелу- бүгу контрактурасы болып табылады, ол аяқ ұшының жетілмеуінің салдарынан, ішкі және артқы бұлшықет топтары мен байламдардың қысқарып дамуының нәтижесінде пайда болады.
Туа біткен аяқ ұшының маймақтығы бұл ақау аяқ ұшының тұрақты әкелу- бүгу контрактурасы болып табылады, ол аяқ ұшының жетілмеуінің салдарынан, ішкі және артқы бұлшықет топтары мен байламдардың қысқарып дамуының нәтижесінде пайда болады.
Клиникалық белгілері.Аяқ ұшының мынадай деформациялары байқалады: эквинус (аяқ үшының табандық бүгілуі), супинация (аяқ ұшының ішкі бөлігінің көтеріңкі орналасуы, ал сыртқысының-төмен түсуі), аддукция (алдыңғы бөлігінің әкеліп орналасуы), тегістелген аяқ ұшы (табан күмбезінің тегістелуі), қуысты аяқ ұшы (табан күмбезінің ұлғайып, көтеріңкі тұруы). Бүл ақауда сирақтың бүлшықеттерінің семуге ұшырауы және сирақ-асық буынындағы қозғалыс- қимылдардың көлемінің шектелуі байқалады.