II ТАРАУ. КАПИТАЛ
2.1. Капитал туралы жалпы түсінік
Капитал – қанша ақша бизнеске салғаның емес, канша ақша пайда алғаның. Осының бәрін бағалау үшін математикалық сауаттылық және экономикалық ойлау қабілетің болу керек.
2.2 Қайтарым деңгейі мен табыс ағынды бағалау есебі
Пайда әкелетін зат капитал болса, онда құрылыс жабдықтармен ғимараттар, табиғат ресурстар, қаржы капиталдар да (құнды қағаздар, банктегі ақшалар т.б) капитал болып саналады.
Капиталдың басты ерекшелігі - пайыздық табыс әкелуге қабілетті болып табылады.
Мысал: «Жылдың қорытындысы бойынша компания 16 млн $ пайда көрді. Компанияның басқармасы шешім қабылдады : акционерлерге дивидентер төлеу үшін көрген пайданың 25% бөліп беруге шешті. Әрбір акциялар 1000 $ - ға бағаланатын 8000 акция акционерлерге тиесілі екендігі белгілі. Компанияның акционерлеріне әрбір акциясына қанша сома дивидент түседі?».
Шешімі: 16 млн *25 : 100 = 4млн – әрбір акционер алады; әрбір акциясынан 4 млн : 8000 = 500$ түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |