Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университеті
ОБӨЖ №5 Тақырыбы: Дикция. Педагогикалық әрекеттегі оның мәні. Педагог дикциясының негізгі кемшіліктері және оларды шешу жолдары.
Орындаған:Нұрлыбаева Көркем
Тобы: Увпмно-23
Ақтау-2023 Біз күнделікті өмірде жазғаннан гөрі, ауызша көп сөйлейміз. Соның ішінде мұғалімнің сөйлеу тілінің сапасына сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы кіреді. Дүние есігін ашқан жас бала сөз сөйлеуді, тыңдауды үлкендерден үйренеді. Балаға, оқушыға сөйлеп үйренуде қоршаған орта, яғни мұғалімдер, қоғамдық орындар, мектеп, балабақша, т.б. тікелей әсер етеді.
Ауызша сөйлеудегі дағдыланудың ең қажет сатысы – сөз. Сөйлеу тілі арқылы мұғалім оқушыға білім нәрін құйып немесе түрлі сөздермен оқушылардың санасын қалыптастыруға, таным деңгейін арттыруға, тіл арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйретеді.
Сөйлеу тілінсіз мұғалім – мұғалім емес. Сондықтан да мұғалімдер үшін сөйлеу тілінің ерекшеліктері, маңызы өте зор болып саналады. Адамға ауа қандай қажет болса, мұғалімдер үшін де сөйлеу тілі сондай қажет. Дей тұрғанмен, әр мұғалімнің өзіндік тіл ерекшеліктері, дауыс ырғағы, тәжірибесі, мимикалық іс-әрекеті де әртүрлі.
Мұғалімнің сөйлеу тілінің негіздері – ауызша сөйлеу мен жазбаша тіл. Сонымен қатар дауыс ырғағы, үні, дауыс күші, интонация, сөздердің дұрыс байланысып, сөйлемнің дұрыс құрастырылуы, анық естілуі, дұрыс сөйлеу, тіл тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлігі, ой тиянақтылығы жатады. Бұлардың қатарына мұғалімнің дикциясын, яғни дұрыс дыбыстап айтуын да жатқызамыз. Мұның барлығы да сөйлеу тілінің негізгі элементтері әрі сабақтың сапасын арттырушы қасиеттері болып табылады.
Кез-келген мұғалімнің сөйлеу тілінің деңгейі жоғары болуы үшін алдымен педагогтік әдеп пен ұстаздық шеберлік қажет. Болған немесе болатын оқиға, пікір-талас, ой қорытындысына байланысты мұғалімнің сөйлеу тілі де біркелкі, біржақты емес, әр қырлы болып отырады. Болашақ мұғалім оқу орнында жүргенде-ақ өзінің бойында ұстазға тән қасиеттерді қалыптастыра бастау керек.
Оқушылар қазіргі жаһандану заманында ғылым мен техника, қоғамның үздіксіз дамуын назардан тыс қалдырмайды, ал әрбір жаңалыққа құштар мұғалім сыныптағы ахуалға, тосын жағдайларға тез арада бейімделіп, шешімін тауып, әділ бағалап отыруы тиіс.